Мазмұнға өту

Жаңа

Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)

Ертең, 2 маусымда, ғарыш  айлағын, қаланы қамтитын «Байқоңыр» ғарыш кешеніне 61 жыл толады. Қала және ғарыш айлағы күні - жергілікті тұрғындардың басты мерекелерінің бірі.

Дәстүрлі түрде мерекелік күн еске алу жиынынан басталады. 2 маусым таңертең Байқоңыр тұрғындары мен қонақтары С.П Королев ескерткішіне және қаза тапқан ғарышқа алғаш ұшқан ұшқыштар мемориалына гүл шоқтарын қояды.

Қалалық әкімшілік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырдың 61 жылдығы қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылады. Қалалықтар үшін   өмір қиындығына тап болған кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімдерге арналған «Викинг» фитнес-клубы ашылды. Әлеуметтік пәтерлер кілті табыс етіледі.

Мереке құрметіне қалалық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, арты мерекелік концертке ұласады. Салтанатты жиында «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағын беру рәсімі өтеді.

Қаланың Қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің шешімімен ұсынылған алты кандидатураның ішінен екі адам осы атаққа лайық деп танылды, деп атап өтті қалалық әкімшілік баспасөз қызметі.

Байқоңырдың туған күнін мерекелеу сенбі, 4 маусымда өтеді. Бұл күні қалалық мәдениет және демалыс сарайында Қала күні мен Балаларды қорғау күніне арналған мәдени-бұқаралық шаралар өтеді.

 
0
0
771

Бала деген бір бақыт..

Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата - ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімді періштелер сендерсің

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні.Мерекеге орай Павлодар облысының полиция қызметкерлері  балаларға көңілді мереке ұйымдастырды. Жаңа футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімін бүгінгі мереке иелеріне тапсырылды. Балалар үйінің тәрбиенушілерін және азқамтылған отбасы балаларына спорттық сыйлықтар ұсынды.

«Ертіс» футбол командасының ойыншылары фристайл бойынша мастер кластарын көрсетіп, Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілерімен футболдан бақ сынады.

Футбол ойынынан соң қару-жарақтардан құралған көрме көрсетілді. Бірақ, балаларға көрмеден гөрі ұсынылған тәттілер қызығырақ болды. Облысымыздың полиция қызметкерлері  бұл мерекені ерекше өтуіне  үлестерін қосты.

1
0
5165

Кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуы

2016 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында (Бұдан әрі – әкім ппараты) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Шараның модераторы – әкім аппаратының басшысы Е.Ш. Тушанов. Семинар-кеңестің жұмысына әкім аппаратының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және  азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жас мемлекеттік қызметшілерді «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы ЖҚБ жұмысына қатысу барысында сыбайлас жемқұорлыққа қарсы іс-қимылға тарту арқылы  жүзеге асыру мәселелері, сонымен қатар,  Этикалық кодекстің негізгі бағыттары  талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Семинар-кеңес сындарлы сұхбат-әңгіме түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған  іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Семинар-кеңеске 50-ден астам адам қатысты.

0
0
295

Жамбыл облыстық сотының судьялары журналистерді Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің жұмысы туралы ақпараттандырды

Орталық коммуникациялар қызметінің Жамбыл филиалында өкен брифингте облыстық соттың судьялары журналистерді Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің жұмысы туралы ақпараттандырды.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаеваның ақпараты бойынша 2016 жылдың 4 айында Жамбыл облысы соттары медиациялық рәсімдерді қолдана отырып, 286 азаматтық іс (3,0%): 51 қылмыстық іс (11,5%) және 48 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (9,5%) қаралған, 3 азаматтық іс бойынша партисипитивтік келісім бекітілген.

2015 жылы облыс соттары медиатордың қатысуымен 467 азаматтық және 104 қылмыстық іс қаралған.

