Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан мен Франция техникалық газ өндіретін бірлескен кәсіпорын ашады

Техникалық газдарды шығарудың қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнын құру туралы акционерлік келісіміне 2015 жылы 5 қарашада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде қол қойылды, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Жоба бойынша серіктес болып «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – «ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ және өнекәсіптік газ жеткізу саласының әлемдік лидері француз компаниясы «Air Liguide» қатысады. Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның президенті Сауат Мыңбаев және «Air Liguide» компаниясының Бас директоры Кристоф Шалье қол қойды.

Келісім бойынша аутсорсингқа Атырау МӨЗ-інде, Павлодар және Шымкенттегі сутегін, азот және басқа да техникалық газдарды өндіретін қондырғыларды, қондырғыларды басқару мен қолдану, сонымен қатар аутсорсингтің талаптарына сәйкес техникалық газ өндіретін техникалық қуаттардың құрылысын шығару қарастырылған.

Жобаның орындалу барысында француздық серіктестердің ноу-хау трансфертін енгізу қарастырылған, олар техникалық газдарды өндіру саласында, «жасыл экономика» принципін ұстануды, өндірістік процесте энергия тиімділігін арттыру сияқты әлемнің ең тиімді тәжірибесін қолданады. «Air Liguide» компанисының мұнай өңдеу салалық географиясына 80 ел, атмосфералық газдар бойынша 410 қондырғы, сутегі мен сингаз өндіру бойынша 80 қондырғы енеді.

Қазақстанда аутсорсингқа бейінді емес активтер мен ұлттық компаниялардың қосалқы өндірістерін шығару мәселесі мемлекеттік деңгейде қарастырылады. ҚР Президенті ұлттық компанияларда негізгі қызмет пен активтердің бағасын ұлғайту арқылы менеджментті шоғырландыруды бірнеше рет атап өткен. Қазақстан тарапы француз мамандарының қатысуы нәтижесінде МӨЗ-дердің қажеттілігі үшін техникалық газдардың өндіріске енгізілуі тиімділіктің өсуін, сенімділік пен икемділік әкеледі деп күтуде.

Француз тарапы БӨ құру мақсатын алдын ала техникалық-экономикалық анализдеу жобасына белсенді атсалысты.

2014 жылы желтоқсандағы Франция президенті Ф.Орланданың Астанаға сапары кезінде Өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойылғаннан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ -«ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ мен француздың «Air Liguide» компаниясының бірлескен жұмыс тобы құрылып, осы топ аясында тараптар БӨ құру үшін қажетті құжаттарды дайындады.

Аутсорсинг талаптары бойынша азот пен сутегін жеткізу 2016 жылға жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі

 

0
0
376

«Орта және шағын бизнес жүргізу және мемлекеттік сатып алу барысында орын алған құқық бұзушылықтар» тақырыбында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті  жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде орта және шағын бизнес жүргізу және мемлекеттік сатып алу барысында  орын  алған құқық бұзушылықтар туралы әңгіме қозғалды.

Департаменттің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Матиева «Орта және шағын бизнес жүргізу үшін кедергілер және орын алған құқық бұзушылықтар туралы» баяндамасында Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлікке қолдау көрсету болып табылатындығын және бұл бағытта бірқатар іс шаралар атқарып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, орын алған қылмыстардың көбісі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылық назарына жеткізілсе де, өкінішке орай бұл бағыттағы қылмыстар толастамауда екендігін жеткізді.

Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Қ.Сапарбеков «Мемлекеттік сатып алуға қатысты Тәртіптік кеңес отырысында қаралған тәртіптік істер туралы» баяндамасында Тәртіптік кеңеспен ағымдағы жылдың 10 айында қаралған 101 тәртіптік істердің 32-сі ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарының бұзылуы бойынша қозғалғандығын, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін қозғалған тәртіптік істердің басым бөлігі, конкурс комиссиясы тарапынан конкурсқа негізсіз жіберу, кәсіпкерлерді негізсіз шеттету және басқа да деректер бойынша екендігін атап кетті.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша – Департаменттің ақпараттық-техникалық бөлімінің басшысы С.Тутеев «2015 жылдың 10 айы бойынша облыс көлеміндегі мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу конкурстарына жүргізілген мониторинг нәтижесі» баяндамасында Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың веб-порталында жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурстарына мониторинг жүргізу барысында бюджеттік қаржыларды үнемдеудің орнына, керісінше, тиімсіз пайдалануына жол берілгендігі, конкурс арқылы сатып алынатын тауарлардың нарықтық құнын сараптамайтындығы, оларға негізсіз жоғары баға қойып, бюджеттік қаражатты тиімсіз жұмсалуына ықпал жасайтындығын айта келе, ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 115 ұсыным хаттар жолданып, 213,7 млн.тенге бюджет қаржысының тиімсіз пайдаланылуына жол берілмегендігін жеткізді.

