Мазмұнға өту

Жаңа

ҚызықтыDay

Яркие события, которые произошли 20 июня в Казахстане

  • 86 лет назад (1930) началось строительство первой Карагандинской шахты по пласту «Верхняя Марианна» (позже №3 имени С.Кирова);
  • 86 лет назад (1930) в Караганде состоялось открытие передвижного театра по агитации и культурно-массовой работе (ныне Театр драмы им.К.Станиславского);

  • 24 года назад (1992) с участием Главы государства Нурсултана Назарбаева и представителей министерств и ведомств состоялся I форум предпринимателей Казахстана;
  • 24 года назад (1992) открыто первое международное железнодорожное сообщение. Из Алматы в Урумчи (КНР) отправился первый пассажирский поезд;

  • 19 лет назад (1997) постановлением Правительства РК образован Комитет по оборонной промышленности Министерства обороны Республики Казахстан. Упразднен Указом Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева от 20 мая 1999 года. Функции, полномочия по управлению имуществом и делами были переданы Министерству энергетики, индустрии и торговли РК;
  • 11 лет назад (2005) в Казахской национальной консерватории им. Курмангазы состоялась презентация диска «Выдающиеся мастера вокального искусства Казахстана». Диск выпущен в рамках проекта «Асыл мұра» («Музыкальное наследие Казахстана»);
  • 10 лет назад (2006) в Алматы в рамках Недели НАТО открыт Информационный центр этой международной организации. Центр создан при Казахском национальном университете им. аль-Фараби (КазНУ) на факультете международных отношений;

  • 10 лет назад (2006) в Шымкенте торжественно открыт памятник Турагулу Кунанбаеву. Он расположился на одной аллее с памятником самому Абаю в парке, который носит имя великого казахского поэта. Турагул, как и все дети Абая, получил прекрасное образование. Знал несколько языков - арабский, персидский, турецкий, русский. Виртуозно играл на домбре и скрипке. На счету Турагула множество переводов произведений писателей и поэтов Востока и России, собственные стихи и проза, музыкальные произведения;
  • 7 лет назад (2009) в Актобе был открыт памятник дважды герою Советского Союза Талгату Бегельдинову;
  • 5 лет назад (2011) в Вашингтоне посольство РК совместно с культурно-образовательной организацией «Things to Do» провело мероприятие с целью ознакомления американской общественности с историей, культурой, экономикой, а также политической жизнью Казахстана. Богатое историческое и культурное наследие Казахстана было представлено имеющимися в посольстве копиями золотых изделий скифов и саков, произведениями современных казахстанских ювелиров, традиционными предметами быта казахского народа и разнообразными образцами национальной одежды;

  • 5 лет назад (2011) в Академии государственного управления при Президенте РК состоялась официальная церемония подписания меморандума о сотрудничестве с Центром международного развития Университета Дьюк (Duke - США);
  • 5 лет назад (2011) в поселке Таукент Южно-Казахстанской области (ЮКО) открыта полностью обновленная медико-санитарная часть (МСЧ) «Демеу-Таукент». МСЧ «Демеу-Таукент» является единственной в поселке и обслуживает более 6 000 жителей Таукента и близлежащих населенных пунктов;
  • 5 лет назад (2011) при поддержке Министерства культуры РК и Союза журналистов Казахстана молодежным медиа-союзом республики разработан и запущен новый проект «Let's speak қазақша!». Главной задачей уникального проекта «Let's speak қазақша!» является популяризация трехъязычия среди творческих работников казахстанских СМИ.
  • 5 лет назад (2011) в Павлодарском государственном педагогическом институте состоялась презентация книги Сары Назарбаевой «Философия любви», на страницах которой обобщается опыт развития нашей республики, раскрывается философия любви к человеку, Родине, жизни, показываются грани взаимоотношений между людьми;
  • 4 года назад (2012) в Национальном научном кардиохирургическом центре нацмедхолдинга впервые в Казахстане и Центральной Азии проведена операция по имплантации аортального клапана через бедренную артерию. Новый метод уникален тем, что он значительно безопаснее, не требует разрезов и остановки сердца, а также существенно сокращает время реабилитации. Новая методика применена в рамках мастер-класса «Транскатетерная имплантация клапанов сердца» совместно со специалистами из Италии. Уникальные операции были проведены 6 пациентам со стенозом аортального клапана, самому молодому из которых 74 года (5 женщин и 1 мужчина);
  • 3 года назад (2013) в городе Талдыкорган презентовали проект по автоматизации работы предприятий пассажирского транспорта «Умная остановка». Талдыкорган стал первым в Казахстане городом, где был реализован полный комплекс системы спутникового мониторинга городского транспорта и информирования потребителей. На «умной остановке» есть информация о дате, времени и температуре воздуха, а также о расчетном времени прибытия на остановку автобуса каждого маршрута;

  • 3 года назад (2013) известный казахстанский певец и композитор, основатель казахстанской этно-поп группы «Уркер» Айдос Сагат стал первым послом доброй воли Агентства ООН по делам беженцев в Казахстане;
  • 3 года назад (2013) в Казахстане появился необычный скульптор - Айдос Есмагамбетов создает свои шедевры из силикона.  Главные работы Айдоса - это скульптуры Президента Нурсултана Назарбаева и Абылай хана. Художник изучил труды по анатомии, буквально под микроскопом исследовал характер и природу морщин;