Судьялар әкімшілік жанындағы медиация кабинеттерінің құрылуына жәрдемдескен, онда тұрғындар тұрғылықты жерінен шықпай-ақ дауларын шешіп, татуласуға жету үшін медиаторлардың көмегіне жүгіне алады. Осылайша, Сарысу, Мойынқұм, Меркі, Жамбыл, Шу, Жуалы, Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарында, сондай-ақ Тараз қаласындағы Достық үйінде аудандық әкімдіктермен бірлесіп, медиаторларға арналған кабинеттер ашылған. Қордай және Талас аудандарында медиация кабинеттерін ашу бағытында жұмыс жалғастырылуда.

Сотқа дейінгі дау-дамайды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдану саласын кеңейту, тергеу сияқты тұрғындардың арасында дауласу деңгейін төмендету мақсатында Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының арасында татуластыру рәсімдерін жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бекіту жоспарлануда.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Ләззат Рамазанованың ақпараты бойынша Соттармен өзара іс-қимыл кеңесі судьялар лауазымына үміткерлердің моральдық болмысына баға беру үшін Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын жүзеге асыру аясында құрылған. Судьялардың айтуы бойынша, облыстық сотта ағымдағы жылдың 13 мамырындағы Жамбыл облыстық сотының жалпы отырысында Соттармен өзара іс-қимыл кеңесі мүшелерінің құрамы бекітілген. Оның құрамы отставкадағы судьялардан, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінен тұрады.

Брифинг барысында журналистер спикерлерге қылмыстық процестегі медиацияның қолданылуы, Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің мақсат-міндеттері, алқабилер институтының жұмысына қатысты өз сұрақтарын қойды.

Қайнар:
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі
 
0
0
441

Suraq.kz — сұрақ пен жауап сервисі

Сәлем!

Қазақ тіліндегі контент көлемін арттыру үшін біз қазақ тіліндегі Suraq.kz атты сұрақ пен жауап сервисін ашуды жөн көрдік.

Бұл сайттың пайдаланушыларын ынталандыру үшін біз сыйлық жүйесін енгіземіз. 1-ші маусымнан бастап ең белсенді және жақсы жазатын Suraq.kz қолданушылары мобильді бірліктермен марапатталады.

  • 5 000 бірлік: ай соңында 1-ші орында болатын пайдаланушыға;
  • 3 000 бірлік: ай соңында 2-ші орында болатын пайдаланушыға;
  • 2 000 бірлік: ай соңында 3-ші орында болатын пайдаланушыға;
  • 1 000 бірлік: ай соңында рейтингте 4-10 орындарда болатын пайдаланушыларға.

«Топ-10» 31 маусымда бекітіледі. Осы уақытқа дейін сіздер блог-тұғырымыздан сыйлық алу үшін, Suraq.kz сайтындағы аккаунтыңыздың танымалдылығын жақсарта аласыз. Бәсекелестік жоғары болатындықтан, белсенді болуға кеңес беремін! Ж)

Бұл қызық күресте барлықтарына табыс тілеймін!

Сіздің eBek, Yvi.kz блог-тұғырының даму директоры

P.S. Ережелер, сайыс механикасы мен сыйлық алу шарттары жайлы осы жерде оқуға болады.

 

-1
1
1199

Ішкі істер органдарының зейнеткері Ғалымжан Ахметовті еске алу құрметіне арналған турнир өтті

2016 жылдың 28 мамырында ішкі істер органдарының зейнеткері, отставкадағы полиция полковнигі  Ахметов Ғалымжан Ахметұлын еске алу құрметіне «Динамо» спорт кешенінде шағын футбол мен волейболдан турнир өткізілді.

