Мәңгілік ел – жастар бағыты
Бүгін 5 қараша күні Жастарға қызмет көрсету орталығында панельдік пікірталас өтті. Жетекші мамандар, қоғам өкілдері мен жас көшбасшылар жастарға «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі мәнін түсіндірді.
Көпшілік білетіндей, «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамындағы» 85 және 89 қадамдар «Мәіңгілік Ел» идеясына арналған. Идеяның кеңейтілген нұсқасын Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы» 2012 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан халқына жолдауында жариялады.
Сөз сөйлеушілердің қызметтік саласы әртүрлі болғанымен, оларды еліміздің жарқын болашағына қосатын жастардың үлесі сынды үлкен бағыт біріктірді.
