Қазақстанның банктері мен айырбастау пункттерінде долларды сату бағасы 300-301 теңгеге дейін өсті
Астана және Алматы қалаларының банктері мен айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт өсті.Валюталар бағамына мониторингі жүргізіп отырған kurs.kz сайтының мәліметтерінше, Қазақстанның қалаларындағы айырбастау пункттерінде, Алматының айырбастау орындарында долларды 288,5 теңгеден сатып алып, 290-300 теңгеден сатып жатыр.

Центркредит банкінде долларды (банктің ресми сайтының ақпараты бойынша) 301 теңгеге сатып алуды ұсынады.
Қазкоммерцбанкте долларды сатып алу 299 теңге, сату - 301 теңге.
Қазақстанның Халық банкінде долларды 300,49 теңгеге сатып алуға болады.
ҚазАқпарат
