Мазмұнға өту

Жаңа

Жоғарғы Сот Қостанай облысы Жітіқара қаласының бұрынғы әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны күшінде қалдырды

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының қаулысымен Е.Жандыровты ӘҚБтК-нің 79-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қаулысының күші жойылды. Жоғарғы Сот осы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотының қаулысын күшінде қалдырды.

2015 жылғы 18 қыркүйектегі іс құжаттарына сүйенсек, Жітіқара ауданының әкіміне Жітіқара қаласының бір топ тұрғындарынан өздерінің көршілері электр қуатын тарату желісіне өз еркімен қосылғандығы және коммуналдық қызмет ақысын ұзақ уақыттан бері төлемегендігі туралы арыз келіп түскен. Осы арызды қарау Жітіқара қаласының әкімі Е.Жандыровқа, «Жітіқаракоммунэнерго» МКК және «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесі» ММ-нің басшыларына тапсырылған.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес Е.Жандыров әділет органынан және «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК-нан тұрғын үйдің меншік иесі туралы және оның коммуналдық қарыздары туралы мәліметтерді сұратқан. Арыз қаралғаннан кейін арыз иелеріне борышкерлерге қатысты қабылданған шаралар туралы жазбаша түрде жауап жолданған.

Жітіқара ауданы прокурорының қаулысымен Жітіқара қаласының әкімі Е.Жандыровқа қатысты қызмет бабын пайдалана отырып заңсыз түрде дербес деректерді жинағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.

Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан, істі жүргізу тоқтатылған. Алайда, Қостанай облыстық сотының  аппеляциялық сатысы осы сот актісінің күшін жойған.

Жоғарғы Сот істі кассациялық тәртіпте қарап, апелляциялық саты қаулысының күшін жойды және Жітіқара аудандық сотының қаулысын күшінде қалдырды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-kostanay-oblysy-zhitikara-kalasynyn-buryngy-kimine-katysty-kimshilik-kukyk

0
0
485

Қазақстанда Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күресу күніне арналған айлық басталды

Бүгін  Қазақстанда Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күресу күніне арналған айлық басталды. 28 тамызға дейін еліміздің барлық өңірлерінде тұрғындар үшін оқыту семинарлары, медицина қызметкерлері үшін тренингтер өтеді. Медициналық-санитарлық көмектің алғашқы ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда азаматтар инфекционист, гастроэнтеролог, гепатолог мамандардың вирусты гепатиттың алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша тегін консультациялар алып, скринингтік тексерулерден өте алады.

Шараны өткізудің  мақсаты: қоғамның назарын аурудың алдын алу, скринингке, вирустық гепатитпен және онымен байланысты аурулармен күресуді күшейту мәселелеріне аудару.

Вирусты гепатит – бауырдың қабынбалы инфекциялық ауруы. A, B, C, D және E вирустарының салдарынан әлемнің жүздеген миллион адамдары жіті және созылмалы бауыр ауруынан зардап шегуде, әсіресе В және С гепатитінен жылына 1,4 миллион адам өлім-жітімге ұшырайды.

Әдетте А және Е гепатитіне шалдығудың себебі  таза емес тағам мен  суды тұтынудың салдарынан болады. В, С және D гепатиті ағзаның жұқпалы сұйықтығымен байланыс нәтижесінде жұғады. Осы вирустардың берілуінің кең тараған тәсілдерінің қатарына вирус жұққан қан немесе қанның өнімін құю, лас құрал-жабдықтарды қолдану арқылы инвазивтік медициналық шаралары кіреді. В гепатиті сондай-ақ босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, жыныстық қатынас  кезінде жұғады.

Бұл аурудың кең таралуы, сонымен қатар науқасты диагностикалау мен емдеудің қиындықтары ескеріліп, бүгінгі таңда профилактикалық шаралар жүргізу және адамның өзінің денсаулығына деген ортақ жауапкершілігі үлкен рөл атқарады. Жеке басты қорғау шараларын сақтау маңызды. Олар: қауіпсіз тағам мен суды пайдалану; инъекция алу үшін бір реттік инелер мен шпирицтерді пайдалану; қауіпсіз жыныстық қатынасты насихаттау; косметикалық шараларды (татуировка, пирсинг және т.б.) лицензиясы бар арнайы мекемелерде жасату; балаларды Ұлттық егу күнтізбесі бойынша В гепатитіне қарсы егу.

