Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуы

2016 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында (Бұдан әрі – әкім ппараты) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар- кеңес өткізді.

Шараның модераторы – әкім аппаратының басшысы Е.Ш. Тушанов. Семинар-кеңестің жұмысына әкім аппаратының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік және  азаматтық қызметшілері қатысты.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысына және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жас мемлекеттік қызметшілерді «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы ЖҚБ жұмысына қатысу барысында сыбайлас жемқұорлыққа қарсы іс-қимылға тарту арқылы  жүзеге асыру мәселелері, сонымен қатар,  Этикалық кодекстің негізгі бағыттары  талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға қоғам назарына ілінген, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар туралы резонансты бейнероликтер көрсетілді.

Семинар-кеңес сындарлы сұхбат-әңгіме түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған  іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Семинар-кеңеске 50-ден астам адам қатысты.

0
0
263

Осы тақырып бойынша

Кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуы - Yvision.kz