  • 2 года назад (2014) Государственная дума РФ ратифицировала договор между Россией и Казахстаном о добрососедстве и союзничестве в XXI веке, который закладывает основы для дальнейшего стратегического партнерства между двумя странами. Договор подписан российским Главой государства Владимиром Путиным и Президентом Казахстана Нурсултаном Назарбаевым 11 ноября 2013 года в Екатеринбурге, исходя из стремления двух стран к углублению стратегического партнерства для полной реализации потенциала Таможенного союза и Единого экономического пространства.
  • 2 года назад (2014) в здании филиала партии «Нур Отан» прошла международная научно-практическая конференция «Ханафитский мазхаб - духовное наследие Центральной Азии», посвященная 111-летию центральной городской мечети. На конференцию собрались представители духовного управления мусульман Казахстана, представители религиозных управлений мусульман России, Узбекистана, исламских университетов, ученые высших учебных заведений, теологи. Целью конференции явилось обсуждение вопросов традиционных религиозных отношений, которые сформировались в современную эпоху в Центральной Азии.
  • Год назад (2015) в художественном музее Павлодара открылась выставка итальянского фотографа-путешественника Джанни Форабочи, побывавшего во многих странах Африки, Латинской Америки, ездившего в Индию и Китай. Посетителей она увлекла на экзотические праздники африканцев, ослепила золотом индийских женщин и удивила реальностью воссозданных средневековых религиозных праздников в Италии.
  • Год назад (2015) в Павлодаре стартовала экспедиция «Өлкетану-2015». Программа экспедиции была очень насыщенная и разнообразная: за четыре дня ее участники получили теоретические знания об истории и географии Казахстана, приобрели практические навыки выживания на природе (установка палатки, вязание туристских узлов, полевая кухня, ориентирование на местности). Члены экспедиции также помогли археологам в укреплении берега озера Борлы, волны которого размывают исторический памятник.
  • Год назад (2015) в Казахстане появилась новая авиакомпания - Sunkar Air.
 

Источник данных фактов: www.inform.kz

0
0
880

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі Институты

Тіл білімі институты Қазақстан Републикасы Ғылым және Білім министірлігі ғылым комитетіне қарайды. Ресіми ақпараттар бойынша институт тарихы 1961 жылы Әдебиет институтынан бөлініп жеке дара ғылыми институт болып шыққаннан басталады. Ал негізінде ғылыми институт тарихы А.Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығынан басталады. Өздеріңіз білесіздер қазақ тіл білімінің атасы, тіл ғылымын жеке сала ретінде қалыптастырған ғалым Ахмет Байтұрсынұлымен біз мақатанамыз. Себебі басқа түркі тілді халықтардың ғылыми граматикалық курсын жазған ортыстың ориенталист түркітанушылары болса, қазақтың тіл ғылымының граматикалық курсын жазған өзіміздің төл ұстазымыз А.Байтұрсынұлы. Сол себепті де Байтұрсынұлының еңбектерінен осы тіл білімі институт тарихын бастаймыз.

1926 жылы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Абай атындағы ұлттық педагогикалық институтының жанынан Мәдениет орталығын құрған болатын. Бұл орталықты құрудағы мақсат ғылымды академиалық орталық ретінде құру болатын. Қазақ ғылым академиасының негізін қалаған Қаныш Имантайұлы Сәтпаев болғанымен, ғылымды академиалық жолмен ұйымдастыру идеясын о баста Ахмет Байтұрсынұлы айтқан болатын. Бірақ оны жүзеге асыру бақыты Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың еншісіне қалды. 1926 жылы құрылған бұл орталықта талай зертеулер жүзеге асырылды. Бір өкініштісі А.Байтұрсынұлымен бірге сол орталықтың жұмысына қатысқан біраз ғалымдар репрессия кезінде атылып кетті. Бұл ғылымның дамуына орасан зор зиянын тигізді.

Ғылым академиасының ғимараты тарихына тоқталатын болсақ. Соғыс кезеңінде Мәскеудегі, Петербургтегі орыс ғылым академия орталықтары өртеніп кеткен болатын. Орыс ғылымының негізі болған құнды деректердің жойылып кеткенін көрген Қаныш Сатпаев қазақ ғылымын сақтап қалу үшін соғыс жылдарынан кейін ғимаратты жапон тұтқындарына бомбаханасымен салдырты. Ғалымның ондағы негізгі мақсаты ғимарат ішіне зертеу институттарын отырғызып қазақтың ғылымын сала-сала бойынша дамыту еді. Ал ғимараты жапон тұтқындарына бомбаханасымен салдыртудағы негізгі ойы ішкі немесе қандайда бір сыртқы күштердің әсері болған жағдайда қазақтың ғалымдары өз еңбектерін сол жерде сақтасын деген ойы болған. Бомбахана жарық, су, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл ғалымның қазақ ғылымының сақталып қалуы үшін, жойылып кетпесі үшін ғылымға жасаған, қазақ халқына жасаған игі ісі болған. Ғимаратың өзі бүкіл қазақ ғылымының тоғысқан  ортасында тұр.

Құрылғанан бері институт әлемдік тіл ғылымынан қалыспайтын зертеулер жасап келеді. Мақтанып айтуға тұрарлық әлемдік тіл ғылымындағы зертеулерден қалыспай қазақ тілінің ғылымыи лингвистикалық базасын жасап берді. Қазақ тілінің он бес томдық түсіндірме сөздігі және Қазақ тілінің бір томдық түсіндірме сөздігі жазылды. Он бес томдық түсіндірме сөздікте 93 мың сөз, 150 мыңға жуық  тіркес қамтылған ал, бір томдық түсіндірме сөздікте 106 мың сөз, 150 мыңнан астам тіркес қамтылған. Тіл білімі институты қазақ тілінің томдық түсіндірме сөздіктерінің мәдени семантикасы үшін шетелдік тіл ғалымдарынан жоғарғы баға алаған.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі Институты тек Қазақстандағы ғана емес әлемдегі жалғыз ғана қазақ тілін зертейтін орталық. Қазақ тіл ғылымы - бұл ғылымның бір саласы. Қазақ тілі мемлекеттіліктің бір символы. Яғни қазақ тілін зертейтін Қазақ тіл білімі институтының орны да биік болуы керек. Қазақтың мұрасын сақтап келе жатқан -қарашаңырақ. Себебі қазақтың мәдениеті, көрген-білгені, білімі бүткіл мұрасы тілде сақталады. Ал сол сөзді сақтаушы, осы орталық қарашаңырақ. Казіргі уақытта орталықта қазақтың 5 млн сөзі анықтамалық картотека қоры жиналған. Қазақ сөзінің жинаушысы, сақтаушысы, таратушысы, жүйелеушісі осы тіл білімі институты.

