Мазмұнға өту

Жаңа

Арқадағы, желкедегі тұзды қалай кетіруге болады?

Өзіңізді жайсыз сезініп жүрсіз ба? Арқаңыз құрысып, ауырлықты сезінетін боларсыз. Тұз жиналған сияқты ма? Онда ең алдымен қандай тұздың жиналғанын анықтауымыз керек.

Арқаңыз, омыртқаңыз, басыңыздың неліктен ауыратынын білмейтін болсаңыз, сізде ақ тұздың көптігінен остеохондроздың белгісі байқалады. Ғалымдардың айтуынша, тәулігіне 0,5-1 грамм аралығында ғана тұз мөлшерін  пайдалануға болады. Американдықтар 15-30 есе артық қолданады. Американың оңтүстік штаттарындағы қара нәсілділер тұздалған шошқаның, сүрленген сиырдың етін көп жегендіктен қан қысымдары өте жоғары болып келеді. Көпшілігі желкелеріне тұз жиналмақ түгілі, инфаркт пен бүйрек ауруларынан көз жұмады.

«Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен, май түспес қара суды піскенменен». Тағамды тұзсыз жей алмаймыз, бірақ мөлшерден тыс қолдансақ зардабын тартамыз. Омыртқаның қалыпты пішінінен ауытқуынан, қимыл-қозғалыстың аздығынан, суықтың әсерінен арқаға тұз жиналады. Ауыр затты көтергенде, шалт қимылдағанда жүйке талшықтары қысылып қалғанда, шаншу пайда болады. Омыртқаның қай тұсында ауырсыну болса, соған қарай белгілері болады. Бұл аурудың 52 түрі болғандықтан «тұз жиналды» деп босқа қарап отырғанымыз жарамас. Дереу дәрігерге қаралып, рентгенге жолдама алып, қойылған диагноздан кейін, емдік шараларын қолданғаныңыз жөн. Көбіне физиотерапия арқылы емделіп, дәрі-дәрмек қолданасыз. Түрлі жаттығу жұмыстарын жасап, таза ауада жиі серуендеп, дұрыс тамақтануды қолға алсаңыз, ауырлық жағдайын сезінбейсіз. «Денсаулық – саулық негізі» деп бекер айтылмаса керек-ті.

Желкеңізді көтере алмай қалған жағдайда алмұрттан жасалған шәйді қолдануға болады. 2 литр суға алмұрт салып, 15 минут қайнатып, 40 минут тұндырасыз. Мұны күнделікті қолдану қажет. Басында ауырғанына сабырлық танытып, араның балын жағу арқылы массаж жасасаңыз да болады.

Салтанат Сүгір

1
0
26481

Ұмытыла бастаған ұлттық тағамдар

Заман алмасып, ұрпақ жаңарған сайын кейбір ұлттық тағамдар да күнделікті тұрмыс дастарқанымыздан ұмытылып бара жатыр. Мұндай тағамдар өте көп. Алдағы уақытта бұл тақырып жайлы тағы да тоқталатын боламыз. Наурыз мерекесіне орай сіздерге ұмыт бола бастаған бірнеше түрлі тағамдар жөнінде түсінік береміз. Бұл тағамдар жайлы арнаулы суреттер болмағандықтан, тек жазба түрінде түсіндіруді жөн көрдік.

1. Мипалау – тағамның аты айтып тұрғандай малдың миынан әзірленеді. Сұйық тағам. Бастың миын алып, оған бауыр, құйрық майы, бастың құйқасын әбден араластырады. Бұған қымыз, айран немесе тұзды сүзбе қосып, майлы сорпа құйса мипалаудың дәмі де, маңызы да арта түседі. Семіз ет жеп отырған қонақтарға мипалау жасап ұсыну да қазақша дәм берудің тағы бір жақсы үлгісі. Мипалауды ортаға үлкендеу, терең ыдысқа құйып ішіне бірнеше қасық салып, үлкен кісілерден бастап ауыз тиеді.

