Мазмұнға өту

Жаңа

Тағдырдың өзін жеңгендер

Оның жетістіктеріне қарап, ол ағылшын королевалары отбасынан шыққан болар дерсіз. Жоқ!!! ОЛ - королева болып туған жоқ, бірақ солай өмір сүруде. ОЛ - өзінен - қараша отбасынан шыққан қыздан, королева жасаған адам. ОЛ - тағдырын жеңген қыз. Оның беделі АҚШ президентінен де биік. Ол - ОПРА УИНФРИ. Бала кезімнен 34 млн америкалық жігіттерді және 15 млн америкалық бойжеткенді өз көрермені ете білген Опраның сиқыры қандай деген ой мазалайтын. Оның аудиториясы өзінен кейінгі тұрған әлемдік деңгейдегі жұлдыздардан 55% -ға көп екенін естіген боларсыз. Оның балалық шағы қиындыққа толы болды. Ол бүтін көйлек кимеді, тоя тамақ ішпеді. Оның әкесі анасымен некесін қимады. Ал шешесі үй қызметшісі болып, нан тапты. Әкесі әскери борышын өтеу үшін жыраққа кетті. Ал анасы Милуокиге уборщица болып жұмысқа т…

3
1
957

Жаңаөзенде қылмыс саны азайған

Жаңаөзенде қылмыс саны азайған Жағымды жаңалық. Жаңаөзен қаласында ауыр қылмыс саны былтырға қарағанда айтарлықтай азайған. Өткен жылы 883 қылмыс жасалса, осы жылы оның саны 663-ке түскен. 0:00 1:16 21:35, 11 шілде 2016 Тонау,қарақшылық, ұрлық сияқты қылмыстар саны орта есеппен екі есеге азайған. Мұндай оң өзгеріс "Құқықтық тәртіп", "Қауіпсіз жол", "Мигрант" секілді алдын-алу шараларының арқасында орын алып отыр. Алдағы уақытта қылмысты азайту мақсатында бейнекамералар орнату, полиция тірек пункттерін жаңарту, полицияны жаңа автокөліктермен қамтамасыз ету күн тәртібінде тұр. Елубай Әбілов - Жаңаөзен қаласының әкімі Жаңаөзен қаласында қылмыс саны азайған. Қала әкімдігі тарапынан полиция қызметінің еңбек жағдайларын жақсартып, материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында бірқатар жұмыс…

0
0
255

«Қазақтың Олжасы»

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кітапханасында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 80 жылдық мерей тойына орай «Қазақтың біртуар ақыны» тақырыбында фото-кітап көрмесі болып өтті.
Көрменің мақсаты - Қазақстанның халық жазушысы, ақын, саясаткер, тілтанушы, «Невада-Семей» қозғалысының президенті, Төтенше және Өкілетті елші Олжас Омарұлының мұрасын, оның өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметін насихаттау. Көрмеге Олжас Сүлейменовтің өмірбаяны, 1980 жылғы қолтаңбасы, фотосуреттері, газет, журналдарға жарияланған материалдары, жазған еңбектерінен кітап көрмесі қойылды. Көрмені мұражай қызметкерлері және сырттан келген қала қонақтар тамашалады. Көрме бір ай жалғасады.

0
0
350

«Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің экспедициясы Тайқазанның қай жерде құйылғанын іздеп жатыр

"Əзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің қызметкерлері Қарнақ елді мекеніне экспедиция жұмыстарымен барып қайтты. Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан ортағасырлық қала орны. Музей қызметкерлерімен бірге Түркістан археологиялық экспедициясының басшысы, белгілі археолог Е.Смагулов болды. Жергілікті билік өкілдерімен, ақсақалдар қауымымен кездесіп, кезінде Шамет Ишан мешіт-медресесі болған, ал, қазіргі таңда Шамет Ишан музейінде болып экспозиция жұмыстарымен танысты. Баршамызға белгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған қасиетті Тайқазан 1399 ж. осы Қарнақ ауылында жеті асыл металдың қоспасынан құйылған. Экспедиция жұмысының негізгі мақсаты Тайқазанның нақты қай жерде құйылғанын анықтау. Ауыл ақсақалдары белгілі бір аумақты көрсетіп ата бабала…

0
0
1032

2016 жылғы бірінші жартыжылдықта өндірістегі қайғылы оқиғалар көрсеткіші 5,6%-ға төмендеді

2016 жылғы 1 шілдедегі мәліметтер бойынша республикадағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қайғылы оқиғалар салдарынан 792 адам зардап шекті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға төмен болды (2015 жылы – 839 адам).

