Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сындарлы сұхбат өрбіді

Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Зеренді ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жайықбаевтың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына аудан басшылығы, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» ЖҚ, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамның негізгі салаларын жаңғыртуға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, соның ішінде мемлекеттік аппараттың кәсібилігін, мемлекеттік қызметтің имиджін түбегейлі арттыруға,  мемлекеттік қызмет жүйесінің  дамуына бағытталған 15 қадамды талқылады.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары еркін пікір алмасу аясында жергілікті деңгейде Ұлт жоспарын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Шара барысында сындарлы сұхбат өрбіп, барлық туындаған сұрақтарға толыққанды  жауап айтылды.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін мемлекеттік қызметтің әрі қарай дамуына бағытталған Манифестте  айшықтап көрсетуді ұсынды.Өңірлерге жұмыс сапарлары барысында Манифест толықтырылып отыратын болады.

0
0
669

Осы тақырып бойынша