 

2. Дәл сондай ұмыт бола бастаған астың бірі – Шалжығар. Қазақ сөзінде «Шалжығар қымыз» деген тіркес бар. Бұл дөнен, бесті қымыздарды айтса керек. Қымыздың күштілігіне қарай «Шалжығар қымыз» деп аталған. Бірақ, мұнда айтпақ болған ас-тағам мүлде басқа. Шалжығар тағамы былай жасалады екен. Жаңа сойылған қойдың етін құйрық, өкпе-бауырымен қоса түгел қарынға тығып, түз, бұрыш, сарымсақ, пияз қосады да аузы тігілген қарынды шұңқырға жағалыған оттың шоғына көміп, топырақпен бастырып тастайды. Қарындағы еттің демі шығып тұруы үшін қойдың асық жілігінен түтік жасап, бір басын қарынға тығып, екінші басын пештің мұржасы секілді, топырақтан шығарып қояды. Бұл жайлы Шәкен Аймановтың: «Бұл астың аты – Шалжығар. Баяғыда шопандар байдың бір қойын ұрлап сойып алып, қарынға тыққан етті шұңқырдағы шоққа тәңертең көміп кетсе, кешке былқылдап пысып тұрады екен. Бар қуаты өзінде қалатын бұл асты кейбір кәрі шалдар көтере алмай, жығылып қалады. Шалжығар атанғаны содан» дегені бар екен.

 

3. Бұқпа – марқаның жіліктері мен омыртқа, қабырғаларын балтамен ұсақтап, қазанға салып, үстіне аздаған су құйып, бетін жауып дайындайды.

4. Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды.

 

5. Ал, өзімізге белгілі қуырдақтың да бірнеше түрі болады. Қуырдақ жайлы осыдан біраз бұрын осы сайытта жазылған болатын.
Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды. Бауырды көп қайнап, қатайып кетпес үшін соңынан салады.
Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөптерді салады.
Сырбаз қуырдақ – жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие сүтін құйып, тұз салып қайнатып, жасайды. Оны кей жерлерде «Бұқпа қуырдақ» деп те атайды. Піске кезде сағыздай созылып тұрады. Аталған дәм сыйлы кісілер мен қарт адамдар үшін дайындалады.
Манас қуырдақ – негізінен аң етінен (киік, арқар, елік) жасалады. Етті ұсақтамай турайды. Тұз салып қазанға қайнатады. Пісе бастағанда үстіне қаймақ құйып, ұн сеуіп араластырады да қуырады. Дастарқанға манас қуырдақ майымен қоса қойылады.

6. Қарма – бұл қазақ даласында бұрыннан бар, балық шаруашылығымен айналысатын ру-тайпаларда болады. Әйгілі халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Мекен еттім жапалақтай жар басын, азық қылдым ақ балықтың қармасын» деген өлең жолдары бар. Балық сүйегін, оған аздап балық етін де қосып қазанға қарып қуырады. Келіге салып, ұнтақтайды. Сосын кәдімгі диірменге тартса, одан қызылқоңыр талқан шығады. Қарма деген тағам осылай жасалады. Балық жармасы деп те атайды. Денсаулыққа өте пайдалы тағам есептеледі. Балықшы ауылдарда әлі күнге осы тағамды жасайтындар бар. Бірақ, көп жерлердегі халықтар мұны біле бермейді.

7. Қарын бөртпе— ел арасында сирек дайындалатын өте дәмді тағам. Көбінесе жаңа сойылған малдың етінен, майынан, бауырынан қосып, ұнмен араластырып, қарынға салып пісіреді.Сойылған қойдың іш майын, етін, бауырын өте ұсақтап турайды. Фарштың үстіне бидай ұнын, сарымсақ, бұрыш, тұз салып жақсылан араластырады. Дайын болған фаршты қарынға не бүйенге салады. Бүйенге салса бір шеті тұйық болады да, екінші ашық ұшын жіңішкертіп жойылған ағаш істікпен түйреп байлайды. Қарынға салса да бір шеті солай түйреп байланады. Бұжы қайнап жатқанда бұжыны аудармалап, әр жерінен істікпен шаншып желін шығарып отырады. Ол, қазандағы суға толық батып, баяу жанған оттық табында 1,5—2 сағат қайнауы керек.Дастарқанға қарын бөртпені жылыдай да, суытып та қоюға болады. Қасына пияз, басқа да көкөністер салады.

Мақала интернеттің ашық беттерінен алынған.

-2
0
6248

Ашық есік күні!

26 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, Орал қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша ашық есік күні ұйымдастырлды.

