Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі аспектілері

2016 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен және Көкшетау қаласының прокуратурасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму жөніндегі  министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде (Бұдан әрі – Департамент) «Реформа жағдайындағы мемлекеттік қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Департаменттің мемлекекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңдардың қолданысына қатысты мәселелер, сонымен қатар,  Этикалық кодекстің негізгі бағыттары  талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу сындарлы сұхбат түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған  іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстелге  15-тен астам адам қатысты.

0
0
2653

Жақсы, Есіл және Жарқайың аудандарында азаматтардың жеке қабылдауы жүргізілді

Жүргізіліп отырған реформалар  туралы халықтың  пікіріне талдау жасау, түсіндіру жұмысының, соның ішінде тұрғындармен жеке кездесулер арқылы және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен  жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз ету шеңберінде  а.ж. 31 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Жапақов Жақсы,  Есіл және Жарқайың аудандарында азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.

Шара барысында Департамент басшылығы 17 адамды  қабылдады.

Азаматтар негізінен мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін санау,                      «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының өңірлік деңгейде  жүзеге асырылуы,

тәлімгерлік  институты, мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру, облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша жүгінді.

Қабылдауға келген азаматтардың барлық сұрақтарына толық, жан-жақты жауаптар берілді.

0
0
247

Жарқайың ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мәселелері жөнінде актив өтті

2016 жылдың  31 мамыры күні Жарқайың аудандық әкімдігінің мәжіліс залында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Жапақов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мәселелері жөніндегі аудан активінің жұмысына қатысты.

Кездесуге Жарқайың ауданының әкімі А. Үйсімбаев, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері және бұқаралық акпарат құралдары қатысты.

Қ. Жапақов өз сөзінде  мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше  назар аударды.

0
0
259

Жақсы ауданына жұмыс сапары

2016 жылдың  31 мамыры күні  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы жұмыс сапарымен Жақсы ауданына барды.

Кездесу барысында аудан активімен кездесу өтті.  Кездесуге  Жасыл ауданының әкімі Қ. Сүйіндіков, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері және бұқаралық акпарат құралдары қатысты.

Қ. Жапақов ҚР мемлекеттік қызметінің реформасын,  «100 нақты қадамның» Ақмола облысында жүзеге асырылуын, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндірді.

Семинар аяқталған соң Департамент басшысы қатысушылардың кездесу барысында туындаған сұрақтарына жауап берді және сапалы мемлекеттік аппараттың қалыптасуы мемлекет пен қоғамның бірлесіп жұмыс жасауына байланысты екенін атап өтті.

0
0
278

Мемлекеттік қызметтің имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі семинар

2016 жылдың  31 мамыры күні Есіл ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Жапақовтың төрағалық етуімен ҚР мемлекеттік қызметінің реформасын,  «100 нақты қадамның» Ақмола облысында жүзеге асырылуын, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру жөніндегі семинар өткізілді.

Кездесуге Есіл ауданының әкімі А. Қалжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері және бұқаралық акпарат құралдары қатысты.

Әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше  назар аударылды.

Семинар аяқталған соң Департамент басшысы қатысушылардың кездесу барысында туындаған сұрақтарына жауап берді және сапалы мемлекеттік аппараттың қалыптасуы мемлекет пен қоғамның бірлесіп жұмыс жасауына байланысты екенін атап өтті.

0
0
455

БҚО агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясында маңызды кездесу өткізілді

2016 жылдың  30 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментімен агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына департамент өкілдерімен бірге прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы БҚО департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» РҚБ филиалының қызметкерлері қатынасты.

Семинар барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкерлері жиналғандардың алдында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері туралы баяндады.

Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

 

0
0
374

Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы аяқталды

Баспасөз хабарламасы

1.06.16 ж.                                                                                Астана қ.

Жыл сайын мамыр айында су жағалауларының аумақтарын жинау мен балық шаруашылығы су айдындарын тастанды желілерден тазарту мақсатында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізіледі.

Осы жылы акцияға орта-арнаулы және жоғарғы оқу орындарының студенттері, әкімдіктер, қоғамдық ұйымдар, су айдындарын жалдаушылар қатысты. 
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша республиканың су айдындарынан 110 км астам қараусыз желілер табылып, 552 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар алынды. Салыстыру үшін 2015 жылы 128,8 км желі қағып алынған болатын және 3850 тонна қоқыс тасып әкетілді.

