Мазмұнға өту
azret_sultan

Даулет Кожамуратов

@azret_sultan

Сайтта 2016 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

31

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

«TIKA» өкілі Әзірет Сұлтанда

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне Түркия Республикасы Үкіметінің «TIKA» Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің жаңадан сайланған Қазақстандағы өкілі доктор Али Ихсан Чаглар келіп, музей жұмысымен танысты. Бұдан бұрын музей территориясын жарықтандыру жұмыстары «TIKA» агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Али Ихсан Чаглардың айтуынша алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.

0
0
375

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне келіп, өңірдің тарихи-мәдени нысандарының жағдайымен танысты. Қорық музейдің директоры Жандос Әубәкір экскурсия барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енетінін және Қазақстан тарихында сәулеттің көрнекті ескерткіші, Түркістанның негізгі мәдени орындарының бірі саналатынын атап өтті.
Үкімет басшысына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық музейінің құрамындағы Қылует, Жұма мешіті, Шығыс моншасы сынды тарихи мәдени ескерткіштері жайлы, көне Түркістан қаласының тарихы және музейдің болашақтағы жоспарлары жөнінде мәліметтер берілді.

1
0
341

«Қазақтың Олжасы»

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кітапханасында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 80 жылдық мерей тойына орай «Қазақтың біртуар ақыны» тақырыбында фото-кітап көрмесі болып өтті.
Көрменің мақсаты - Қазақстанның халық жазушысы, ақын, саясаткер, тілтанушы, «Невада-Семей» қозғалысының президенті, Төтенше және Өкілетті елші Олжас Омарұлының мұрасын, оның өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметін насихаттау. Көрмеге Олжас Сүлейменовтің өмірбаяны, 1980 жылғы қолтаңбасы, фотосуреттері, газет, журналдарға жарияланған материалдары, жазған еңбектерінен кітап көрмесі қойылды. Көрмені мұражай қызметкерлері және сырттан келген қала қонақтар тамашалады. Көрме бір ай жалғасады.

0
0
344

«Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің экспедициясы Тайқазанның қай жерде құйылғанын іздеп жатыр

"Əзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің қызметкерлері Қарнақ елді мекеніне экспедиция жұмыстарымен барып қайтты. Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан ортағасырлық қала орны. Музей қызметкерлерімен бірге Түркістан археологиялық экспедициясының басшысы, белгілі археолог Е.Смагулов болды. Жергілікті билік өкілдерімен, ақсақалдар қауымымен кездесіп, кезінде Шамет Ишан мешіт-медресесі болған, ал, қазіргі таңда Шамет Ишан музейінде болып экспозиция жұмыстарымен танысты. Баршамызға белгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған қасиетті Тайқазан 1399 ж. осы Қарнақ ауылында жеті асыл металдың қоспасынан құйылған. Экспедиция жұмысының негізгі мақсаты Тайқазанның нақты қай жерде құйылғанын анықтау. Ауыл ақсақалдары белгілі бір аумақты көрсетіп ата бабала…

0
0
1026

Шетелдік туристтер легі жалғасуда.

14 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Швейцария мемлекетінің азаматтары Thibault Vallotton және Boris Siemaszko келді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларын аралап келе жатқан бұл қонақтардың басты мақсаты ортағасырлық сәулет өнерінің аса құнды ескерткіші Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жан жақты түсіріп қысқаметражды ролик дайындау екен. Әрі журналист болып жұмыс істейтін Thibault Vallotton-ның айтуынша жақын аралықта дайын болған қысқаметражды роликты Швейцарияның мемлекеттік телеарналарынан барша телекөрермендерге көрсетілмек. Осындай игі істердің арқасында Қазақстан, Түркістан, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі кеңінен насихатталуда.


0
0
289

«Əзірет-Сұлтан» музейі Астана туған күнін тойлауды бастады.

4 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «ӘН, ЖЫРЫМ – АСТАНА, ТАҒДЫРЫМ – АСТАНА» тақырыбында мерекелік шара өтті. Атаулы шараға қаламыздың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.Шараның негізгі максаты Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру.Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Мереке қонақтары Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып, енді бір тобы Астанамызда орналасқан «Ақ Орда», «Бәйтерек», «Хан Шатыр» секілді көрікті ғимараттардың суреттерін салып, шығармашылыктарын шыңдай түсті. Сонымен қатар, бүлдіршіндер және мектеп оқушылары ән айтып, би билеп,…

0
0
406

«ЭКСПО-ға дайындық» семинар-тренингте.