 

0
0
423

Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы Ресей Федерациясының сот органдарына іссапармен барып қайтты

Ағымдағы жылғы 24-28 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы Ресей Федерациясына танысу іссапарымен барып қайтты. Іссапар шеңберінде Ресейдің Жоғарғы Сотында (Мәскеу қ.) және Санкт-Петербург қалалық сотында жұмыс кездесулері өтті. Іссапар ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьясы Елена Максюта, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Болат Кальянбеков, Астана және Алматы қалалары соттарының баспасөз хатшылары Ботагөз Баянова мен Дияс Махамбетов кірді. Бұған қоса, іссапарға «Сот репортерлері гильдиясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанна Байтелова және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің саяси мәселелер және БАҚ бойынша ұлттық үйлестірушісі Мария Дубовицкая барды.

Ағымдағы жылғы 25 мамырда делегация Мәскеу қаласында өткен Ресей Федерациясы Судьялар кеңесінің мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі комиссиясы отырысына қатысты. Іс-шара шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көзделген қазақстандық сот төрелігі жүйесінің негізгі реформалары, соттарда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселелеріндегі жетістіктер мен соттардың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету шаралары таныстырылды. Осы ретте «Сот кабинеті» сервисінің, аудиобейнетіркеу және бейнебайланыс жүйелерінің, сот процестеріне қатысушыларды СМС-хабарлама арқылы хабарландыру және гибридтік почта жұмысына айрықша назар аударылды. Сондай-ақ отырысқа қатысушылар Қазақстанда соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа тұжырымдамасының қабылданғаны, БАҚ-пен жұмыс бойынша үйлестіруші-судьялар институтының құрылғаны, баспасөзде шыққан сыни материалдарға ден қоюды ескере отырып, соттардың қызметін бағалаудың жаңа жүйесінің енгізілгендігі туралы хабардар болды.

Ресейлік тарап өкілдері электронды сот төрелігін енгізу және БАҚ-пен жұмыс мәселелеріндегі Қазақстанның жетістіктеріне жоғары баға берді.

Сол күні қазақстандық делегация Ресей Жоғарғы Сотының ғимаратымен танысып, мұражайда болды. Бұдан әрі Ресей Федерациясы өңірлік сот органдарының баспасөз хатшыларымен және Сот репортерлері гильдиясының мүшелерімен кездесу өткізді. Әңгіме барысында тараптар соттардың БАҚ-пен жұмысын ұйымдастырудың тұжырымдамалық тәсілдері, сондай-ақ Интернет пен әлеуметтік желілер арқылы ақпаратты ілгерілету бойынша тәжірибе алмасты. Қазақстандық тарап соттарды ақпараттық-имидждік қолдау жұмысы шеңберінде шығарылған бейнеөнімді көрсетті.

А.ж. 27 мамырда қазақстандық делегация Санкт-Петербург қаласында қалалық соттың ғимаратымен танысты. Ғимарат 2012 жылы пайдалануға берілген. Мұнда бір судьяға 150 метрлік кеңсежай стандарты сақталған. Ғимараттың кең холы толығымен шыныдан жасалған, бұл сот төрелігінің айқындық пен тазалық қағидаттарын ұстанатындығын көрсетеді. Мұнда биіктігі 4,5 метрлік Фемида ескерткіші орнатылған. Сот дәліздері заманауи көркем стилде безендірілген, судьялардың психологиялық тынығуына арналған қысқы бақ та бар. Сот отырыстарына арналған кеңсежайлар процестерді тіркеуге және бейнебайланыс өткізуге арналған құрал-жабдықтармен жарақтандырылған.

Аталған сотта аудандық соттардың баспасөз хатшысының функциясын атқаратын қызметкерлерге арналған «Құқық және ақпарат: соттардың баспасөз хатшылары жұмысының теориясы мен тәжірибесі» атты семинар-кеңес өтті. Оның барысында Санкт-Петербург қаласы бойынша соттар мен БАҚ-тың өзара іс-қимыл жүйесі таныстырылды, осы мәселе бойынша тараптар жинақталған тәжірибелерімен бөлісті.

Жалпы алғанда, іссапар қорытындысы бойынша Ресей Федерациясының Жоғарғы Сотымен соттардың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstan-zhogargy-sotynyn-delegaciyasy-resey-federaciyasynyn-sot-organdaryna-issaparmen-baryp

0
0
612

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің моделін қалыптастыру

 

2016 жылдың 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәжіліс залында инспекция және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің моделін қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес оздырылды.

