Мазмұнға өту
AynRand

AynRand

Сайтта 2016 ж. 10 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікір

1

тіркелуші

0

жазылымдар

3

Жаңа тыныс

Таң атқалы өте ғажап көңіл-күйде тұрдым. Бұл өмірімнің жаңа парағы ашылған күн. Өмірімнің түбегейлі өзгеретінін сезіп қатты қуанышқа кеңелдім. Өткен өмірімнің барлық естеліктерін жойып, жаңа өмірге қадам бастым. Ең бірінші өз ойымды тазартып, алдыма дұрыс мақсат қойып, соны қағаз бетіне түсірдім. Екінші, жазғандарымды жүзеге асыруға асықтым. Терезеден күн сәулелері түсе бастаған сәттен, кеудемді қуаныш кернеп тұр. Тұра сала өлең қостым. Бар даусына қойып, ләззат алдым. Бұл жаңадан жазып алған әуендерім еді. Жаңа өмір парағын ашқандықтан өз өлеңдерімді сорттаудан бастаған болатынмын. Мұңлы көңіл-күйге душар етіп, болмаша естеліктерді еске түсіріп, көңілге қаяу түсірер әуендерді өшіріп тастадым. Тек позитивті өлеңдерді қалдырып қойдым. Біраз маңызсыз суретерімді де өшіруді жөн көрдім. Ендіг…

0
0
1553

Қазақстан кімнің отары?

Ата-бабамыздан “Азға – қанағат, барға – тәуба, жоққа – сабыр” деген сөз қалған. Дүниеде барға қанағат етіп, әр күніне шүкіршілік ететін адамдар бар. Дегенмен солармен қатар, берген сайын ала беретін, көзі тоймайтын қанағатсыз адамдар да баршылық. Жоқтыққа еті үйренген кедей, күн көзін көргеніне қуанса, байлыққа құныққан адамға мұндай қарапайым өмір қуанышы мүлде жат. Егер бұл дүниеге қалай келсек, солай кететінімізді естен шығармасақ, бәлкім кедейшілік, аштық секілді түсініктер болмас па еді? Өмірдің негізі адамдар арасындағы қарым-қатынасқа құрылатынын және дүниенің алма-кезектігін ескеріп, барымызбен бөлісіп, адамдарды тапқа бөлмей, өз бауырымыздай көрсек бұл заман өзгеше болар еді. Біз өмір сүріп жатқан кезеңде, бір жерлерде халық бейбітшілікке, тәуелсіздікке, тіпті суға зәру болып жат…

2
0
2252

Ақтөбедегі теракт кімге керек болды?

Бейбіт мемлекетімнің тыныштығын бұзған Ақтөбе оқиғасы. 05.06.16 еліміз үшін қаралы күн. Ресми түрде 09.06.16 қаралы күн деп жарияланды. Әлі де қорқыныш сейілмек емес. Дәл осы қиын кезеңдерде халқымыздың нақ ынтымақтастығы мен достастығының рухы көрінгендей. Қазақстанда 130-дан аса ұлт емес, дәп бір, тек қана бір қазақстандықтар тұратынын дәйекті мысалымен көрсетіп, бір жұдырықтай жұмыла жан айқайын елден қымтырылмай жеткізіп жатқан жасөспірім балалардың өлеңдерінен-ақ ұқтым. Халық үшін мына тәуелсіз елде жалтақсыз желбіреген көк туымның қадірін осы күндері айқын байқадық. Біздің мемлекетіміздің бейбіт өмірі біреуге кедергі етті ме? Өзгелердің қызғанышын туғызғаны ма? Атомдық қару-жарақтан бас тартқанымызбен, бүгінгі күннің қаруы одан асып түспек. Ең сұмдық қару ел ішіне іріткі салу емес п…

1
2
527