Өндірісте өлім-жітіммен аяқталған қайғылы оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдар саны 112 болып отыр (2015 жылдың 6 айында – 113 адам).

2011 жылдан бастап мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қабылдаған кешенді шаралары нәтижесінде өндірістегі қайғылы оқиғалар көрсеткішінің төмендеуі байқалып отыр. Аталған уақыт аралығында жалпы өндірістік жарақат алу көрсеткіші 23,3%-ға төмендеп, 2015 жылы 1723 адам болды (2011 жылы 2217 адам).

0
0
283

JavaScript. Кіріспе

JavaScript объектіге бағытталған скрипттік (немесе сценарийлер) бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалекті болып табылады. ECMA-262 спецификациясының Conformance бөліміне сәйкес ECMAScript спецификациясының жүзеге асқан өнімі.

Javascript программалау тілі арқылы клиентке және серверға қосымшалар жазуға болады. Клиент жақ (frontend) - браузердегі web парақшаны интерактивтілеуге және сервер мен клиентті байланыстыруға қолданады.

Осы программалау тілінде қосымша жазу үшін, бізге екі маңызды,керек құрал керек. Олар сізге ұнайтын текстты редактор және браузер.

Өзім notepad++ және google chrome браузерын қолданамын.

Біз осы мақалалар циклында қарастыратын заттар:

Программалаудың негізі

DOM

BOM

AJAX

және т.б.

0
0
1554

Оралда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі кеңестің біріккен отырысы өткізілді

2016 жылдың 21 шілдеде «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның ғимаратында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың ақпараттық материалдарын талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі қоғамдық кеңес және партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы өткізілді. Отырыстың жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік органдардың ақпараттық материалдарын талдау және партия мүшесінің әдеп Кодексінің сақталуы жөнінде сұрақтары қаралды. Ағымдағы жылдың 6 айындағы атқарылған жұмыстар жөніндегі есеппен Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы А.Әубекеров таныстырды. Сондай-ақ, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында МҚІМ-нің БҚО бойынша Д…

0
0
276

Қандай адамдар өздерін бақытты сезінеді?

Салауатты өмір салтын сақтанып, физикалық тұрғыда шыныққан және қарым-қатынаста мәдениетті жоғарғы орынға қоятын адамдар өздерін бақытты сезінеді екен. Бұл туралы зерттеу жүргізген Ноттингем Трент университетінің ғалымдары мәлімдеп отыр. Зерттеушілер он мыңнан аса адамға сауалнама жүргізіп, өз қорытындыларын шығарған. Нәтижесінде спортпен шұғылданатын, жиі театр мен мұражайларға барып тұратын адамдар өздерін өмірде бақытты сезінетіндіктерін айтқан. Сондай-ақ түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын адамдар да өмірлеріне дән риза екендіктерін жасырмаған. Университет зерттеушілері қорыта келе бақыттың бір кілті - салауатты өмір салтын сақтануда деген тұжырымға келіп отыр. Ал салауатты өмір салтын сақтану - қимыл белсенділігі, дұрыс тамақтану, түрлі аурулардың алдын алу мен зиянды әдеттерден алша…

0
0
2422

Хақ дініміз

Хақ дініміз

Ислам деп білгендер,

Бір Алланы құдырет деп таныған.

Сол Алланы артық көрген жанынан

Мүскіндердің ораза ұстап,

Ғибадат қып табынған.

Қаншама рет әділ жаннан түңіліп,

Діні үшін

Түн – түнекке ілініп,

Қорлық көріп,

Зорлық көріп,

Табандары тілініп,

Итжеккенге

Жазықсыздан айдалған...

Аман қалған

Қан сасыған майданнан.

Ұландары

Исламдық қайнардан,

Баспасада шөлдерін.

Алла

Десе көңілдері жайланған,

Алла

Десе көңілдері тыншыған.

Қуат болған қиын күнде –

Ислам,

Сен деп соққан

Мың сан жүрек бір сәтте,

Хақ сенімін,

Махаббатын ұсынған...

Жерік болып басқа дінге «ұшынған»

Дін бұзарлар әлемнің әр тұсынан

Өзге дінге шақыруда,

Жақ жақпастан зарлауда

Хақ мұсылман алдау, менен арбауға,

Шайтан сөзге ере қоймас,

Иншалла.

Саған пейіл

Өмірлерін арнауға.

 

Сүлеймен Баязитов

1
0
622