Шараға «Нұр Отан» партиясы, прокуратура, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы өкілдері қатынасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өз ойларын білдірді.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері қатысушыларға еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті қалай жүргізу жөнінде түсіндірді.

Шара барысында сауалнама жүргізілді.

 

 

0
0
644

1 маусым күні еліміздің емханаларында балалар үшін ашық есік күндері өтеді

1 маусымда Халықаралық балалар құқығын қорғау күні еліміздің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында кішкентай пациенттер үшін бейінді мамандарды шақыру арқылы (педиатрлар, невропатологтар¸ эндокринологтар, окулистер, хирургтар, ортопедтер, кардиологтар, нефрологтар, иммунологтар, балалар жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша мамандар және т.б.), Кетле бойынша дене салмағын, бойын, артериалды қан қысымын, көзінің көруін тексеру шараларын қамтитын ашық есік күндері өтеді.

Бұл күні болашақ аналар үшін емізуді қолдау бойынша «емізудің 10 қағидасы» атты семинарлар өтеді. Дені сау бала кабинеттерінде балалар мен мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналар үшін имуннологиялық профилактика, дұрыс тамақтану, жеке гигиена бойынша шаралар, медициналық кабинеттерде – битшеңдік, қышымаға тексеру және оларды емдеу шаралары өткізіледі.

2016 жылы баланың денсаулығын ерте жастан сақтау мен  нығайту, қоғамдық және жеке гигиенаның, балалар мен жасөспірімдердің бойында денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілетін барлық шаралар «Басты байлық – балалардың күлкісі!» ұранымен өтеді.

Жас жеткіншектердің денсаулығын қорғау – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті болып саналады. Өйткені ересек тұрғындардың денсаулығы бала жастан қалыптасатыны белгілі.

Жеткіншектер ересек өмірге қадам басар алдында денсаулық үшін түрлі қауіп-қатерлер мен таңдауға жүгінер жағдайларға тап болады. Олардың денсаулығына ішімдіктер, наша мен темекіні қолдану, жарақаттанулар, оның ішінде жол-көлік апаттарының нәтижесінде түрлі қауіп төнуі мүмкін.

Жұқпалы емес аурулар қаупінің жетекші факторлары – дене салмағының шамадан тыс артық болуы, семіздіктің түрлі деңгейлері, сонымен қатар, дұрыс емес тамақтану, оның ішінде майлы тағамдарды, қант пен тұзды шамадан тыс (тәулігіне 5 грамнан артық) қолдану, жеміс-жидектер мен көкеністерді жеткіліксіз түрде пайдалану болып табылады.

СӨС Ұлттық орталығының мәліметінше, Қазақстанда 2015 жылы 9 жастағы балалар арасындағы шамадан тыс дене салмағының таралуы – 12,3%,, семіздік - 6,3% болған. Мектеп жасында дұрыс тамақтанбау жүрек-қантамырлар, онкологиялық аурулардың дамуына, артық дене салмағы мен семіздікке, ересек өмірде қант диабетінің пайда болу қаупін туындатып, мерзімінен бұрын мүгедектікке шалыну мен өмір сүру ұзақтығын қысқартуға себеп болады.

Дұрыс тамақтану, жұқпалы ауруларға қарсы иммундау мен балалардың физикалық белсенділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағымды, қолайлы орта қалыптастыру – денсаулықтың жақсы болуына әсер етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні жаз мерзімінің бірінші күнінде атап өтіліп келеді.

 
0
0
495

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.

Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысы қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

Айта кетерлігі, дәл осы күні Қазақстанда ашарлықта қаза тапқандарды да еске алу  күні ретінде аталып өтіледі. 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған жасанды зауалдан, әсіресе Қазақ халқы  қатты зардап шекті. Мұны 2012 жылы елордада «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» монументалды сәулетті көркем композициясының салтанатты ашылу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баса айтқан болатын. «Кеңес Одағы аумағындағы 1932-1933 жылдары болған ашаршылық адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі еді. Сол кездерде Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 млн. адамның өмірін жалмады. Қазақ сондағы жасанды зауалдан ең қатты зардап шеккен халықтың бірі еді», - деген еді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің алға тартқан деректерге сәйкес, тек 1932-1933 жылдары ең кемі 1,5 млн. қазақ аштықтан ажал құшты. Дегенмен бұл деректерді әлі де тыңғылықты зерттеу керек. Өйткені, ол кездегі есептерді басшылар өз пайдасына орай бұрмалап берген. Ал аман қалған қандастарымыздың тағы да 200 мыңы жосып, басқа мемлекеттерге көшіп кетті. Сол жылдары нәубетке шарпылмаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып кетті. Мұның барлығы сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлматы еді. Ашаршылықтың алдындағы тіркелу, ұйымдастыру науқандары талай дәуірден бері қапысыз қалыптасқан көшпелі қазақтың шаруашылығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзды. Соның салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына 1970 жылдары ғана әрең қол жеткізді.