0
0
3628

ҚР ДСӘДМ-ге қарасты 2 ұйым бәсекелестік ортаға берілді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты 2 ұйым («Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ және «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі» РМҚК) бәсекелестік ортаға берілді.

ҚР ДСӘДМ бәсекелестік ортаға берілетін ұйымдарының тізімі 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспарына сәйкес жасалды. Аталған жоспар 2015 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің №1141 қаулысымен бекітілді.

Жоғарыда көрсетілген ұйымдармен қатар «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМҚК, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы» АҚ және «Республикалық протез-ортопедиялық орталығы» АҚ жекешелендіруге жатады.

«СК Фармация» ЖШС, «Қазмедтех» АҚ, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ сияқты ірі ұйымдар басымдықпен жекешелендірілетін болады. Олардың жекешелендіру мерзімін құрамында халықаралық кеңесшілері бар ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жанындағы жұмыс тобы анықтайтын болады.

Жұмыс тобының негізгі міндеті – ұсынымдар жасау, акциялар пакетінің (қатысу үлесімен бірге) көлемі, шарттары, әдістерін белгілеу, сатылымдағы нысандардың алдын-ала дайындығы мен іске асыру мерзімін көрсету.

Денсаулық сақтау нысандарын бәсекелестік ортаға беру – халыққа медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыра түспек.

 
0
0
297

Сыр елінің тұңғыш генералы

Қызылорда қаласының орталығында сұлу Сырдария өзені жағалауынан басталып, облыстық Ішкі істер департаменті  ғимаратына келіп тірелетін көше Сыр елінің тумасы, тұңғыш генерал Нұрылла Алмағамбетов атымен  аталады.

Биылғы жылдың 8 наурызында абзал азамат, жерлесіміз, 19 жыл Қазақ КСР-ның Ішкі Істер министрінің бірінші орынбасары болған, жауынгерлік «Қызыл жұлдыз», екі мәрте «Еңбек Қызыл ту» орденінің, «Ерлігі үшін» және тағы басқа 14 медаль иегері, КСРО Ішкі істер министрлігіне және Қазақ ССР ішкі істер министрлігіне еңбегі сіңген қызметкер, милиция генерал-майоры Н.Алмағамбетов тірі болғанда 96 жасқа толатын еді.

Ол 1919 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр (бұрынғы Қызылту колхозы, Калинин совхозы) ауылында  туылған. Әуелі Қызылорда қаласындағы орта мектепті, кейін Қызылорда медициналық училищесін «фельдшер» мамандығымен аяқтап, Алматы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының курсын аяқтаған соң, Алматыда денсаулық сақтау бөлімінде жауапты қызметтер атқарды. 1938 жылы Қызыл Әскердің қатарына шақырылып, 1939 жылы Фин соғысына қатысады.

Ұлы Отан соғысы басталарда ол Ақтөбеде құрылған 101-ші Ұлттық жеке бригаданы жасақтауға қатысып, ерекше бронепоезд бөліміне әуелі аға-әскери фельдшер, кейін бөлімнің әскери медициналық қызметінің бастығы, санитарлық ротаның командирі ретінде Калинин, Прибалтика, Төртінші Украина майданындағы қанды шайқастарға, Псков облысы, Белорусь, Латвия, Литва, Эстония және Шығыс Еуропа елдерін фашизмнен азат етуге қатысады. 1942 жылдың аяғында Ногинск қаласына жеткізіліп, Жоғарғы Қолбасшысының құзырындағы 39-шы армияның қарамағына еніп, Мәскеуді қорғауға қатысты.

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Рысбай Кәріммен баспаға берілген «Елім деп соққан жүрегі» атты кітабында 101-ші ұлттық бригада командирінің орынбасары, қызылордалық майор Мусса Сәдібеков 1942 жылдың 24 желтоқсанында Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Төлебаевқа жазған хатында: «Менің жерлесім Нұрылла Алмағамбетов жауынгерлер арасында үлкен беделге ие. Ол ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп, ұрыс даласында жараланған 30 жауынгерге медициналық көмек көрсетіп, оларды ұрыс даласынан алып шығып, ерлік көрсетті. Осы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Әлі алда Жеңіс күніне дейін талай ерліктер жасай беретін болады» деп көрсетті. 1943 жылдың наурызында «Ржев асуынан» кейінгі шайқастардан кейін, батысқа қарай жорық жолдарын бастаған Н.Алмағамбетов атақты «Багратион» операциясына қатысып, Беларусь жерін неміс басқыншыларынан азат етеді. Полоцк қаласын жаудан босатқан шайқаста ол көрсеткен ерлігі үшін жоғарғы бас қолбасшы И.В.Сталиннің Алғыс хатымен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Сол кездердегі  шайқастарды еске алған қаруласы, майдангер ардагер, отставкадағы полковник Кәкен Әбенов: «Нұрылла күні-түні ұйқысыз, демалыссыз жаралы жауынгерлердің өмірі үшін күресті. Оларды тірі алып қалу үшін білімі мен  тәжірибесін аямады. Ал жаудан «Тіл» әкелуге жасақталған арнайы командаға ол бірінші шақырылатын. Фин соғысында осындай тапсырмаларды орындаудағы оның тапқырлығы, бай тәжірибесі, ержүректілігі ескерілген еді», - деп жазды («Ради жизни», №6, наурыз  1996 жыл). «Санитарлық рота алдынғы шептегі ұрыстарға, қолма-қол шайқастарға қатысып, жауған оқтың арасында жаралыларға дәрігерлік көмек көрсетіп, оларды ұрыс даласынан шығарып жататын. Сондықтан да олардың  міндеттері жауапты да, күрделі болатын»,- деп жазады майдан, әскер қолбасшылары.