ҚР АШМ Орман және жануарлар дүниесі комитеті акция қорытындысы бойынша акцияға қатысушыларды грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттамақ.

Анықтама:
Согласно приказу Министра сельского хозяйства РК от 16 января 2015 года рыболовство осуществляется сетями любой модификации, кроме сетей произведенных из синтетических нейлоновых или прочих полиамидных мононитей с диаметром нитей менее 0,5 миллиметров и размерами ячеи менее 100 миллиметров (размер конструктивного шага ячеи менее 50 миллиметров).

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығына сәйкес балық аулау жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллимерден кем емес (торының  конструктивтік адымы 50 миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе басқа да полиамидті моножіптен басқа балық аулау құралдары рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, осы желілер 2015 жылғы сәуірде Еуразия Экономикалық Комиссиясы шешімімен Кеден Одағы аумағындағы тасымалдауға тыйым салынған тауарлардың тізбесіне қосылған болатын.

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+ 7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

 
0
0
787

Облыстық тарихи өлкетану музейіндегі сауаттандыру жұмыстары

Үстіміздегі жылдың 26 мамырында облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында семинар-кеңес өткізілді.

 

0
0
382

Мүгедек болса да өнерімен Білім және Ғылым министрін тәнті қылған балалардың концерті өтті

1−маусым Халықаралық балаларды қорғау күні «ВІ−Жұлдызай 2016» қайырымдылық фестивалі мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер көрсетуімен гала−концерт өткізді. ХІ Республикалық балалар шығармашылық фестиваліне «Кешью», Жанар Дугалова, Маржан Арапбаева, Диана Шарапова мен Ардақ Алекешев сынды өнер жұлдыздары шақырылды. Білім және Ғылым Министрі Ерлан Сағадиев те фестивальге өз үлесін қосқанын айтты: «Осындай балалардың дарындарын ашатын, білімдерін арттыратын шараларды көптеп өткізуге тырысамыз. Болашақта ел мақтанатын үлкен азамат болсын дейміз».

Балалар өз өнерлерін эстрада жұлдыздарымен бірге көрсетті. Есту қабілеті бұзылған Дана Нұрболатпен ән салған Жанар Дугалова: «Бұрын да Дананың менің әнімді ыммен айтқанын көрген болатынмын. Жүрегімді елжіретіп жіберді. Балалардың барлығы да өте дарынды», деп көз жасына ерік берді.

Ал Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына кіретін, «ВІ Group» құрылыс компаниясының директоры Айдын Рахимбаев: «11 жыл бұрын бұл фестивальге бүкіл Қазақстаннан 57 бала ғана қатысты. Ал биыл қатысушылар саны 7000−ға жетті» деп астын сызып айтты.

Еске сала кетейік 23 мамыр, Республикалық «ВІ-Жұлдызай 2016» фестиваліның екінші іріктеу туры өтті. Мүмкіндігі шектеулі балалар «Балдәурен» демалыс орнында 7 күн болып уақыттарын байқауға дайындықпен өткізді.

1
0
830

Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)

Ертең, 2 маусымда, ғарыш  айлағын, қаланы қамтитын «Байқоңыр» ғарыш кешеніне 61 жыл толады.Қала және ғарыш айлағы күні - жергілікті тұрғындардың басты мерекелерінің бірі.

Дәстүрлі түрде мерекелік күн еске алу жиынынан басталады. 2 маусым таңертең Байқоңыр тұрғындары мен қонақтары С.П Королев ескерткішіне және қаза тапқан ғарышқа алғаш ұшқан ұшқыштар мемориалына гүл шоқтарын қояды.

Қалалық әкімшілік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырдың 61 жылдығы қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылады. Қалалықтар үшін   өмір қиындығына тап болған кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімдерге арналған «Викинг» фитнес-клубы ашылды. Әлеуметтік пәтерлер кілті табыс етіледі.

Мереке құрметіне қалалық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, арты мерекелік концертке ұласады. Салтанатты жиында «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағын беру рәсімі өтеді.

Қаланың Қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің шешімімен ұсынылған алты кандидатураның ішінен екі адам осы атаққа лайық деп танылды, деп атап өтті қалалық әкімшілік баспасөз қызметі.

Байқоңырдың туған күнін мерекелеу сенбі, 4 маусымда өтеді. Бұл күні қалалық мәдениет және демалыс сарайында Қала күні мен Балаларды қорғау күніне арналған мәдени-бұқаралық шаралар өтеді.

 
0
0
710