 


0
0
2659

Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)

Тарихқа тұнған Тараз

Негізі Таразда ең алғаш рет 2007 жылы болдым. Сонда "жы" әрпін "джы" деп айтатын тұрғындарға таң қалғанмын. Ол кезде қала мен тарихи орындар туралы танысуға уақыт болмады. (Бұл да тарих)
Араға тоғыз жыл салып, Тараздың топырағына қайтадан табан тиді.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блогқұрылтай деп Сыр елінен салып-ұрып келдік. Сөздің шыны, бізде әлі блогер ұғымға қатысты толықтай түсінік қалыптаспай жатыр. Интернетте отырып, бір-екі оқыс оқиға мен биліктің «қоя салшы» деген жұмыстарын сынайтындарды блогер деп атап жүргені сол. (Орыс тілінде жазып жүргендерді айтпағанда)(Артық кетсем айып етпеңіздер...)
Блогер дегеніміз кімдер?
Олардың мақсаты не?
Блогер қандай болуы керек?
Блогерлер қай салада жазады?

Иә, қоя берсең сұрақ таусылмайды.
Осыған орай блогқұрылтай болады дегеннен Қызылордада қазақ тілінде сапалы дүниелер жазатын блогерлер қауымын іздестіре бастадым. Сыр елінен 8 болып, Таразға жол тарттық. Арамызда Сыр елінің жыр елі екенін сездіретін, сезіндіретін жыршы Күнсұлу қарындасымыз бар.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)

Еліміздегі ең тарихи қала қай қала?

Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Бәріміз біздің бабаларымыздың бабалары туылмай тұрғанда өмір сүрген грек ғалымы Геродотты тарихтың атасы ретінде жақсы танимыз. Алайда бұл сұрақтың жауабын ол кісіден сұрау үшін кешігіп қалғанымыз белгілі. Сол себепті аталмыш сауалға жауап беру біздің мойнымызда. Бұл үшін бүгінде Жерұйықты іздеген Асанқайғыша арып-ашып жүрудің қажеті шамалы. Бар болғаны, жасы үлкен, тарихи жәдігері мол, көп оқиғаға куә болған шаһарды таңдап алу қажет.
Меніңше, Қазақстандағы ең «көпті көрген» қала ол – Тараз. Алдын-ала айтып қояйын, блогқұрылтайға бармасам да, дәл осы пікірімнен танбас едім. Әркімнің өз жеріне тартып, «бізде де осындай бар, осындай бар...» деп айтатындай жөні бар. Алайда…
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)

Фирдоусидің өзі

«Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» деген өлкенің екі мың жылдан аса тарихы бар.
Ал еліміздегі қай шаһар осынша жас жасаған? Ешқайсысы. Одан бөлек, екі ғасыр деген уақытпен ешкім санаса алмайтын шығар.
Айтқандай ең бастысын жазуды ұмытып барады екенбіз, Қазақ Хандығына 550 жыл толған былтырғы жылы Тараз қаласының атауы ауызға жиі ілікті. Неге екенін де, жақсы білесіздер. Сонау 1475 жылы Керей мен Жәнібек хандарымыз осы өлкенің Қозыбасы деген жеріне ту тіккен. Сондықтан да өткен жылғы ат шаптыртып, алыстан адам ағылтқан, «Абылайхан асындай» болған айтулы шара осы шаһарда өтті.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Жасырмаймын, бұрындары Тараз қаласының тарихи жәдігерлері туралы аз-кем білетінім болмаса толыққанды таныс емеспін. Айша бибі, Бабаджа Хатун секілді кесенелердің атын оқығаныммен, аңызға айналған тұлғалардың қандай жағдайда бибі, хатун атанғанын білмейтінмін. Бұл кесенеге тоқталмай өтсем Ұлттық Бірыңғай Тесттілеуге қатысушы түлектер мені кешіре қоймасы анық. Олай дейтінім тарихы тереңде жатқан өлкеміздің жас ұрпаққа берер мол қазыналы тарихы бар. Сол себептен бітіруші түлектерге өз жерінің тарихи жәдігерлері жайлы — сынақта міндетті түрде сұрақ болып келеді.