А.Михиннің «Біз жеңу үшін қаза болдық» атты Ржев шайқасына арналған еңбегінде төмендегі жолдар бар: «Біз Ржевке жерде жатқан қаптаған адам өліктерін баса отырып жылжыдық. Ол жердегі 200-250 шақырымды құрайтын Ржев асуындағы айқастар барысында көптеген өлім алқаптары мен шоқ-тоғайлар пайда болды. Жаз, ыстық желсіз күн, алдымызда өлім алқабы. Ол жерде шайқаста болмаған адам мыңдаған сасыған адам өліктерін де, қаптаған, құжынаған құрттарды да көзіне елестете алмайды, түсіне білмейді. Жердегі адам өліктері үш қатардан тұрады. Олардың үстінен телефон кабелі жүргізілген, ол үзілсе оны қалай да болса жалғау керек. Мәйіттердің үстімен еңбектеп мінуге мәжбүрсің. Ал олар 3 қабат болып қалған, ісініп жарылуға айналған. Кейбіреулері жарылып үлгірген. Жүрек ауыртатын жиіркенішті, жағымсыз, адам өліктерінің қолаңса сасыған иісі бүкіл алқапты алып жатыр. Снаряд жарылғанда еріксіз осы мәйіттер астына тығыласың, денең үрейден түршігеді.

Снаряд жарықшақтары ұшып өтісімен жан-айқаймен орныңнан тұрып, жалма-жан үстіңді қағып, алға ұмтыласың. Жау жоғарыда өте ыңғайлы позицияда орналасқан. Біздің орналасқан жер оларға жақсы көрінеді және оларға ату өте ыңғайлы, бұл жерді айналып өте алмайсың (аударма өзімдікі)».

Ржев асуындағы шайқас Кеңес азаматтарының есінде «Ржев еттурағышы» деген атпен қалды. Бұл соғысты немістер де қорқынышпен еске алады екен. Қазір бұрын жазылмай келген ұғымдар пайда болды.

Соның бірі – «Ржев түбіне айдап алып барды». Бұл шайқаста Кеңес әскерлері әскери техника мен адам саны бойынша өте көп шығынға ұшырады, ал немістер аз шығынмен қаланы тастап шықты. Шабуылмен қалаға кірген Кеңес әскерлері немістің  тастап кеткен бос қала мен әскери техникаға ұқсатып, көз қылып орналастырған «арьергардқа» тап болған.

Бұл «Буйвол» операциясы – немістердің әскер санын  шығыннан  және қоршауда  қалу қаупінен аман алып қалу үшін жасаған тактикасы екен. Бұны қазіргі таңда немістердің  Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен асқан әскери шеберлігі, ұтымды жоспарланған шегіну операциясы деп бағалап жүр. Әлемнің көптеген мемлекеттерінің әскери оқу орындарында немістердің бұл тәжірибесі арнайы оқытылады екен.

Ржев-Вяземск операциясы Кеңес Одағы басшылығының бақылауында болды. Жау Мәскеуден бар болғаны 150-200 шақырымда Ржевте мықты плацдарм құрған. Ржев қаласы 1943 жылдың 3 наурызында босатылды, ал 4 наурызда Ұлыбритания Премьер-министрі У.Черчилль Сталинге құттықтау хат жолдаған. Қазіргі Ресей тарихшыларының деректеріне сенсек, Сталин бүкіл Ұлы Отан соғысы барысында бір-ақ рет шайқас болған жерге барған екен. Бұл 1943 жылдың 3-5 тамыз күндері. Соғыс шығыны туралы әр түрлі деректер бар. Қаза болған, із-түссіз жоғалғандар саны 392 554, жарақат алғандар саны 768 233, тұтқынға түскендер саны 63 700-ді құраған. Ал тарихшы П.Кривошеев өлгендер саны 433 037, тұтқынға түскендерімен бірге саны 605 984 болған деп көрсетіп жүр. Шайқасқа дейін қала мен оның төңірегінде  20 000 адам тұрса, шайқастан кейін 150 адам, соғысқа дейінгі 5443 үйден 297 үй қалған екен. Шайқас салдарынан келген зиян 1,5 млрд. рубльді құраған. Бұл сол кездегі есеппен орасаң  шығын болып есептеледі. Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы В.П.Астафьев өзінің «Прокляты и убиты» кітабында: «Біз оларға өзен тола қан ағыздық және оларды тау-тау өліктермен көміп тастадық» деп жазады.

Қазіргі ресейлік тарихшылар бұл алапат қырғынға ол шайқаста кезекпен-кезек басшылық жасаған Жуков пен Коневті  кінәлауда. Ржевте бас қолбасшы болған Жуков өз мемуарларында бұл шайқасқа бар болғаны бірнеше қатар ғана арнаса, Конев ол тақырыпты айналып өтіп, мүлдем ештеңе жазбайды. Бұл шайқаста Кеңес әскерлері жеңгенімен техника мен адам саны өте көп шығынға ұшырап, ауыр зардаптарға душар еткен.

Мен Ржев шайқасының Нұрылла ағаға тікелей қатысты деректерді интернет беттерінен іздеп, оны қазақ тіліне аударуға едәуір уақытымды бөлдім. Соғыс алаңында қаншама адам жер жастанғанда, соғыстың басынан аяғына шейін қатысып, қаншама қиыншылықтарды көріп, майдандастарын, достарын ұрыс алаңынан алып шығып, кейбіреулерін жерлеп, қаншама рет жаны күйзеліске ұшыраған Нұрылла ағаның «Қанша қырғын болса да ажалдан өледі» демекші елге аман-есен қайта оралуы оны ата-бабасының аруақтары мен періштелердің жебеп-желеп, қорғап жүруінен деп түсінуге болады.