Баяндамалар мазмұны бойынша Кеңес мүшелері тарапынан  қойылған сұрақтарға Департамент қызметкерлері нақты және тұшымды жауаптар берді.

0
0
544

Ақтөбе облысында көкөніс қоймасы мен етті қайта өңдеу кешені іске қосылады — ҚазАгро

Ақтөбе облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен екі ірі өнеркәсіптік жоба – көкөніс қоймасы мен етті қайта өңдеу кешені іске қосылуда, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.

Бүгінгі таңда, орын алған экономикалық жағдайда шетелдік азық-түлік импортын отандық азық-түлікпен алмастыру мәселесі өткір тұр. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қызметі Қазақстанның ірі қалаларының төңірегінде азық-түлік белдеуін нығайтуға бағытталған.

Атап айтқанда, бүгінгі таңда компания «Анди», «Айс», «Молочные истории» сүт фермалары сияқты өнеркәсіптік объектілерді, шетел селекциясының ірі қара малдары бар «Актеп» мал бордақылау алаңын,  «Изет Грин Хаус» жылыжай кешенін және аймақтық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған басқа да ірі жобаларды іске қосқан. Қазіргі уақытта тағы да бірнеше ірі өнеркәсіптік объектілердің іске қосылуы жоспарланып отыр.

Дәлдеп айтсақ, бір мезеттік сақтау қуаты 3000 тонналық «СХФ Пригородный» ЖШС көкөніс қоймасы. Бұл жобаның іске қосылуы маусымаралық кезеңде аймақ тұрғындарын жаңа піскен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады. Жобаның құны 410 млн. теңгеге жуық, оның 80% - «ҚазАгроҚаржы» АҚ ортақ қаржыландыруы.

«Жоба «Көкөніс қоймаларының желісін құру»  инвестициялық бағытының шеңберінде қаржыландырылды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаражатына Голландия өндірісінің қазіргі заман қойма жабдығы мен желдету жабдығы сатылып алынған. Қазір көкөніс қоймасы көкөніс өнімдерін салуға толығымен әзір. Жаңа жылға жақынырақ барлық дүние жүзілік стандарттар бойынша сақталған өнімдер бағаны төмендету үшін аймақтың азық-түлік нарықтарына түсетін болады», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, аймақтағы ең ірі, қуаты жылына 7200 тонна ет өнімдерін өндіретін «Молочные истории» ЖШС етті қайта өңдеу кешенінің іске қосылуы жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 2 291,3 млн.теңге. Оның 70% - «ҚазАгроҚаржы» компаниясының ортақ қаржыландыруы.

Қайта өңдеуге арналған ет өнімдері зауытқа тікелей етті қайта өңдеу кешенінің жанында орналасқан, мал асырау стандарттары, сондай-ақ мал союдың халықаралық нормалары ескерілген 10 000 бас ІҚМ арналған аймақтағы ең ірі «Актеп» бордақылау алаңына жеткізілетін болады.

Бұл кәсіпорын өзінің ет өнімдері өндірісінің тұйықталған циклімен қамтамасыз ететінін мақтаныш ете алады. Қарапайым тілмен айтқанда, бордақылау алаңы, сойыс орыны және етті қайта өңдеу кешені бір аумақта орналасқан ауыл шаруашылығы кластері болып саналады, демек малды алыс жерге тасымалдаудың, күйзеліске және сыртқы әсерлерге ұшыратудың қажеті жоқ. Шаруашылықтың жоспары - аймақ пен ел тұрғындарын жас ет өнімдерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар шекарамен шектес елдерге де экспорттық ет жеткізілімінің көлемін ұлғайту.