Сонымен өз естіп-білгенімді сіздермен де бөлісе отырайын.


Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Айша Зеңгі бабаның қызы болған деседі. Сөйтіп жылдар өте бой жеткен қыз қасиетті Түркістан жеріне жолы түсіп, сонда Қарахан батырмен жолығады. Қыз бен жігіт ретінде кездеседі, сөз байласады. Жаугершілік заманда елінің басына қара бұлт үйірілгесін Қарахан еліне барып бір шаруаны тындырып қайтуы керек болады. Айшаны айттыруға кейін келетінін айтып, кете барады. Арада біршама уақыт өтеді. Болмаған соң, Айша Қараханды іздеп оның еліне баруға бел байлайды. Қасына Бабаджа Хотунды ертіп алады. Екеуі осылайша күйеужігіттің еліне сапарға аттанады. Алайда әкесі қызына «әу» бастан қарсылық білдіреді. Алдыңнан қырық өзен шығар, соның 39-ынан өт те, біреуінен өтпе деп теріс батасын береді.
Соған қарамастан, қызметшісі екеуі күн демей, түн демей жүріп, ұзақ жолды артта қалдырады. Бір кезде Қарахан тұратын қаланың төбесі көрінеді. «Жақындап қалдық қой, жетерміз» деп жолаушылатқан екеу аяқ суытады. Қызметшісі ас-ауқаттың қамына кіріссе, Айша өзен суына қарай сүңгиді. Сол өзеннің жағасында оны улы жылан шағады. Ажал болып келгенге жыланға Айша бірден бой бермейді. Өзі қиналып, о дүние мен бұ дүниенің ортасында жатып, Қараханды шақыртады. Бұны естіген батыр дереу емшілерін ертіп, жетіп келеді, алайда одан еш пайда жоқ-тұғын. Сертке адал, сезімге адал Қарахан сол уақытта молдаға Айша екеуінің некесін қидырады. Сөйтеді де, сүйген жарының құлағына «Енді сен бибісің, бибісің, бибісің» деп үш рет сыбырлайды. Ал Бабаджа Хатун кесенесі Айша бибі қызметшісінің құрметіне арналып салынған.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Міне осылайша бір дәуірде өмір сүрген үш адам тарих кейіпкерлеріне айнала шықты. Бұл оқиға біздің заманымыздан әрігерікте болған. Тап осы Таразда берігеректе болған тағы бір махаббат хикаясын естеріңізге салайын.
Айтқандай алдын ала анонс. Бұл хикаяны сіздер естіп қойған да боларсыздар, блогқұрылтайдан кейінде, дейінде түрлі сайттарда бірінен-бірі көшіріп жатты. Сонымен...
Ақтөбелік Айнұр мен тараздық Болат «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Кардиф университетінде бірге оқыған. Екеуінің сөздері жарасып, кейіннен отау құруды ойлаған. Олардың таныстары махаббаттарына қызыға да, қызғана қараған. Бірде олар қайғылы оқиғаның құрбаны болды.
Елге келе жатқан бойда Ақтөбеге Баку арқылы ұшатын әуе кемесіне отырған. Ондағы ниеттері Жаңа жыл қарсаңында ата-аналарынан үйлену тойларына рұқсат алу. Алайда олар ақырғы армандарына жете алмады. Ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар қаза тапты. Құтқарушылардың бір аңғарғаны, Айнұр мен Болат о дүниеге құшақтасқан күйде аттаныпты.
Олардың нәзік сезімдері достарын да, ата-аналарын да бейжай қалдырмаған. Тіпті олардың жанкешті махаббатарынан көпшілік те құлағдар.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Сол себепті Тараздың орталығынан екеуінің құрметіне «Махаббат» монументі бой көтерген. Ең қызығы, олардың ата-аналары әлі күнге дейін құдандалы болып араласатын көрінеді.
Міне арада сан жылдар өтсе де Айша бибі мен Қарахан махаббаттарының көрінісін Болат пен Айнұрдың бастарынан өткен жағдайдан көруге болады.
Одан әрі әңгімені соза берудің қажеті шамалы. Тараз қай жағынан алып қарасаң да, тұнып тұрған тарих. Былай қарасаң Тектұрмас кесенесі, Мәмбет батыр, тағы бір көз жүгіртсең Дәуітбек кесенелері алдыңнан жарқырай шығады.
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Ұмытып барады екенмін қала сәулетінің сәнің келтірген жаңа құрылыс жанынан, тарихтан сыр шерткен Аспан асты мұражайы орналасқан.