1 шілде күні ОҚО Шымкент қаласында 2016 жылға арналаған туризмді дамыту жоспарына сәйкес, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-ға дайындық» атты семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға туристік ұйымдардың, қонақ үйлердің, такси қызметінің, ОҚО бойынша барлық аудындық кәсіпкерлік бөлімдерінің, қорық-музейлердің және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты мен міндеті – ішкі туризмді дамыту. Семинар барысында ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында қаланың туристік әлеуетіндегі шетелдік туристер қабылдаудағы өзекті мәселелер мен шешу жолдары қамтылды. Айтулы семинар-тренингке «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының атынан директордың орынбасары Ғ.Садықов және мәдени байланыс жөніндегі менеджер Д.Қожамұратов қатысып өз пікірлерін білдіріп қайтты.

0
0
363

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ОАР елінің саяхатшысы Дэвид Маркус Клинтон келді.

29 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ОАР елінің саяхатшысы Дэвид Маркус Клинтон келді. (ОАР) саяхатшысы Дэвид Клинтон, жер шарын айналып жүріп 5 жылдың ішінде 79 елге барып көрген. 2016 жылдың 22 сәуірінде Қазақстаннан өтіп бара жатқанда, ол Балқаштың маңайында жол апатына түседі. Оның көлігі сынып қалғандықтан, саяхатшы экспедициясын тоқтатып, көлігін жөндеу үшін әлеуметтік желілер арқылы заттарын сатуға мәжбүр болды. Қазақстанда жол-көлік оқиғасына ұшыраған ОАР саяхатшысы Дэвид Клинтонға Қазақ Географиялық Қоғамы қолдау көрсетіп Қазақстаннан Оңтүстік Африкаға қарай өзінің автокөлігімен экспедициясын жалғастыруға мүмкіндік алды. Қазақ Географиялық қоғамынан қолдау алып экспедициясын жалғастырып, отанына ОАР -ға қайтып оралуы үшін, Қазақстан, Қырғызстан,…

0
0
391

«Əзірет Сұлтан» кесенесіне австриялық туристер қызығушылық танытуда

21 маусым күні Австрия мемлекетінің азаматтары David Heis және Evelyn Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне табан тіреді. Туризмді насихаттап жүрген бұл азаматтар өз мотоциклдерімен Австрия мемлекетінен Түркістанға дейінгі аралықты үш ай уақытта жүріп өткен жолай Чехия, Польша, Беларусь, Ресей мемлекеттерінде болған. Қонақтардың айтуларынша Қазақстанда бір айдай болып, Алматы, Астана тағы басқа көрікті жерлерімізді тамашалауды жоспарлаған. Бір жылдай әлем елдерін аралап соңғы тұрақтар жері Австралиядан ұшақпен туған жерлері Австрияға оралатын көрінеді. Осындай əлемді аралап жүрген саяхатшылар жиі «Əзірет Сұлтан» кесенесіне үнемі келіп тұрады.

https://www.youtube.com/watch?v=7iKiXDsLjQs

0
0
327

Ұмыт қалған әулиелерді ұмытпасқа...

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 2016 жылдың 16 маусым күні «Ұмыт қалған әулиелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Әулиелер – халқымыздың сан ғасырлық тарихында өзіндік орны бар, дініміздің нығаюы мен салт-дәстүріміздің дамуына, ұлт тәрбиесінің қалыптасуына имандылықты сіңіруге ерекше ықпал еткен өз заманының ерекше тұлғалары. Діни-рухани ескерткіштер - ел тарихының құрамдас бөлігі болып, ғасырлар қойнауынан жеткен дініміздің дамуымен тығыз байланысы бар, әулиелік, көріпкелдік қасиетімен дараланған белгілі бір тұлғаның өмірінен сыр шерттер жұмбағы мол құнды жәдігерлер. Осы аталған діни-рухани ескерткіштерімізді кеңінен насихаттау, оларға арнайы туристтік маршруттар ұйымдастыру кезек күттірмес мәселе. Іс-шараға Түркістан қаласының орта мектептерінен осы…

0
0
653