Жалпы осы жылдың басынан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингінің АӨК қаржыландыруының жалпы көлемі 205,2 млрд. теңгені құрады. Осы соманың АӨК субъектілерін несиелеуге холдингпен 168,2 млрд. теңгесі, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға - 36,99 млрд. теңгесі бағытталды.

Ақпарат көзі

 

0
0
771

Н.Назарбаев бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде ЮНЕСКО-ның әлеуетін кеңінен пайдалану қажеттігін атап өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде ЮНЕСКО-ның алатын орны айрықша екенін атап өтті.

«Қазақстан негізгі басымдығы Біріккен Ұлттар ұйымының орнықты даму мақсатының маңызды бағыты болып саналатын ЮНЕСКО-ның қызметін толық қолдайды,» – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті өзі осы мінберден 20 жыл бұрын баяндаған мақсат-міндеттердің бәріне, сондай-ақ БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарына  біздің ел қол жеткізгенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық, мәдениетаралық, дінаралық негізде өркениеттердің күйреуі мен қақтығысы ушығып кеткеніне арнайы тоқталды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының мерейтойлық 70-ші  сессиясында өткен дебаттар әлем дамуының жаңа парадигмасын әзірлеу қажеттігін дәлелдеп берді. Қазақстанның халықаралық бастамалары осы маңызды міндетті орындауға бағытталған. Біз «Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045» жоспарын ұсынамыз. Оның мәнісі –  соғыстар мен қақтығыстардың түпкі себептеріне жол бермейтін бүкіләлемдік даму стратегиясын жасау», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазіргі әлемнің мақсаты ядролық қарусыз әлемді орнықтыру екенін, сол үшін БҰҰ Ядролық қарудан ада әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларация қабылдауды ұсынатынын айтты.

«2016 жылы менің Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойғаныма 25 жыл толады. Бұл әлем қоғамдастығының ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу жолында күш жұмылдыруы үшін маңызды себеп бола алады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы терроризм мен діни экстремизмге қарсы біртұтас халықаралық майдан ашу мәселесіне де тоқталды.

«Әлемдік өркениеттер мен негізгі діндердің бесігі болған ежелгі Месопотамия жері бүгінде аяусыз бүлініп, тонауға түсті.  «Ислам мемлекеті» деген атты жамылғандар Таяу Шығыстың бірегей тарихи-мәдени мұрасына орны толмас зиян келтіруде. Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін батыл айыптайды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әрекеттің әлемдік бірыңғай желісін құруды ұсынамыз», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның ЮНЕСКО-ға біздің ел бастамашылық еткен 2013-2022 жылдарға арналған мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығын жүзеге асыру ісі бойынша қолдау көрсетіп отырғаны туралы да айтып берді.

Соңында Қазақстан Президенті еліміздегі білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаларға және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысына тоқталып, барша делегаттарды осы көрмені келіп көруге шақырды.

Ақпарат көзі

 

0
0
439

Рамазан Стамғазиев: Дәстүрлі классикалық өнерге қызығушылық жоғары

Әншінің орындауындағы Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Астанада «Шабыт» ХVІІІ Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі өтуде. Биылғы фестиваль бес аталымды құрайды. Олар: «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Спорттық сәнді би».

Осы сайысқа қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері,  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы  дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының меңгерушісі, доценті Рамазан Стамғазиев бүгін «Таңшолпанда» қонақта.

«Фестивальде халық музыкасы аталымы бойынша алғашқы жылдары жиырма шақты ғана үміткер қатысса, бүгінде домбырасын арқалап келген 50-ге жуық қатысушы бар. Негізі осындай конкурстар болмаса, соңымыздан ерген ұрпақтың қандай екенін білмей қаламыз. Байқауға келген жас өрендерге қарап, көңіліміз толып отыр. Өйткені, әрқайсысының арнайы музыкалық білімі бар».

Бүгінде дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып отырған әнші: «Әр оқу жылы басталған кезде бұл бағытқа деген қызығушылықтың барын байқауға болады. Себебі, үкіметтің бөлген бес орнына 25 бала келіп, бақ сынайды.

