Мазмұнға өту

Жаңа

Белгілі «сырқаттарды» байқатпай емдеу

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағидатын қалыптастыру және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің  негізгі бағыттарын кеңінен жариялау мақсатында «Облыстық стоматологиялық балалар емханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес барысында қатысушылар 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен, Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстердегі өзгерістерімен таныстырылды, сонымен бірге 1494 Кеңесші орталығы туралы мәлімет берілді.

Семинар-кеңестің соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
382

«Бала құқығы»

2015 жылдың 3 қарашасында құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Орал қаласының №40 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала құқығы» ашық сабағы оздырылды.

Сабақтың ой-талқы бөлімінде қатысушылар «бала», «бала құқығы», «баланың міндеттері», «ата-ана» т.с.с. сөздер туралы түсініктерін айтты.

Қызықты болып «Жылдар сөйлейді», «Тәртіп және заң» мен «Жалғасын тап» кезеңдері болды. Өйткені оқушылар экранда шыққан сөздерді өз тәртібімен қойып, жартылай жасырылған мақал-мәтелдердің жалғасын жарыса айтты.

Іс-шарада оқушылар төмендегі талаптарды орындалуына жауапты екендерін ұғынды:

-         Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

-         Басқа адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға;

-         Табиғатты қорғауға;

-         Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға міндетті.

 

Шара соңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, заң нормаларын сақтау бойынша дәріс оқыды.

0
0
1353

«Бонд, Джеймс Бондтың» қазақстандық премьерасы

Астана қаласының Kinopark 7 IMAX Керуен (5 зал) кинотеатрларында алғаш рет қазақ тілінде ұсынылып отырған, британдық агент Джеймс Бонд жайындағы жиырма төртінші «007: Спектр» фильмінің алдын-ала көрсетілімі өтті.



0
0
487

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат FM толқынында

«Қазақстан РТРК» БҚОФ-мен қол қойылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспары аясында 2015 жылдың 4 қараша күні Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Н.Масимова радионың «Қазақстанның көкжиегі» бағдарламасы тыңдаушыларының алдында сөйледі.

Өз сөзінде В.Н.Масимова радио тыңдаушыларды Департаменттің қызметімен, соның ішінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің жұмысы туралы айтып, бұл орайда жаңа құрылған Агенттіктің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екендігіне назар аударылды. Одан әрі қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресін шоғырландыру, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптардың білім бағдарламасына қосылуы және БАҚ рөлі жөнінде айтылды.

В.Н.Масимова сұхбатының соңында радио тыңдаушыларды заң нормалары бойынша және сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болғанда Агенттіктің 1494 Кеңес орталығына қоңырау шалу арқылы кеңестер алуға болатындығы туралы ақпараттандырды.

 
0
0
500

Миланда мемлекеттердің ЭКСПО-2017-ге қатысуы туралы 11 келісімге қол қойылды

Ұлттық компания «Астана ЭКСПО-2017-ге» қатысу туралы 11 келісімге қол қойды, өздерінің қатысатынын 51 мемлекет, 11 халықаралық ұйым растады және 25 секция комиссарлары тағайындалды, деп компаниядан хабарлады.

Миланға жұмыс сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мен ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР сырты істер министрінің бірніші орынбасары Рәпіл Жошыбаев БАӘ, Сенегал, Серо-Леона мен Габонаның ұлттық секцияларының бас комиссарларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесу барысында тараптар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатыны туралы келісімге қол қойды. Халықаралық көрме бюросы бекіткен ережеге сәйкес шартта павильонды пайдалану ережелері, қатысу шарттары, сонымен қатар тараптардың құқығы мен міндеттері көрсетілген.

