Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі Институты

Тіл білімі институты Қазақстан Републикасы Ғылым және Білім министірлігі ғылым комитетіне қарайды. Ресіми ақпараттар бойынша институт тарихы 1961 жылы Әдебиет институтынан бөлініп жеке дара ғылыми институт болып шыққаннан басталады. Ал негізінде ғылыми институт тарихы А.Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығынан басталады. Өздеріңіз білесіздер қазақ тіл білімінің атасы, тіл ғылымын жеке сала ретінде қалыптастырған ғалым Ахмет Байтұрсынұлымен біз мақатанамыз. Себебі басқа түркі тілді халықтардың ғылыми граматикалық курсын жазған ортыстың ориенталист түркітанушылары болса, қазақтың тіл ғылымының граматикалық курсын жазған өзіміздің төл ұстазымыз А.Байтұрсынұлы. Сол себепті де Байтұрсынұлының еңбектерінен осы тіл білімі институт тарихын бастаймыз.

1926 жылы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Абай атындағы ұлттық педагогикалық институтының жанынан Мәдениет орталығын құрған болатын. Бұл орталықты құрудағы мақсат ғылымды академиалық орталық ретінде құру болатын. Қазақ ғылым академиасының негізін қалаған Қаныш Имантайұлы Сәтпаев болғанымен, ғылымды академиалық жолмен ұйымдастыру идеясын о баста Ахмет Байтұрсынұлы айтқан болатын. Бірақ оны жүзеге асыру бақыты Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың еншісіне қалды. 1926 жылы құрылған бұл орталықта талай зертеулер жүзеге асырылды. Бір өкініштісі А.Байтұрсынұлымен бірге сол орталықтың жұмысына қатысқан біраз ғалымдар репрессия кезінде атылып кетті. Бұл ғылымның дамуына орасан зор зиянын тигізді.

Ғылым академиасының ғимараты тарихына тоқталатын болсақ. Соғыс кезеңінде Мәскеудегі, Петербургтегі орыс ғылым академия орталықтары өртеніп кеткен болатын. Орыс ғылымының негізі болған құнды деректердің жойылып кеткенін көрген Қаныш Сатпаев қазақ ғылымын сақтап қалу үшін соғыс жылдарынан кейін ғимаратты жапон тұтқындарына бомбаханасымен салдырты. Ғалымның ондағы негізгі мақсаты ғимарат ішіне зертеу институттарын отырғызып қазақтың ғылымын сала-сала бойынша дамыту еді. Ал ғимараты жапон тұтқындарына бомбаханасымен салдыртудағы негізгі ойы ішкі немесе қандайда бір сыртқы күштердің әсері болған жағдайда қазақтың ғалымдары өз еңбектерін сол жерде сақтасын деген ойы болған. Бомбахана жарық, су, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл ғалымның қазақ ғылымының сақталып қалуы үшін, жойылып кетпесі үшін ғылымға жасаған, қазақ халқына жасаған игі ісі болған. Ғимаратың өзі бүкіл қазақ ғылымының тоғысқан  ортасында тұр.

Құрылғанан бері институт әлемдік тіл ғылымынан қалыспайтын зертеулер жасап келеді. Мақтанып айтуға тұрарлық әлемдік тіл ғылымындағы зертеулерден қалыспай қазақ тілінің ғылымыи лингвистикалық базасын жасап берді. Қазақ тілінің он бес томдық түсіндірме сөздігі және Қазақ тілінің бір томдық түсіндірме сөздігі жазылды. Он бес томдық түсіндірме сөздікте 93 мың сөз, 150 мыңға жуық  тіркес қамтылған ал, бір томдық түсіндірме сөздікте 106 мың сөз, 150 мыңнан астам тіркес қамтылған. Тіл білімі институты қазақ тілінің томдық түсіндірме сөздіктерінің мәдени семантикасы үшін шетелдік тіл ғалымдарынан жоғарғы баға алаған.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі Институты тек Қазақстандағы ғана емес әлемдегі жалғыз ғана қазақ тілін зертейтін орталық. Қазақ тіл ғылымы - бұл ғылымның бір саласы. Қазақ тілі мемлекеттіліктің бір символы. Яғни қазақ тілін зертейтін Қазақ тіл білімі институтының орны да биік болуы керек. Қазақтың мұрасын сақтап келе жатқан -қарашаңырақ. Себебі қазақтың мәдениеті, көрген-білгені, білімі бүткіл мұрасы тілде сақталады. Ал сол сөзді сақтаушы, осы орталық қарашаңырақ. Казіргі уақытта орталықта қазақтың 5 млн сөзі анықтамалық картотека қоры жиналған. Қазақ сөзінің жинаушысы, сақтаушысы, таратушысы, жүйелеушісі осы тіл білімі институты.

0
0
3557

Осы тақырып бойынша

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі Институты - Yvision.kz