Иә шынымен таң қалдым, тұнған тарихқа көзім жетті.

Мұнда көне Тараздың сол дәуірдегі сәулет өнерінің ізі болған қала құрылысының орны жатыр. (Қала әкімшілігіне алғыс. Осындай құнды тарихи жерде бұрын базар болып тарихымыз сол базар астында бірге өшіп бара жатырған жерінен сақтап қалған.)


Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)(Тараз қаласының символы)


Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)

Ашық аспан астындағы мұражай 
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)
Блог - FarhadAbzhapparov: Мен тамашалаған Тараз! (Тарих)

Міне, біз барған Тараздың сыр-қыры. Бұдан да көп дүние жазуға болады әрине.
Бірақ оны оқуға сіздердің уақыттарыңыз тапшы ма деймін.

Жалғасы бар…

4
2
4338

Әлем чемпионатының алқа иегерлері

Актау Спецназ бронза (2)Маңғыстау облыстық ІІД «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары Ресейдің Медын қаласында әмбебап жекпе жектен өткен Әлем Чемпионатында қола жүлделерге ие болды. Елге келіп, қызметіне кіріскеннен соң жүлдегер сарбаздарды департамент бастығы Қайрат Дәлбеков марапаттады.
Чемпионатқа әлемнің 39 елінен 150 сайыскер қатысқан екен. Қазақстаннан аталған жарысқа Астана, Алматы, Байқоңыр және Ақтау қалаларынан 13 спортшы барыпты. Маңғыстау облыстық ІІД «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары Айболат Мұратұлы мен Асхат Амановтар үшін бұл аталған спорт түріндегі алғашқы жеңістері емес еді. Әмбебап жекпе жек дегеніміз – спорттың кешенді түрі. Мұндағы бірінші сынақ – кедергілер жолағынан өту. Қатысушылар азғана уақыттың ішінде бірнеше спорттық снарядтардан өтіп үлгеруі тиіс. Жерлестеріміз пышақ қадау және пневматикалық қарудан ату жарысында жақсы көрсеткіштер көрсеткен. Рингтегі жекпе жектер кезінде де олар үздіктердің сапынан табылған.
– Мұндай мәртебесі жоғары жарысқа қатысу үшін күш пен ептілік аз, оған қоса табандылық пен төзімділік те керек. Ал бұл жылдар бойы қалыптасатын дағды. Сондықтан да қылмыскерлерді ұстаудағы жұмыс тәжірибемнің де бұл тұста үлкен рөл онағаны анық. Өйткені, ондай кездерде де басыңды қатерге тіге отырып, қаншама кедергілерден өтіп, шапшаңдық пен ептілік танытуға тура келіп жатады. Менің салмақ дәрежем – 95 келіде өңкей күші тасып, жұлқынып тұрған қарсыластар болды. Сонда да болса, қолаға қол жеткізе алдым, – дейді Айболат Мұратұлы. Асхат Аманов 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Ол төрт рет жекпе жек өткізіп, кезек-кезегімен Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменистан елдерінің спортышарын қапы қалдырған.
– Ия, әзірге қоланы місе тұтуға тура келіп тұр, бірақ, бұл олқылықтың да орынын толтырып, алтынға қол жеткізетін боламыз. Біздің еліміз үшін әмбебап жекпе-жек әзірге спорттың жаңа түрі болып табылады. Сол тұрғыда 39 елдің ішінен үшінші орын алу дегенің жақсы бастама, – дейді Асхат Аманов. Жалпыкомандалық сынақта бірінші орынды Ресей құрамасы алыпты, екінші орын әзербайжандықтарда, ал Қазақстан арнайы жасақ сарбаздары үздіктер үштігін бекітті.
Айболат Мұратұлы мен Асхат Амановқа «Әмбебап жекпе жектен Әлем чемпионатының үшінші орын иегері» алқалары табыс етілді. Ал Маңғыстау облыстық ІІД бастығы Қайрат Дәлбековке Unifigһt Халықаралық әуесқой федерация президенті атынан «Қазақстан Республикасының спорттық құрама командасына көрсеткен көмегі үшін» Алғыс хат берілді.

