ҚР БҒМ ата-аналар алдында онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді
ҚР Білім және ғылым министрлігі облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен «1sabak.kz» («Ministerstvo» кабинеті) сайтында ата-аналар қоғамдастығының алдында онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді, деп ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды. Қоғамдық тыңдаулардың мақсаты - ата-аналардың өскелең ұрпақтың азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы рөлін белсендіру. Ашық баяндамаларды ұсынудың міндеттері - қоғамдық институттардың отбасы мен мектептің баланың жеке басын тәрбиелеудегі өзара ықпалдастығының негізгі стратегиялық бағыттарын шығару үшін күштерін біріктіру, ата-аналар қоғамдастығының республиканың білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелеу процесіндегі рөлін арттыру және білім беру мекемелерін басқару және білім бе…