Дәстүрлі классикалық өнерге қызығушылық жоғары. Оның бір себебі, биыл әнмен бірге жетіген, қылқобыз, сыбызғы мамандығы бойынша класстар аштық. Консерваториямызда қаншама оқу орындары, «Шабыт» университетінде бірнеше мектеп бар. Сондай-ақ, айтыс саласы да дамып жатыр. Домбырасын, қылқобызын құшақтап жүрген жастарды көріп, болашақ барына сенесің»,-дейді.

Әншінің орындауындағы Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.


0
0
723

Нұрмағанбет Нүрпейісов: Инновация қолжетімсіз дүние емес

Кәсіпкер бүгінде әйнекке түрлі сурет орналастырып, оны 3D қалыпта халыққа ұсынып отыр.

Бір кездері Нұрмағанбет Нүрпейісовтің  денсаулығы сыр беріп, жарымжан атануға сәл-ақ қалған болатын. Бірақ, өзгелерге мұқтаж болуды қаламаған ол ауруымен күресіп, жеңіп шықты. Қазіргі таңда өндірісі оңға басқан кәсіпкер.

«Алғашында халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бастадық. Яғни, шаштараз сынды кішігірім бизнестер болды. Бірақ, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда,  мемлекетке ешқандай пайда тигізбеді. Егер нарықта бар кәсіппен айналыссаң, жаңалық ашуың екіталай. Ал, инновациялық жоба бұл тың бағыт. Бірақ, өзіндік қиыншылығы бар. Ойлап табу мен айналымға енгізу  қиын шаруа»,-дейді кәсіпкер.

Ол уақыт өте келе өндірістік компания құрды. Бастапқыда әйнекке түрлі сурет орналастырып, оны 3D қалыпта ұсынғанымен халықтың өнімге деген сұранысы бәсең болды.

Көп ұзамай тауардың сапасы мен ерекшелігіне қарай тапсырыстың ауқымы ұлғайды. Тіпті, жұмысқа тартылған адам саны мен техника уақытында өтей алмағаны рас. Қазір бизнес қарыштап дамып келеді.

Халықтың сұранысына қарай, тапсырысты орындау жүйелі жолға қойылған. Техниканы да шетелден алдырудың қажеті болмады. Нұрмағанбет Нүрпейісов жаңа тауарын өзі жасаған құрылғылармен шығаруды жөн көрді.

«Инновация деген қолжетімсіз дүние емес, оны дұрыс қабылдағанымыз жөн»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.


1
0
596

2022 жылғы Әлем чемпионатында Катар билігі жанкүйерлерге жаңаша дүние ұсынбақ

Лусаил қаласы Әлем чемпионатының бірнеше ойындарын қабылдайды.

Катар билігінің басты мақсаты – кез келген дүниені сапалы етіп салу. Ал, олар тұрғызған спорттық нысандар әлі де әлемді таң қалдыруда. 2006 жылы Азия ойындарын өте жоғары дейгейде өткізді. «Aspire Academy» спорт академиясы соңғы технологиямен жабдықталған. Болашақ чемпиондар осы жерден түлеп ұшады.

Футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатына арналған қалашықтың құрылысы әлі басталған жоқ. Катар билігі жанкүйерлерге жаңаша дүние ұсынбақ. Ал, оған кететін бюджет шамамен 45 миллиард долларды құрайды деп күтілуде.

Лусаил қаласы футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатының салтанатты ашылуын және финалдық ойынды қабылдайды. Бұл шаһар 2019 жылға қарай шөл далаға салынбақшы. Парсы шығанағының бойында орналасатын қаланың аумағы 35 мың шаршы шақырым. Құрылысқа 20 мың құрылысшы тартылады.

Әлем чемпионатының ойындары аяқталған соң қаланың бірнеше ауданы ақылы болады. Өйткені, мұнда кемелерге арналған орындар, жоғары сападағы қонақүйлер, зообақ, гольф алаңдары және 250 мың адамға арналған тұрғын үй кешені салынады.