Бүгінде ұлттық компания «Астана ЭКСПО-2017-ге» қатысу туралы 11 келісімге қол қойды, өздерінің қатысатынын 51 мемлекет, 11 халықаралық ұйым  растады және 25 секция комиссарлары тағайындалды.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11033

 
1
0
315

А.Есімов: ЭКСПО-2017 аумағында 100 млрд теңгеге бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аумағында 100 млрд теңгеге бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Астанадағы VІ халықаралық инвестициялық форум барысында.

«Бүгінде көрме аумағында  5 инвестициялық форум 100 млрд теңгеге жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ЭКСПО-ның құрылыс алаңында 8 мыңға жуық адам жұмыс істеуде», – деді А. Есімов.

Бұған дейін компания өкілдерімен хабарланғандай, алдағы көрмеге қатысатынын 49 мемлекет растады.

«Жалпы, біз барлығы 100 мемлекет қатысады деп күтіп отырмыз. Мұның барлығы Астана қаласының әлемдік нарықтағы беделін арттыруға және туристік тартымдылығын нығайтуға септігін тигізетін болады», – деді А. Есімов.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11040

 
1
0
292

«Expo & Women» қозғалысы іскер әйелдерге арналған 4 байқауды жүзеге асыруды жоспарлауда

«Expo & Women» қозғалысы іскер әйелдерге арналған 4 байқауды жүзеге асыруды жоспарлауда.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Expo & Women» (халықаралық әйелдер ұйымы) президиумның төрайымы Салтанат Рахымбекова мәлім етті.

«Әлемдік қоғамдастық біздің түрлі бастамаларды Италия алаңында өткізуді қолдауға дайын. Біз кинофестивальді өткізуді ұйымдастырған кезде Италияның алдыңғы қатарлы режиссерлерімен кездесіп, экология, инновациялар мен «жасыл» технологиялар туралы әлеуметтік роликтер байқауын өткізу туралы келістік», – деді С. Рахымбекова.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда әлем елдері режиссерлері бізге осы тақырып бойынша өздерінің жұмыстарын жібере алады. Осы шара болашақ энергиясына негізделген «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбын алға жылжытуға қолдау болмақ.

«Бірінші байқау ұсынылған ЭКСПО белгісін басқаратын өндірістік кәсіпорындары бар әйелдер. Егер біз осы сынды компанияларды айтсақ, олар ЭКсПО серіктестігіне ұсынылатын болады. Екінші байқау – иновациялар стартапы. Өндірістік кәсіпорындары бар әйелдер олардың компаниясын қандай жағдай бәсекеге қабілетті қылатынын түсінгісі келеді. Біз сондай байқау жариялағымыз келеді. Үшінші  – қолөнер саласы бойынша. Қазақстандық егеменді өнім инновациялық қолданыста болуы керек. Төртінші – «Болашақтың энергиясы» сынды ауқымды жоба бар. Біз 1 желтоқсанға қарсы бұл байқаумен таныстырамыз», – деді ол.

Айта кетерлігі, байқаулар келер жылдан бастап жүзеге асады. 2016 жылдың соңында жеңімпаздар анықталады.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11044

 
1
0
421

Астанаға ЕХРО халықаралық көрме туы жеткізілді

Кеше Милан қаласында өткен салтанатты шара барысында көрме байрағы еліміздің ресми өкіліне тапсырылған болатын.

Енді Астана ресми түрде халықаралық ұйымдар мен алыс-жақын шетелге шақырту жібере алады. Сондай-ақ Миланда өткен халықаралық көрме барысында Қазақстан павильоны үздік үштіктен орын алды. «Тақырыпты аша білгені» үшін біздің елдің өкілдеріне арнайы кәдесый да табысталды.