Ахметов Ғалымжан Ахметұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1952 жылдың  16 қарашасында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылдың маусым айында Қызылорда облысы ІІБ социалистік меншікті жымқырумен күрес бөлімінің ұйымдастырушылық-әдістемелік тобының инспекторы лауазымынан бастаған. Өзінің адалдығының, өз ісіне деген жауапкершілігінің арқасында әр жылдары жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары лауазымына дейін көтеріледі. 2005 жылдың қаңтар айында ІІО қатарынан полковник шенінде құрметті еңбек демалысына шықты. Қызметтік міндетін мінсіз атқарғаны үшін бірнеше мәрте ҚР ІІМ-нің омыраулық белгілерімен, Қызылорда ОІІБ-нің құрмет грамоталарымен марапатталған Ғалымжан Ахметұлы  2014 жылдың 6 маусымында 62 жасқа қараған шағында өмірден  озды.

Осындай арда азаматтың құрметіне арналған турнир биыл екінші рет жалауын көтерді. Аталмыш турнирге құқық қорғау органдары, күш және басқа да арнайы құрылымдары  қызметкерлерінен құралған 16 команда, барлығы 160 қатысушы қатысты.

Спорттық бәсекелердің қорытындысы бойынша шағын футболдан І орынды Қызылорда облысы ішкі істер департаменті құрамасы иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды ҚР ІІМ-нің ҰҰ № 5547 бөлімі мен ҚР ҰҚК-нің шекара қызметінің 2019 әскери бөлімі құрамалары бөлісті.

Ал волейболдан І орынды Қызылорда ОІІД- 1 команда құрамасы қанжығасына байласа, Облыстық ішкі істер департаментінің 2-ші команда құрамасы ІІ орынға, Төтенше жағдайлар департаменті құрамасы ІІІ орынға табан тіреді.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар жарыс кубогымен, дипломдармен марапатталып, естелік ретінде бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
564

Құқық қорғау және денсаулық сақтау саласының мамандарына жаңа Заң түсіндірілді

Ағымдағы жылғы 31 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаментінің мамандары СҚО Ішкі істер департаментінің жеке құрамына және Медициналық қызметке ақы төлеу және медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктері бар құқық қорғау қызметін өткеріп жүрген мемлекеттiк қызметшiлерге «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңын түсіндіру болып табылды.

Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкерлері баяндамалар барысында қатысушыларды мемлекеттік қызметке өту тәртібі және біліктілікке сай кадрларды іріктеудің үш сатылы жүйесімен бүге-шігесіне дейін таныстырды. Сондай-ақ Департамент мамандары 3+3 әдісі бойынша мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандарға тәлімгерлер бекітілетіндігін және оларды заңсыз қызметінен босатуға жол берілмейтіндігін ерекше атап айтты.

50-ден астам адам қатысқан семинар, тараптардың туындаған сұрақтарды талқылауымен аяқталды.

 
0
0
469

Тәуелсіздік құрдастары басқосты

Лебяжі ауданы «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің алтын шамы жанғанына 25 жыл толу құрметіне орай «Тәуелсіздік қырандары» атты  тақырыпта Тәуелсіздік құрдастары басқосты.

Әр жолы тарих жылнамасына ал­тын әріп­тер­мен жазылар жақұтты жылдар екеніне ешкім де қарсы уәж айта алмас. Ал бүгінгі таңда сол бір 1991 жылы туған тәуел­сіз­діктің құрдастары  жаңа өмірге қадам басып, елге еңбек ету үстінде.

Кездесудің ашылуында сөйлеген сөзінде аудандық «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры әрі Тәуелсіздік құрдасы Жанар Садваккасова барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап,   қазақ елінің әлемдік бәсекеге дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, қиын да күрделі ауыр да абыройлы жолын ғасырлар тоғысында бастағаны және мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білген мемлекет екенімізді айта келе кездесу мақсаты мен маңызын түсіндірді.

Мақсат жастарды Қазақстар Республикасының жеткен жетістіктерімен таныстыру, тәуелсіздік мәнін терең түсіндіре отырып, қазақ халқының ерлігін, даналығын, ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту.