Лусаилдегі стадион 86 мың жанкүйерге лайықталған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

 
0
0
226

«Көсемсөздің көсемі» атты кітап жарық көрді

Кітап Алаш қайраткері Халел Досмұхаметов туралы.

Ел тағдыры таразыға түскен уақытта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхаметовтер бастаған қайраткерлер қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлт мүддесі жолында аянып қалмады.

Олардың асыл мұраты мен атқарған істерін ұрпақтың жадына сіңіру, Алаш идеясын насихаттау ғасырдан-ғасырға жалғасуы тиіс. Таяуда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Алаш қайраткері Халел Досмұхаметов туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Авторы – филология ғылымдарының кандидаты Аманқос Мектептегі.

«Жалпы, Алаш ардақтылары ақталған жылдан бастап, мақсаты – Алаш  қайраткерлері туралы тың деректерді жұртқа жариялау болды. Кезінде Омбы, Петербор, Мәскеу, Қазан қалаларындағы мұрағаттарды, Қазақстандағы мұрағаттарды түгел аралап, мол дерек жинаған. Сол деректердің бір парасын Х.Досмұхаметовтың публицистикасы арқылы монография түрінде шығарды»,-дейді журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы.

«Көсемсөздің көсемі» деп аталған кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қайраткердің саяси-қоғамдық көзқарасының қалыптасуы, қазақ демократиялық баспасөзі негізінің қалануы және Халел Досмұхаметовтің публицистикасы туралы баяндалса, екінші бөлімге көсемсөз шеберінің мақалалары жинақталған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.


0
0
747

ЭКСПО Халықаралық көрмесінің туы Астанаға жеткізілді

Италиядағы «EXPO MILANO-2015» Халықаралық көрмесінің ресми жабылу салтанатында ЭКСПО-ның туы ресми түрде Қазақстанға табысталды.

Туды ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес пен ЭКСПО-2015 Бас Комиссары Бруно Паскуинодан «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 Комиссары Рәпіл Жошыбаев қабылдап алды.

Миландағы «ЭКСПО-2015» Халықаралық көрмесіне 21 миллионға тарта адам қатысты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның ұлттық павильоны «Тақырып пен контентті үздік ашу» номинациясында үздік үштікке ілінген болатын.

Естеріңізге саламыз, 2017 жылы ЭКСПО Халықаралық көрмесі Қазақстан астанасында өтеді. Бұл 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрмелер бюросының 152-Бас Ассамблеясында ХКБ-ға мүше 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі арқылы шешілді. Астананы қолдап, 103 мемлекет дауыс берді.

Шараны Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырады.

Көрмеге 100-ден аса мемлекет, 10 артық халықаралық беделді ұйым мен инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы компания қатысады деп күтілуде.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11130

 
1
0
419

Қазақстан техникалық суды тазарту бойынша Италия тәжірибесін игеруде

Қазақстан техникалық суды тазарту бойынша Италия тәжірибесін игеруде, деді «EXPO&WOMЕN» Инновациялыр және «жасыл» технологиялар комитетінің төрағасы Татьяна Немцан ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Болашақтың энергеиясы: әйел, бизнес, жаһандық экономика» іскер әйелдер форумының қорытындысы бойынша өткен брифингте.

«Біздің  делегацияның негізгі міндетінің бірі «жасыл «технология саласындағы алдыңғы технологияларды зерттеу. Италия ЕО елі ретінде халықаралық аренада ауқымды жұмыс атқарды, олардың үздік технологиялары мен тәжірибесін өзімізге алып, зерттеп көрсек өте қызықты болар еді», – деді Т.Немцан.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін техникалық суды тазарту бойынша Италия тәжірибесін қолданбақ.

«Біз үшін аз уақыттың ішінде техникалық судан ауыз су жасайтын компанияның жұмысы өте қызықты болды. Егер бұл қолжетімді, ыңғайлы қондырғы болса, оны аудандарда қолдану өте тиімді болар еді», – деді ол.

Айта кетейік, Италияда 2015 жылдың 19-26 қарашасы аралығында «Болашақтың энергеиясы: әйел, бизнес, жаһандық экономика» форумы өтті, шараны «EXPO&WOMEN» әйелдер ұйымы ұйымдастырды.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11113

 
1
0
324