Осындай қиян-кескі ұрыстар кезінде Н.Алмағанбетов бірнеше рет жараланып, контузия алып, екінші топтағы мүгедек атанған. Алайда ол майдан алаңында әскер қатарында қала берді. Соғыс аяқталғаннан кейін өзінің командалық құрамымен Н.Алмағамбетов Шығыс Германияның Оңтүстік Саксониядағы Кетен қаласына әкімшілік қызметке жіберіледі. Соғыстан кейін жауынгер офицер 2 жыл бойы Германиядағы Кеңес әскерінің қатарында саяси жетекші, кейін өзі қызмет атқарған құрамының медицина қызметінің бастығы болып қызмет атқарды. Соғыс аяқталғаннан кейін Германияда нацистік топтар шабуылдарына тойтарыс беріп, қираған ғимараттарды қалпына келтіру, халықты бейбіт өмірге бейімдеу, дәрігерлік көмек көрсету, халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруда Н. Алмағамбетов өзінің іскерлік қабілетін көрсете білді.

Менің әкем соғыстан 1946 жылдың қарашасында келсе, Нұрылла аға елге 1947 жылы оралды. Н.Алмағамбетов бейбіт өмірге араласып, әуелі облыстық денсаулық сақтау бөлімінде эпидемиологиялық науқастарға қарсы күрес секторының меңгерушісі лауазымын атқарып, кейін 1948 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Қызылорда қалалық партия комитетінің хатшысы лауазымдарын атқарды.

1955 жылы Мәскеудегі КОКП ОК жанындағы жоғарғы партия мектебін аяқтаған соң, Сырдария өзенінде салынып жатырған Қызылорда плотина құрылысына парторг қызметіне тағайындалды. Соғыстан кейінгі ел тұрмысын түзеу үшін Сыр елінің күріш алқаптарын арттырып, оны сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысты. Сырдария өзенінің көктемдегі көп суды реттеу үшін бұл құрылыстың стратегиялық маңызы бар еді. Өзіне сеніп тапсырылған  бұл жұмыста да  Н.Алмағамбетов барлық күш-жігерін жұмсап, алдынғы қатардан көрініп, өзіне жүктелген сенімді ақтай білді. 1956 жылы плотина құрылысы аяқталған соң мемлекеттік қауіпсіздік органдарын партияның кадрларымен нығайту саясатына байланысты ол ШҚО бойынша Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасының орынбасары қызметіне жіберілді. Бұл қызметте ағамыз 6 жыл еңбек етіп, Мәскеудегі ҰҚК бір жылдық курсын бітірді. Осы кездері ол мемлекеттік қызметпен қатар Өскемен қалалық партия комитетінің мүшесі, қалалық Кеңестің депутаты сияқты қоғамдық жұмыстарды белсене атқарды.

Оның бұл қызметі сол кездегі елдегі саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты еді. Елде түрмеде жазасын өтеп жатқан адамдарға амнистия жариялап, бостандыққа шығарған болатын. Олардың көбісі тың игеруге Қазақстанға ағылып келіп жатты. Олардың ішінде рецедивистер, қоғамда ауыр қылмыс жасаушылар, т.б.  қылмыскерлер көп болатын. Олармен бейбіт өмірде жұмыс жүргізу, қоғамның тыныштығын сақтау күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі болатын. Оның үстіне елдегі қауіпсіздік органдар тарапынан жаппай қуғын-сүргін тоқтатылып, бұл органдар партия тарапынан қатаң бақылауға алынды. Осы жағдайды ескерген үкімет ІІМ Орталық аппаратын нығайту мақсатында білімді, тәжірибелі, өмірдің ыстық-суығын көрген кәсіби мықты кадрлармен толықтыруды көздеді. Бұл талапқа майдангер, ҰҚК басшысы қызметін мінсіз атқарған 43 жастағы Н.Алмағамбетов сәйкес келіп, Қазақ ССР ІІМ-нің бірінші орынбасары қызметіне жіберіледі. Өзіне сеніп тапсырылған бұл қызметті ол 19 жыл абыроймен атқарды. Ол министрліктің үлкен де, жауапты, ауқымды саласын басқарып, тергеу, БХСС, еңбекпен түзеу (лагерлер, колониялар, түрмелер), құрылыс, өртке қарсы күрес қызметтері саласына жетекшілік етті. Әсіресе Н.Алмағамбетов еңбекпен түзеу мекемелеріндегі бұрын сотты болғандарды қайта тәрбиелеу, оларды қоғамға бейімдеу, тұрмыстық жағдай жасау сынды  өзекті мәселелерді республика көлемінде шешті. Ол түзету колониялары мен  мекемелеріндегі бас бостандығынан айрылған азаматтарды халық шаруашылығының түрлі салалары бойынша өндіріске тарту, еңбекке баулу, сол арқылы халық тұтынатын өнімдер шығару, мамандықтарға оқыту, т.б. шаруашылық орындарын ұйымдастырып, жүктелген саланы өмір талабына сай басқара білді.

Н.Алмағамбетов өзінің өмірлік тәжірибесін қай салада қызмет атқарса да көрсете білді. Оның басшылығымен мыңдаған бұрынғы қылмыскерлер құрылыс материалдарын, халық тұтынатын тауарларды өндіріп шығарды. Республикада, қалалар мен қыстақтарда тұрғын үйлерді, зауыт-фабрикаларды,  өндіріс орындарын салды. Осындай тәрбиелік маңызы бар жұмыстардың негізінде, көптеген бас бостандығынан айрылғандар, еңбек тәрбиесін алып түзеліп, отбасына оралып жатты. Осы жұмыстардың ұйытқысы және басшысы бола білген генерал Н.Алмағамбетов соғыс кезеңіндегідей алдынғы сапта жүрді. Осы бейбіт күндегі еңбегі ескеріліп, ол «Еңбек Қызыл Ту» орденімен  марапатталды.

