Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

Жасыл экономика. «Жасыл» технологияның жаңа мүмкіндіктері

Жер шарындағы қалалар үлесі 3 пайыз болғанымен ауаға таралатын парниктік газдардың 60-70 пайызы осы шаһарларға тиесілі екен.

Бүгінгі таңда өзекті болып отырған бұл мәселені шешу жолында әлем қалалары бар мүмкіндіктерді пайдалануда. Олар жасыл алқаптарды көбейту, технологияны үнемдейтін ресурстар мен қалдықтарды қайта өңдеу шаралары. Сондай-ақ «жасыл» құрылысты дамыту да соңғы уақытта қарқын алып келеді.

http://gbpp.org/kz/2015/12/13237

1
0
503

Алматыда 70 мыңнан астам натрийлі шамдар жарықдиодтты шамдарға алмастырылады

Алматыда көшені жарықтандыру жүйесі жаңғыртылады: 70 мыңнан астам натрийлі шамдар жарықдиодтты шамдарға алмастырылады. Жобаны ЕҚДБ мен «Жасыл экономика»арнайы қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылады.

2015 жылдың желтоқсан айында «Алатау Жарық Компаниясы»АҚ  («АЖК»АҚ) ЕҚДБ-мен жарықдиодтты шамдарды жобалау, орнату және жеткізу бойынша байқау өткізу туралы келісті. Келісім бойынша орнатылған қондырғыларға 5 жылға кепілдеме берілген, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Күтіліп отырғандай, жоба 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында жүзеге асырыла бастайды, ал 2017 жылы аяқталады.
http://gbpp.org/kz/2015/12/13246
1
0
396

«Астана EXPO-2017» ОҚО тауар өндірушілерімен 10 млрд теңгенің келісіміне қол қойды

«Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы оңтүстіктегі тауар өндірушілермен құны 10 миллиард теңге болатын келісімге қол қойды. Енді Оңтүстік Қазақстан және Жамбылдағы өндіріс орны көрменің құрылысына қажетті керамикалық плитадан бастап, қышқа дейін жеткізіп береді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құрылыста қажеттінің бәрін отандық өндірушілерден алуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті. EXPO-ны тамашалауға шеттен келетін қонақтарға бірінші кезекте жол көрсететін еріктілерді жасақтауға ерекше мән беріліп отыр. Дегенмен бірінші кезекте құрылыс материалдарын өндіруші жергілікті кәсіпкерлерге сапаға ерекше назар аудару керектігі де айтылды. Фарход Исматов, Кентау трансформатор зауытының маркетологы: - Қазіргі кезде EXPO-2017 құрылыс компанияларымен жақс…

1
0
421

Қазақстандық алғашқы электрмотоциклдің бағасы белгілі болды

Шымкентте қазақстандық инженерлер құрастырған алғашқы электрмотоцикл таныстырылды. Оның сатылымға шығатын бағасы 10 мың доллар болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне KARLSKRONA LC AB инжинирингтік компаниясының бас директоры Уәлихан Ахметов айтып берді. Ахметовтің айтуынша, қазір e-Moto электрімен қуатталатын қазақстандық мотоциклдің тұжырымдамалық үлгісі жасалған. Компания оны өндіріске келер жылы шығаруды жоспарлап отыр. Бұл мотоциклдер Шымкентте шығарылады. “Жүзеге асқан жағдайда оның құны шамамен 10 мың доллар болады, яғни 3-3,5 миллион теңге. Қуаттауға келсек, ол қарапайым 220 вольт қуат көзімен қуаттауға болады. Қуаттау үшін арнайы орын іздеп қажет емес”, – деді компанияның бас директоры. Оның айтуынша, толық қуаттауға 2-2,5 сағат уақыт кетеді. Бұл 200 шақырымға жетеді. Мотоцикл…

1
0
290

Н.Назарбаев: Қазақстан климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясының қорытынды құжатының қабылдануын құптайды

Ақорданың ресми сайты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының Парижде өткен 21-сессиясының қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесін жариялады. Қазақстан 2015 жылы 12 желтоқсанда Париж қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптарының 21-конференциясының қорытынды құжатының қабылдануын құптайды. БҰҰ-ға мүше 196 мемлекеттің делегаттары ауқымды жұмыс атқарды және қазіргі заманғы қауіптер мен сын-қатерлер алдындағы бірлігін тағы да көрсетті. Біз БҰҰ-ның осы көпжылдық күрделі келіссөздер үдерісіне қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Жаһандық климаттың өзгеруі мәселелерін шешу орнықты дамуды қамтамасыз етудің, кедейшілікті еңсерудің және әлемнің барлық елдерінің әлеу…

1
0
428

Австрия EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын растады

60 мемлекет және 13 халықаралық ұйым Астана EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады.

Австрия EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын растады. Бұл халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын растаған осымен 60-шы мемлекет. Мұндай шешім Австрия Үкіметінің бірлескен отырысында қабылданып, нәтижесінде Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне Австрия Республикасы ресми нота жолдады. Осылайша, бүгінгі таңда 60 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым «Астана EXPO-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми нақтылады.

http://gbpp.org/kz/2015/12/13053

1
0
342