Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құқық қорғау және денсаулық сақтау саласының мамандарына жаңа Заң түсіндірілді

Ағымдағы жылғы 31 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаментінің мамандары СҚО Ішкі істер департаментінің жеке құрамына және Медициналық қызметке ақы төлеу және медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктері бар құқық қорғау қызметін өткеріп жүрген мемлекеттiк қызметшiлерге «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңын түсіндіру болып табылды.

Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкерлері баяндамалар барысында қатысушыларды мемлекеттік қызметке өту тәртібі және біліктілікке сай кадрларды іріктеудің үш сатылы жүйесімен бүге-шігесіне дейін таныстырды. Сондай-ақ Департамент мамандары 3+3 әдісі бойынша мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандарға тәлімгерлер бекітілетіндігін және оларды заңсыз қызметінен босатуға жол берілмейтіндігін ерекше атап айтты.

50-ден астам адам қатысқан семинар, тараптардың туындаған сұрақтарды талқылауымен аяқталды.

 
0
0
441

Осы тақырып бойынша

Құқық қорғау және денсаулық сақтау саласының мамандарына жаңа Заң түсіндірілді - Yvision.kz