Өз міндетін қай қызметте жүрсе де үлкен абыроймен атқарып, ел қорғауда, бейбіт еңбекте қалтқысыз қызмет атқарғаны үшін тұңғыш генерал  40-тан аса марапатқа ие болды, оның ішінде КСРО басшысы И.В. Сталиннің Алғыс хаты мен «Ерлігі үшін» медалі, 4 рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Мақтау Грамотасы, 21 рет Үкіметпен, жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» ордені, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендері, «Ерлігі үшін және т.б. 14 медалі бар.  Ол көзі тірісінде КСРО Ішкі істер министрлігіне және Қазақ ССР ішкі істер министрлігіне еңбегі сіңген қызметкер атағына ие болған.

Тауқыметтер мен қиындықтарды басынан кешіріп, елін жаудан қорғауда, бейбіт күндері қылмысқа қарсы күресте қатардағы жауынгерден генералға дейін көтерілген жерлесіміз  Н. Алмағамбетовтің өмір жолы бүгінгі келешек жастарға үлгі екендігі сөзсіз.

Өзім де кейін есейген кезде ол кісінің ақыл-кеңестерін естіп өстім. Ол кісінің аты Сыр бойына, Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдары және т.б. тақырыптардағы  көптеген кітаптарға енді, әлі де енеді. Сондықтан ол кісінің кімге болса да үлгі болатын өмірбаяны, қиын балалық шағы, Фин және Ұлы Отан Соғысындағы өшпес ерліктері, соғыстан кейінгі Партия, Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі істер органдарындағы халық шаруашылығын қалыпқа келтірудегі, социалистік заңдылықты сақтаудағы көрсеткен ерліктері айтуға, жазуға, өлең жолдарын арнауға, тіпті ол туралы фильмдер түсіруге тұрарлық.

Оның үлгілі өмірбаяны, жүріп өткен жолы көптеген шәкірттері үшін үлгі болады және жастар,  құқық қорғау, әскери оқу орындары түлектеріне патриоттық тәрбие беруде маңызы зор.  Ол кісіні есейген шағымда алғашқы көргенім әлі есімде. 1978 жылы мен мектепте 9-сыныпта оқып жатырған  кезімде үйімізде қонақта болып, маған көптеген сұрақтар  беріп, менімен біраз әңгімелесіп, маған КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы милиция мектебіне оқуға баруымды ұсынды және ата-анамның келісімін алды. Олардың бұл шешіміне қарсы болып, милиция қызметкері болғым келмеді. Ол үшін орта мектепті бітірер кезде, құжаттар жинау барысында ІІІ оқу тоқсан  табелін қасақана тығып тастадым. Соның салдарынан құжаттар ішкі істер басқармасына кеш тапсырылды. Кадр қызметкерлері менің милиция қызметкері болғым келмейтінін байқап, менің құжаттарымды  Қарағанды мектебіне емес, Алматы өрт-техникалық училищесіне тапсыруымды сұрады және мен солай істедім. Кейін  менің ол кісінің айтқанын істемегеніне ренжіп, өзіме, әкеме ұрысқаны бар еді.

Менің әкемнің айтуынша, 1941 жылы Қызылордадағы 1-Май орта мектебін алғашқы түлектері қатарында аяқтап, соғысқа аттанғанда Нұрылла Ақтөбе қаласында әскери жиында болатын. Оны перронда күтіп алып: «Асан бұл бір ғаламат соғыс болады, бір әке-шешеден сен де, мен де жалғыз ұлмыз. Алла тағала екеумізді соғыстан аман-есен  қайтуды жазсын, хош бол»-деп аздаған ақша ұстатты. Алла олардың тілектерін қабыл қылып екеуі де аман оралды.

Ол кісінің соғыс, милиция қызметі туралы әңгімелері қызықтыратын. Ол сондай-ақ, медицинадан, өнер және әдебиеттен жақсы хабардар еді. Қызылордалық жерлестер, Исатай Әбдікәрімов басқа да көптеген Сыр елінің белгілі азаматтары ол кісінің үйінде жиі қонақта болатын.

Өткен жылы аталып өтілген  Жеңістің  70 жылдығына орай, облыстық ішкі істер департаменті ғимаратының алдында орнатылған мәрмәр тақтаға Нұрылла Алмағамбетовтің аты қашалып жазылды.

Иә, Нұрылла ағаның Сыр елінде іздері сайрап жатыр. Қазақстанның әр түкпірінде ол кісінің шәкірттері жетіп артылады. Жалағаш ауданының орталығында да ол кісінің  атымен  аталған көше бар. Генерал оқыған Қызылорда медициналық  колледжі мен облыстық өлкетану мұражайында ол кісіге арналған бұрыш ұйымдастырылып, ағамыздың тірі кезінде ұстаған заттары, мундирі, бүкіл ордені мен медальдері сақтаулы тұр. Халық ол кісіні әрдайым тек жақсы жағынан ғана еске алады. Ері есімі ел есінен ешқашан өшпейді.

 

Қоразбаев  Хұсайын  Асанұлы

Қызылорда  облыстық  Ішкі   істер  департаменті

Заң бөлімінің басшысы, запастағы полиция полковнигі

 
2
0
1008

Ұмыт қалған әулиелерді ұмытпасқа...