Шолпан Юлдашева
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі

 
0
0
450

Наурыз мерекесінде Маңғыстау облысының орталығында «Динамо» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Спорт кешені облыс әкімдігінің қолдауымен тұрғызылды. Салтанатты шарада облыс әкімі Алик Айдарбаев жаңа кешеннің тәртіп сақшыларының денешынықтыру дайындығын арттырып, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында салынғандығын атап өтті. «Барлық құқық қорғау органы қызметкерлерін бүгінгідей айтулы оқиғамен құттықтаймын. Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру саласы қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс деңгейін төмендету мақсатын көздейді. Ендеше, полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген тұрғындардың сенімін ақтап, өз міндеттерін әділ де адал атқарады деп сенеміз», – деді ол. «Динамо» спорт кешенінің жаңа ғимараты облыстық ІІД-нің аумағында орналасқан. Екі қабатты ғимаратта волейбол, футбол, бокс, пантратион, қоян-қолтық ұрыспен айналысуға болады. Жекпе-жек, күрес, теннис залдары бар. Сондай-ақ, жаңадан пайдалануға берілген кешенде заманауи жабдықтармен жабдықталған 25 метрлік жабық тир бар. Гардероб, киім ауыстыратын орын, душ бөлмелері және тағы да басқа жайлы жағдайлар спортпен шұғылданушылар үшін жасалған. «Бұл көпсалалы спорт кешені құқық қорғау қызметкерлерінің спортпен айналысуына арналған. Олардан басқа мұнда жас динамошылар да спортпен шұғылдана алады. Сондай-ақ, спортшы полицейлер де осында шеберліктерін шыңдайтын болады. Спорт кешенінде бір мезгілде 150 адамға дейін спортпен айналыса алады», – деді «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы төрағасының орынбасары Игорь Садыкин. Маңғыстау облыстық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дәлбековтің айтуынша, «Динамо» спорт кешенінің бұрынғы ғимараты 22 шағын ауданда орналасқан. Жарты ғасырға жуық тарихы бар ғимарат күрделі жөндеуге мұқтаж болатын.
«Құқық қорғау органдары алдында қылмыстың алдын алу және жолын кесу бойынша үлкен міндеттер тұр. Ал ол үшін кәсіби және әскери дайындықты ұдайы арттырып, спорттық шеберліктерді шыңдап отыру қажет. Жаңа нысанды тұрғызудағы мақсат да осы. Жеке құрам арасында облыс, республиканың намысын халықаралық жарыстарда лайықты қорғап жүрген спортшылар көп. Алдағы уақытта да әріптестеріміз «Динамоның» жеңісті тарихын жалғастыра береді деп сенеміз», – деді облыстық ІІД-нің бастығы Қайрат Дәлбеков. Спорттық кешеннің салтанатты ашылуында спортшы полицейлер, ІІО ардагерлері, түрлі құрылым өкілдері қатысты. Спорт алаңындағы ең бірінші допты облыс әкімі Алик Айдарбаев берді. Осы доппен құқық қорғау органдары арасында футболдан және волейболдан чемпионат басталды. Сегіз команда қатысқан жарыстарда жаңа ғимараттың іші жанкүйерлер дауысына тұнып тұрды. Ойыншылар жаңа залда ойнағанның өзіндік ерекшелігі барын, әсіресе, ойнауға өте ыңғайлы екендігін және жеңіске деген сенім беретінін айтады. «Осы кешенде біз жаз мезгілінде қоян-қолтық ұрыстан ІІМ-нің чемпионатын өткізетін боламыз. Сол кезде келген қонақтарымыз тек жаңа ғимараттың ғана емес, біздің өлкенің ең басты байлығы жадыраған күн және шалқыған теңіздің қызығына бататын болады», – дейді «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы төрағасының орынбасары Игорь Садыкин.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

 
0
0
617