Нағыз патриот

Франциялық журналистер "Телевизия монстры" деп баға берген Гүлмира апай қандай сұлу. Бірақ бүгін айтайын дегенім - бұл емес. Гүлмира апай - бар қазақ қызына үлгі боларлықтай-ақ тұлға. Өзім осы кісіні үлгі тұтамын. Осы кісінің инстаграмм желісіне тіркелгенмін.Бір байқағаным - әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, қазақ оюымен өрнектелген көйлегін үстінен тастамайды. Нағыз патриот. Қазақ елін танытудың әдемі жолын тапқан. Еріксіз риза боласың.