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 2016 жылдың 16 маусым күні «Ұмыт қалған әулиелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Әулиелер – халқымыздың сан ғасырлық тарихында өзіндік орны бар, дініміздің нығаюы мен салт-дәстүріміздің дамуына, ұлт тәрбиесінің қалыптасуына имандылықты сіңіруге ерекше ықпал еткен өз заманының ерекше тұлғалары. 
Діни-рухани ескерткіштер - ел тарихының құрамдас бөлігі болып, ғасырлар қойнауынан жеткен дініміздің дамуымен тығыз байланысы бар, әулиелік, көріпкелдік қасиетімен дараланған белгілі бір тұлғаның өмірінен сыр шерттер жұмбағы мол құнды жәдігерлер. Осы аталған діни-рухани ескерткіштерімізді кеңінен насихаттау, оларға арнайы туристтік маршруттар ұйымдастыру кезек күттірмес мәселе. 
Іс-шараға Түркістан қаласының орта мектептерінен осы тақырыпта зерттеу жүргізіп жүрген, жоба әзірлеген мектеп оқушылары мен жетекшілері, Жылаған ата бұлағын зерттеп, насихаттап жүрген Түркістан қаласының құрметті азаматы, ұстаз зейнеткер Тұрғанбай Салғараев, Гауһар ана кесенесінің шырақшысы Нұрғали Алдабергенов, Түркістан ауданының аумағындағы әулиелі жерлерге саяхат ұйымдастырып жүрген өлкетанушы Ерлан Сыздық, қала мектептерінің оқушылары тағы басқа қонақтар қатысты. Жиын барысында Түркістан өңірінің әулиелі аймақтарына туристік маршруттар жасау, зияратшыларды кең көлемді экскурсиямен қамтамасыз ету мәселелері сөз етілді. Сонымен қатар, Сауран археологиялық-архитектуралық ескерткіштер кешеніндегі діни-рухани ескерткіштерімізге туристер тарту мәселесін, инфрақұрылым дамыту жайлы туралы тұшымды ойлар айтылды. Қаламыздың №18 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары А.Нұрболат және Д.Қазыбек Түркістаннан шыққан ортағасырлық ғұламалар жайлы, Бабайқорған орта мектебінің 8 сынып оқушысы Рысбай Зере «Үкаша ата» туралы баяндамаларын оқыды. 
Шара соңында тарихи тағылымдық бұл шараға келген қонақтарға музей атынан алғыс хатпен қоса музей баспа өнімдерін сыйға берілді.
Іс-шараға қатысушылар осындай ұмыт қалған әулиелер мен ел қамын ойлаған ата-бабаларымыздың өнегелі өмір жолын болашақ ұрпаққа насихаттауда игі жұмыстар көптеп жасалу керектігін көкейге тоқып тарқасты.

 
0
0
694

Ақтөбедегі теракт кімге керек болды?

Бейбіт мемлекетімнің тыныштығын бұзған Ақтөбе оқиғасы. 05.06.16 еліміз үшін қаралы күн. Ресми түрде 09.06.16 қаралы күн деп жарияланды. Әлі де қорқыныш сейілмек емес. Дәл осы қиын кезеңдерде халқымыздың нақ ынтымақтастығы мен достастығының рухы көрінгендей. Қазақстанда 130-дан аса ұлт емес, дәп бір, тек қана бір қазақстандықтар тұратынын дәйекті мысалымен көрсетіп, бір жұдырықтай жұмыла жан айқайын елден қымтырылмай жеткізіп жатқан жасөспірім балалардың өлеңдерінен-ақ ұқтым. Халық үшін мына тәуелсіз елде жалтақсыз желбіреген көк туымның қадірін осы күндері айқын байқадық. Біздің мемлекетіміздің бейбіт өмірі біреуге кедергі етті ме? Өзгелердің қызғанышын туғызғаны ма? Атомдық қару-жарақтан бас тартқанымызбен, бүгінгі күннің қаруы одан асып түспек. Ең сұмдық қару ел ішіне іріткі салу емес пе? Бұл бірінші рет болған дүние емес. Дана халқымыз “іштен шыққан жау жаман” деп, өз жауларын достарынан жақын тартқаны баршамызға мәлім. Тек мұнда іштегі тату бауырымызды жау есебіне қосылуға, өз халқын қырғынға ұшыратып, қан қақсататындай не көрінді? Ата-анасын күндізгі күлкі мен түнгі ұйқысынан айырып, өз ішінен шыққан ұлдары үшін бүкіл халықтан кешірім сұрап, ұяттан жерге кірердей дәрежеге жеткізендей қандай себеп болуы мүмкін? “Қандай тәрбие берген едік? Қай жерде ағаттық еттік, мұндай жауыз болсын деп дүниеге әкелген бе едік?” - деп зар жылаған ата-анасын енді қайтіп жұбатпақ? Адамдардың қара ниетіңнен жүзеге асуы осы. Өз ішіміздегі бауырымыз жауымызға айналды. Өзгенің жемтігі, жендеті болған секілді. Бұның басында тұрған адамдардың мұншалық қаскөйлік көрсететіндей нендей күн туғызып едік? Кімнің ала жібін аттап, кімнің жолын торуылдаған едік? Кімнің бізде кегі кетті? Өз ниетімен халқын қыруға қиды деуге аузым бармайды. Өзгені кінәлап, өзгеден айып таппақпын. Менікі тек өз халқымның жауыз ұлдарын ақтап алмақ ниет.... Басқа-басқа дәл қасиетті Рамазан айында мұндай оқиғаның болғаны өте өкінішті. Жыл бойы айлар сұлтанын күтіп, халық ораза ұстап, ауыз бекіткен шақта осы оқиғаға тап болдық. Тек сол күнмен бітсе мейлі ғой. Келесі күндері де атыс пен шабуыл жалғаса берді. Отанын қорғауға ант берген жауынгерлеріміз жасына қарамастан аянбай қарсылық көрсетіп, о дүниеге де елі үшін аттанды. Олардың қажырлы еңбектері мен батырлығының арқасында ол топ тез ұсталды. Халық тыныштығы сенімді қолда екенін көрген ел уайымға түскен жоқ. Қандай дайындықпен, жоспармен жұмыс жасап жатқанын көргендіктен сенді. Олар сенімді ақтады. Бұл оқиға санамыздан өшпек емес. Бұл қорқыныш ендігі ұйқымызды бұзбасын, ынтымағы жарасқан елімнің шаңырағы шайқалмасын!

