Мазмұнға өту

Жаңа

Әуе есептің нәтижесі бойынша Қазақстандағы киіктердің саны 108 мыңнан астам дарақты құрады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ14.06.2016 ж. Астана қ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылдың 18-сәуір мен 3-мамыр аралығында Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау Ассоциациясы және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп, Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясының киіктеріне кезекті әуе санақ жүргізді. Әуе санақтың нәтижесі бойынша, 2016 жылы киіктердің жалпы саны 108300 дарақты, атап айтқанда, Бетпақдала таралымдарының саны 36200 дарақты, Орал таралымы 70200 дарақты және Үстірт таралымы 1900 дарақты құрады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі браконьерліктен киіктерді қорғау жұмысын ұдайы жүргізіп отыр. Мәселен, республикада киіктерді қорғаудың тиімділігін арттыру үшін олардың қоныс аудару мен төлдеу, қыстау кезеңіндегі концентрациясының негізгі орындарында Ырғыз-Т…

0
0
425

Ақпараттандыру саласының қызметкерлерімен профилактикалық әңгімелесу

2016 жылдың 7 маусым күні ҚР Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің БҚО бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері инспекция қызметкерлерін еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қалай талдау жүргізу жөнінде кеңінен түсіндірді.

Шара барысында сауалнама жүргізілді.

0
0
477

А.И. Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

«А.И. Мырзахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының                                               Н.Назарбаев
Президенті

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 маусым

0
0
363

«Әлихан жолы» Ақтоғай төрінде

Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. «Әлихан жолы» жобасы осы елді мекенге жетті. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Бабамыздың туған туыстары, ата-бабалары осы мекенде жерленген. «Тұлға жолы» экспедиция делегаттары ғұламаның туғандарына құран бағыштап, тарихты кеңірек таныды. Ақтоғай елді мекенінің тумасы, тарихшы Тұңғышбай Мұқанов бұл жердің тарихын баяндап, өлкемен таныстырды. Осы жерде Әлиханның балалық шағы өтіп, кейіңірек тұрған қыстағы мектепке…

1
0
954

БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтті

2016 жылдың 11 маусымда Қазақ драма театрында облыс әкімі, БҚО ҚХА төрағасы Алтай Көлгіновтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХІХ сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысына мемлекеттік органдар басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, акционерлік қоғам, серіктестіктер, кәсіпорындар басшылары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері және қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері қатысты.

Сессияда ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында берген тапсырмалардан туындайтын міндеттер қарастырылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Хайруллин аталған шараға қатысты.

0
0
462

Сыбайлас жемқорлық деген не?

Ағымдағы жылдың 13 маусымында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Шортанды ауданының №5 Бозайғыр агротехникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық саптүзеу өткізілді. Колледж студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жастардың көзқарасы» тақырыбындағы плакаттар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – студенттердің әділдік, адалдық, парасаттылық идеалдарына және кез келген құқыққа қайшы, адамгершілікке жатпайтын іс-қимылға бағдарлау. Оқушыларды сыбайлас жемқорлық көріністерімен: мәнімен, себептерімен, салдарымен таныстыру мақсатында колледжде «Бір адамға арналған ізгілік, ал басқалары ше?», «Әділдік деген не?», «Заң және оны сақтаудың қажеттілігі», «Теңқұқықтық деген не?», «Менің сыбайлас жемқорлыққа көзқара…

0
0
939

Жаңа Бағдарлама туралы

Мен 2013 ж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында 1-деңгейлік курстан өтіп Жаңа Бағдарлама бойынша білім алдым. Жалпы алғанда, Жаңа Бағдарлама өзіме ұнайды. (Тек, енді қорытынды білім бағалау (ҰБТ) жүйесі мен мектептердің материалдық-техникалық базасын Жаңа Бағдарламаға сәйкестендіру қалып тұр). Сондықтан, Жаңа Білім бағдарламасы туралы пікір айтуға толық моральдық құқым бар деп ойлаймын. Жаңа бағдарламаның басты ерекшелігі, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім деген ұстанымды негізге ала отырып, жылдам өзгеріп жатқан заман талабына сай, мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыға…

1
1
4848

Баян Есентаева туралы бірер сөз

Әр адамның басында әртүрлі жағдай болады, өмірде негізі жау сырттан келмейтіні түсінікті, дәл қасыңдағы адам Сіз ойлағандай емес, бір қиыншылық тудыруы мүмкін, әрине адамның күні адаммен екені белгілі жайт, бірақ рухы мықты адамдар да қателесіп жатады. Дәл сондай жағдай Баян Есентаеваның басына түскен сияқты. Кінә қою оңай. Алайда өз басым Баянды соңғы фильмдері үшін емес, алғашқы классикалық фильмдегі рөлі үшін жақсы көремін. Баян менің түсінігімше қиыншықтан шығу жолындағы қазақ әйелінің образы сияқты. Иә, қиыншылыққа, күйеуінің озбырлығына төзе білді, десек те олардың арасындағы түсінбеушілік түбі осындай қиын жағдайға алып келді. Баянның тағы бір еңбегі ол - қазақ эстрада өнерін өзіміздің бағалауымызға себеп болуы. Тез сауығып кетсін деп тілей отырып, оның қатысуымен Талғат Теменов ағ…

-1
0
1376

Италақаз бен ауыл иті

Италақаздың күшігі туралы аңыз Қазақстанның барлық жерінде кездесетіні белгілі, әртүрлі нұсқалары да бар болуы мүмкін, бірақ кішкентай кезімізде естіген әңгіме жадымыздан әсте кетпейді. Мына суреттегі италақаз (кейбіреулер – сарыалақаз деп те атайды, негізі италақаздың өзі тегін құс болмаса керек, себебі біресе үйрекке біресе қазға ұқсайды) деп аталатын қара-ала құстың балапаны болады (бірақ меніңше бұл су құсына ұқсайтын сияқты, сондықтан құстың бұл емес, Қазақстанда сирек кездесетін «құмай» атты түрі болуы мүмкін деп топшылаймын). «Италақаздың бәлен жылда бірақ рет кездесетін, алғашқы басып шыққан жұмыртқасынан құмай тазы туады» деседі көнекөз қариялар. Өзі ұяға емес, елсіз жердегі іннің ішіне, қасқырдың немесе аюдың ескі апандарына, я болмаса таудың үңгірлеріне жұмытқалайды. Италақаз ж…

2
0
7880

«Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!»

Ағымдағы жылдың 13 маусымы күні Шортанды ауданында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде «Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!» тақырыбындағы жастар дэнс-мобы өткізілді..

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен іске асырылған  шараны    «Шортанды ауданы жастарының ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру, бұл өз ретінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.

Жастардың қатысуымен өткен ырғақты дэнс-мобқа 20 шақты адам қатысты.

0
0
927