Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіздік құрдастары басқосты

Лебяжі ауданы «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің алтын шамы жанғанына 25 жыл толу құрметіне орай «Тәуелсіздік қырандары» атты  тақырыпта Тәуелсіздік құрдастары басқосты.

Әр жолы тарих жылнамасына ал­тын әріп­тер­мен жазылар жақұтты жылдар екеніне ешкім де қарсы уәж айта алмас. Ал бүгінгі таңда сол бір 1991 жылы туған тәуел­сіз­діктің құрдастары  жаңа өмірге қадам басып, елге еңбек ету үстінде.

Кездесудің ашылуында сөйлеген сөзінде аудандық «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры әрі Тәуелсіздік құрдасы Жанар Садваккасова барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап,   қазақ елінің әлемдік бәсекеге дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, қиын да күрделі ауыр да абыройлы жолын ғасырлар тоғысында бастағаны және мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білген мемлекет екенімізді айта келе кездесу мақсаты мен маңызын түсіндірді.

Мақсат жастарды Қазақстар Республикасының жеткен жетістіктерімен таныстыру, тәуелсіздік мәнін терең түсіндіре отырып, қазақ халқының ерлігін, даналығын, ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту.

Басқосуға жас болса да, өмірлік бағыттарын айқындап, елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етуден еш тайсалмайтын жастар жиылды. Олардың ішінде жас болғанына қарамастан бүгіннің өзінде  басшылық қызмет атқарып жатқандары да бар. Мәселен, Оспанова Ризагүл "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Павлодар облыстық филиалының Аққу елді мекеніндегі қызмет көрсету орталығының басшысы болса, Жанар Садваккасова аудандық «Жалын» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры, Абай Ибадулин аудандық «Ел үміті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, өзгелері — түрлі салаларда еңбек етіп жүрген жастар. Араларында есепші де, ішкі істер қызметкері де, ұстаздар, тәрбиешілер, ауылшаруашылық саласының мамандары, электрші, де бар. Түрлі салада белсенділік танытып, әр өзгерістен шет қалмайтын бұл жастар өздерінің азын-аулақ жетістіктерімен бөлісіп, сыр-сұхбаттасты.
Расында да Тәуелсіздіктің 25 жылдығы дегеніміз өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктер. Егемен еліміз өткен 25 жыл ішінде қандай межеге жетті. Осы жылдарда жеткен жетістіктер өткен күннің жемісі екенінің айшықтайтын тарихымыздан сыр шертетін бейне көрсетілім де ұсынылды.

Сонымен қатар Тәуелсіздік құрдастары «25 ізгі тілек» атты плакатқа саусақ таңбаларын басып, оған ізгі тілектері мен аты –жөндерін естелік ретінде қалдырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша алдағы уақытта Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кездесуге қатысқан Тәуелсіздік құрдастары марапатталатын болады.

 
1
0
1170

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздік құрдастары басқосты - Yvision.kz