Астанада Жанқош, Қанат және Геннадийдің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтуі мүмкін
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровпен кездесіп, Алматыда өткен бокс кешіндегі жеңісімен құттықтады және министрлік атынан арнайы естелік сыйлық табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алматыда өткен айқаста ганалық Айсак Ариемен өткізген жекпе-жегіңде жергілікті жанкүйерлеріңе керемет көңіл күй сыйладың. Біз ел мерейін асырып жүрген сендер сияқты мықты спортшыларымызбен мақтанамыз», - деді министр. Сондай-ақ, кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Алда ЭКСПО келе жатыр. Осыған орай Астанда бір кәсіпқой бокс кешін өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыған дейін, Геннадий Головкин, Қанат Исламмен кездесіп, осы тақырыпта әңгіме өрбіткен болатынбыз. Бүгін сенімен де осы тақырыпта ақылдассақ деген оймен арнайы шақырдық», - деп ат…


