Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)

Ертең, 2 маусымда, ғарыш  айлағын, қаланы қамтитын «Байқоңыр» ғарыш кешеніне 61 жыл толады. Қала және ғарыш айлағы күні - жергілікті тұрғындардың басты мерекелерінің бірі.

Дәстүрлі түрде мерекелік күн еске алу жиынынан басталады. 2 маусым таңертең Байқоңыр тұрғындары мен қонақтары С.П Королев ескерткішіне және қаза тапқан ғарышқа алғаш ұшқан ұшқыштар мемориалына гүл шоқтарын қояды.

Қалалық әкімшілік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырдың 61 жылдығы қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылады. Қалалықтар үшін   өмір қиындығына тап болған кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімдерге арналған «Викинг» фитнес-клубы ашылды. Әлеуметтік пәтерлер кілті табыс етіледі.

Мереке құрметіне қалалық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, арты мерекелік концертке ұласады. Салтанатты жиында «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағын беру рәсімі өтеді.

Қаланың Қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің шешімімен ұсынылған алты кандидатураның ішінен екі адам осы атаққа лайық деп танылды, деп атап өтті қалалық әкімшілік баспасөз қызметі.

Байқоңырдың туған күнін мерекелеу сенбі, 4 маусымда өтеді. Бұл күні қалалық мәдениет және демалыс сарайында Қала күні мен Балаларды қорғау күніне арналған мәдени-бұқаралық шаралар өтеді.

 
0
0
713

Осы тақырып бойынша

Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО) - Yvision.kz