1
2
577

«Байсерке – Агро» ЖШС базасында Алматы облысы халқымен жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің отырысы өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
18.06.16 ж.                                               Астана қ.

Бүгін «Байсерке – Агро» ЖШС базасында Алматы облысы халқымен жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің отырысы өтті.

Бүгінгі күнге дейін Комиссиямен үш отырыс және Ақмола облысының халқымен кездесу өткізілді.

Алдынғы мәліметтерге сүйене кетсек, жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің негізгі міндеттері жер заңнамасының нормаларына қатысты ұсыныстарды қарау болып табылады.
Бұрынырақ, республикалық комиссияның екінші отырысында төрт жұмыс тобын (құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру  және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша) құру жөнінде шешім қабылданды. Жұмыс топтарының басшыларымен топ ішінде жеке отырыстар өткізілді.

Халық арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу мақсатында  ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Call-центр (1434) қызмет етуде. Бүгінгі күнге дейін келіп түскен қоңыраулардың саны 9464 жетіп, оның ішінде жер телімдерін рәсімдеу, жалға алу, сату, сонымен қатар, ү.ж. 6 мамырында ҚР Президентімен бекітілген жарлығымен нормаларға моратории жүргізу мәселеріне қатысты қоңыраулар келіп түсуде.

Бұға қоса, арнайы ашылған «jerturaly.kz» сайтына сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсуде. Бүгінгі күнге дейін 860 сауал келіп түсті. Барлық келіп түскен ұсыныстар тіркеуге алынып, комиссия мүшелерінің қарауына енгізілуде.

Анықтама:
«Байсерке-Агро» шаруашылығының негізгі даму бағыттары өсімдік шаруашылығы, азық дайындау, асыл тұқымды етті-сүтті мал шаруашылығы, асыл тұқымды жылқы және қой шаруашылығы.
Шаруашылықта 43323,3 га жер алқаптары, соның ішінде егістік 3366 га, жайылымдар 39822,1 га құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықта 2218 ІҚМ, 9243 қой мен ешкі, 537 жылқы және 149 бас түйе өсіріледі.
«Байсерке-Агро» асыл тұқымды қазақтың ақбас тұқымы, асыл тұқымды голланд, қара-ала сиырлары мен биязы жүнді және еділбай қойларын өсірумен айналысады. Шаруашылықта 300 ге жуық адам еңбек етуде.
2011 жылдың тамызында қуаттылығы жылына 1 800 тонна сүт өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылды. Сүт зауытында (Megatex) итальяндық құрылғы орнатылған, жобаның құны 1 374,3 млн. теңгені құрайды. Мұнда сүт, тетропакеттерде айран, қаймақ, ірімшік, йогурт және сары май өндіреді.
2011 жылдың желтоқсанында кәсіпорын қуаттылығы жылына 1250 тонна ет өнімдерін өндіретін зауытты іске қосты. Жобаның құндылығы 1 316,8 млн. теңгені құрады. Зауытта ірі кесекті вакуумдық қаптамадағы салқындатылған ет және шұжық бұйымдарын шығарады.
2013 жылы шаруашылық Канададан 634 бас асыл тұқымды голштин ІҚМ әкелді. 2014 жылдың аяғында  ЖШС қосымша 2800 бас ангус етті тұқымды ірі қара малын сатып алды.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

0
0
1435

БҚО медициналық қызметкерлер жемқорлыққа қарсы

2016 жылдың 15 маусымда Батыс Қазақстан медициналық колледжінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңнамасын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша Департаментінің өкілдері Н.Нұрлан, М.Харесова, медициналық колледждің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел Департаменттің өкілі Нұрсұлтан Нұрлан сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде Маншук Харесова дөңгелек үстелге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының негізгі бағыттары мен оны жүзеге асырылуы туралы таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға әр адамның үлес қосуы маңызды екендігін атап өтті.

0
0
407

Сындарлы сұхбат өрбіді

Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Зеренді ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жайықбаевтың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына аудан басшылығы, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» ЖҚ, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамның негізгі салаларын жаңғыртуға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, соның ішінде мемлекеттік аппараттың кәсібилігін, мемлекеттік қызметтің имиджін түбегейлі арттыруға,  мемлекеттік қызмет жүйесінің  дамуына бағытталған 15 қадамды талқылады.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары еркін пікір алмасу аясында жергілікті деңгейде Ұлт жоспарын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Шара барысында сындарлы сұхбат өрбіп, барлық туындаған сұрақтарға толыққанды  жауап айтылды.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін мемлекеттік қызметтің әрі қарай дамуына бағытталған Манифестте  айшықтап көрсетуді ұсынды.Өңірлерге жұмыс сапарлары барысында Манифест толықтырылып отыратын болады.

0
0
714

«Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі бағыттары бойынша  түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні  басшының орынбасары  Е.Жайықбаев Сандықтау ауданында өткізілген дөңгелек үстелдің отырысына қатысты.

Іс-шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» ЖҚ, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына, мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын ашуға, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға бағытталған.

Шара барысында барлық туындаған сұрақтарға толыққанды  жауап айтылды, қатысушылардың арасында айшықты әңгіме өрбіді.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылардың  ұсыныстары   Манифестте    толықтырылды.

0
0
1623