Бала деген бір бақыт..
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні.Мерекеге орай Павлодар облысының полиция қызметкерлері балаларға көңілді мереке ұйымдастырды. Жаңа футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімін бүгінгі мереке иелеріне тапсырылды. Балалар үйінің тәрбиенушілерін және азқамтылған отбасы балаларына спорттық сыйлықтар ұсынды.

«Ертіс» футбол командасының ойыншылары фристайл бойынша мастер кластарын көрсетіп, Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілерімен футболдан бақ сынады.

Футбол ойынынан соң қару-жарақтардан құралған көрме көрсетілді. Бірақ, балаларға көрмеден гөрі ұсынылған тәттілер қызығырақ болды. Облысымыздың полиция қызметкерлері бұл мерекені ерекше өтуіне үлестерін қосты.