Басқосуға жас болса да, өмірлік бағыттарын айқындап, елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етуден еш тайсалмайтын жастар жиылды. Олардың ішінде жас болғанына қарамастан бүгіннің өзінде  басшылық қызмет атқарып жатқандары да бар. Мәселен, Оспанова Ризагүл "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Павлодар облыстық филиалының Аққу елді мекеніндегі қызмет көрсету орталығының басшысы болса, Жанар Садваккасова аудандық «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры, Абай Ибадулин аудандық «Ел үміті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, өзгелері — түрлі салаларда еңбек етіп жүрген жастар. Араларында есепші де, ішкі істер қызметкері де, ұстаздар, тәрбиешілер, ауылшаруашылық саласының мамандары, электрші, де бар. Түрлі салада белсенділік танытып, әр өзгерістен шет қалмайтын бұл жастар өздерінің азын-аулақ жетістіктерімен бөлісіп, сыр-сұхбаттасты.
Расында да Тәуелсіздіктің 25 жылдығы дегеніміз өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктер. Егемен еліміз өткен 25 жыл ішінде қандай межеге жетті. Осы жылдарда жеткен жетістіктер өткен күннің жемісі екенінің айшықтайтын тарихымыздан сыр шертетін бейне көрсетілім де ұсынылды.

Сонымен қатар Тәуелсіздік құрдастары «25 ізгі тілек» атты плакатқа саусақ таңбаларын басып, оған ізгі тілектері мен аты –жөндерін естелік ретінде қалдырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша алдағы уақытта Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кездесуге қатысқан Тәуелсіздік құрдастары марапатталатын болады.

 
1
0
1221

Аймақтардағы мамандар ҚР ДСӘДМ-де денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларының негізгі бағыттары бойынша білім алды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР ДСӘДМ аймақтық комитеттерінің, өңірлердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша оқыту семинарлары өтті.

Семинар қатысушыларына халық арасында әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салалары заңнамалардағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу бойынша ұсынымдар берілді.

Тыңдаушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгісіне көшу мен зейнетақы жүйесін жаңғырту, жаңа экономикалық жағдайда жұмыспен қамту саясаты, сонымен бірге, ҚР-дағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау мен олардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелері турасында толық ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларына ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, гендер бойынша сарапшы, психолог Гульзи Нәбидің қатысуымен шешендік өнер бойынша шеберлік сынып өткізілді.

 
0
0
292

Қызылорда ҚІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары №9 учаскелік полиция пунктінің аумағында тұрғындармен кездесу өткізді

2016 жылдың 31 мамырында облыс орталығының «Шұғыла» мөлтек ауданында орналасқан №7 мектеп-лицейінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының  №9 учаскелік полиция пункті аймақтың тұрғындарымен кездесу өткізіп, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараның басты мақсаты полиция қызметкерлері мен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қылмыстың алдын алу, тұрғындардың қандай көмекке мұқтаж екендерін тыңдап, көмек беру, қала орталығында орын алып жатқан алаяқтық қылмыстары жайлы және ағымдағы жылдың 5 айында учаскелік полиция инспекторларымен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда атқарған жұмыстарына есеп беру болып табылады.

Кездесу барысында алаяқтық қылмыстарының алдын алуда түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы «Каспий банк» АҚ Қызылорда қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Ғ.Рысбаев, Қазақстан Халық Банкі Қызылорда облыстық өкілдігінің аға менеджері Г.Дүйсенәлі және Қызылорда қалалық жер қатынастар бөлімінің маманы М.Әжібеков шақырылды.

Учаскелік полиция инспекторлары сол аумақта тұратын халықпен кездесіп, ұсыныстарына және сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, осы аймақтық учаскелік полиция пунктінде қызмет атқаратын учаскелік полиция қызметкерлерінің визиткалары бар екенін айта кетіп, қылмыстың, келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында телефондарына хабарласып, ақпарат беруге болатынын айтты.

Бұл бағытта да жұмыстар өз деңгейінде жүргізілетін болады.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
932