Әнуарбек Мусин, Expo Milano 2015 көрмесіндегі ҚР ұлттық секциясының комиссары:

- Біз үшін бұл – тек қана ту емес. Бұл еліміздің даму мүмкіндігінің символы десем болады. Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында айтқандай, Қазақстан қазір «жасыл» технологияларды дамытуда көш бастауға дайын. Астанада өтетін ЕХРО тақырыбы «Болашақ энергиясы» екендігін ескерсек, көрме жоғары деңгейде өтуі тиіс.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11029

 
1
0
327

Астанада әлеуметтік мақсаттағы 20 жоба инвестицияны қажет етеді

Астанадағы «Astana Invest 2015» форумы барысында 60 жоба таныстырылды, оның 40 жобасы бойынша инвестиция керек және оның ішінде 20 әлеуметтік мақсаттағы жобалар, деп хабарлады Инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры Арай Тұрсынов «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.

Белгілі болғандай, VI халықаралық инвестициялық форум Астананың әкімшілігі мен Қазақстанның бизнес жобаларының қатысушылары және әлемдік нарық ойыншыларының  расында конструктивті диалог орнату үшін жүзеге асырылып отыр. Шараның басты міндеттерінің тізімінде – шетелдік инвесторларды тарту, өндірістік активтерді дамыту, жаңа жобалардың ашылуы. Форум аясында индустриялды парктер мен өндіріс аймақтарын насихаттайтын «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана EXPO-2017», «Заманауи қалалық көлік»  көрмелері өтіп, елорда кәсіпкерлерінің инвестициялық жобалары туралы ортақ стенд орнатылды.

А.Тұрсынов атап өткендей, жобаларға деген қызығушылық өте зор. Басты қызғушылық  – Инвесторларға қолдау көрсету орталығы қандай көмек көрсете алады және оның портфолиосында қандай жобалар бар.

«Инвестициялық жобаларға келетін болсақ, мұнда 60 жоба таныстырылды, оның 40 жобасы бойынша инвестиция керек және оның ішінде 20 әлеуметтік мақсаттағы жобалар. Көрмеде «Қазақстанда жасалынған»,  «Smart Астана» секциялары ұсынылды, онда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар таныстырылған. Ұсынылған 40 жобаның әлеуметтік мақсаттағы 20 жобасы – мектептер, ауруханалар мен балабақшалар. Осы жобаларға қатысты нақты инветорлар санаты бар, олармен келіссөздер жүргізілуде. Көрменің басты идеясы қайда инвестициялауға қажет екені жөнінде  кеңес беру», – деді А.Тұрсынов.

Оның айтуныша,  «Astana Invest» бұған дейінгі форумдарында әлеуметтік жобалар соншалықты кең көлемде таныстырылмады.

«Бұған дейін әлеуметтік жобалар мемлекеттік бюджет есебінен инвестицияланды. Қазір біз өзіміздің мемлекеттік мекемелерімізге шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу мәдениетін енгізгіміз келеді», – деп толықтырды ол.

Сонымен, инвестицияны қажет ететін әлеуметтік жобалардың бірі ретінде -  нашар көретін және мүлдем көрмейтіндер үшін жерүсті түйісу тақтайшалары мен  ғимарат ішінде бағдар білетін еден бетіндегі жолақтар өндірісі болды.

«Біздің бүгінді мақсаттарымыздың  бірі – аталмыш жобаны жүзеге асыру бойынша құрал жабдықтарды сатып алуға инвестор тарту. Бұл жобаны жүзеге асыруға шамамен 30 млн теңге керек», – деді «Қазақстан ҚұрылысӨнім»ЖШС атқарушы директоры Қанат Ділдабеков сұхбатында.

Жасақтаушылар жобаны әлемдік тәжірибе ретінде атап өте отырып  ЭКСПО-2017-ге іске қосуға ұмтылуда.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11051

 
1
0
524

Қазақстан Бас Прокурорының Ұлыбританияның құқық қорғау органдарының басшылығымен екіжақты кездесулері туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары барысында еліміздің Бас Прокуроры А. Дауылбаев Ұлыбританияның құқық қорғау органдарының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-bas-prokurorynyn-ulybritaniyanyn-kukyk-korgau-organdarynyn-basshylygymen

0
0
346