 
0
0
433

Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының екінші кезеңі басталды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова аймақтардағы, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарларымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесін енгізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Олар өз кезегінде МӘМС-тің негізгі қағидалары жөнінде аудан, қала әкімдері, аймақтық мемлекеттік органдардың басшыларына мәлімет береді. Әрі қарай ақпарат ел азаматтарына таратылады. Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) «Аймақ, аудан, ауыл» қағидасы бойынша халық арасында өткізілетін ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының екінші кезеңі басталды.

Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова МӘМС-ті енгізу – дамыған елдердің тәжірибесі бойынша ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын, сонымен бірге, мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігін қамтамасыз ететінін атап айтты. Сондай-ақ, МӘМС жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медициналық қызметтерді ұсынушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен медициналық қызметтің сапасын көтеруге, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен жалақысын арттыруға көмектеседі.

Вице-министр Елжан Біртанов әкімдердің орынбасарларына атқарылатын қызметтерді ҚР ДСӘДМ, жергілікті атқарушы органдар және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (әрі қарай - ӘМСҚ) арасында бөлу қағидасы туралы айтып берді.

МӘМС жүйесінде министрлік денсаулық сақтауды қорғау саласындағы саясатты әзірлейді; медициналық қызметтегі басымдықтар мен қажеттіліктерді, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай - ТМККК) мен МӘМС пакетін анықтайды, МӘМС пен ТМККК аясында көрсетілетін медициналық көмектің тарифін бекітеді; денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды ұстану шараларына мемлекеттік бақылау жасайды.

«Жергілікті атқарушы органдарға барлық азаматтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту мен аймақтағы медициналық қызмет көрсетушілердің тиімділігін арттыру, өңірдегі медициналық көмекті денсаулық сақтау ұйымдарының желісі арқылы көрсету, медициналық қызметтің қажетті көлемін жоспарлауға қатысу, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарды дамытуды қамтамасыз ету қызметтері жүктеледі. Әкімдіктер Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аймақтық департаменттерімен бірлесе отырып, медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауға қатысатын болады», - деп хабарлады Елжан Біртанов.

ӘМСҚ МӘМС-ке төленетін жарналарды жинайды, ҚР Ұлттық банкі арқылы қор құрып, бос ақшаны қаражат құралдарына салады; МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек шығынын жоспарлайды; халықтың қажеттілігі бойынша медициналық қызметтерді сатып алады; медициналық көмек көрсету құрылымының тиімділігі мен оны оңтайландыруға ықпалдасады; медициналық қызмет көрсететін ұйымдардың (жеткізушілердің) медициналық көмектің көлемі мен сапасы бойынша келісілген міндеттемелерді орындауына бақылау жасайды.

Өз кезегінде, Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті аудандық медицина ұйымдарын МӘМС жүйесіне дайындығын қамтамасыз ету, ауруханалар мен емханалар ӘМСҚ медициналық қызмет берушілерді таңдағанда  минимальды стандарттарға сай болу керектігін атап өтті.

Бұрындары хабарланғандай, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 9 маусымы мен 28 шілдесі аралығында еліміздің барлық медициналық қызметкерлері үшін өткізілген болатын. Аталған кезеңде құрамында денсаулық сақтау саласының белді қайраткерлері, ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті аймақтық департаменттерінің, аймақтардағы, Астана, Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау басқармаларының басшылары бар арнайы мобильдік топтар республиканың медициналық қызметкерлері үшін 400-ден астам кездесулер мен семинарлар өткізді. Жалпы алғанда 38,3 мыңнан астам медициналық қызметкерлер, оның ішінде 957 медициналық ұйымның 3445  басшысы қамтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай - ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заңнама бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - ӘМСҚ) жарна төлеуді бастайды.

Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды.

Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан 2%-дық мөлшерде төлейтін болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры (әрі қарай - ӘМСҚ) жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыскерлері.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына:

- балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

Айта кету керек, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі ӘМСҚ-ға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, жарна уақытылы әрі үнемі төленіп тұруы тиіс.

Қазақстанда қолданыстағы тәжірибеге сай ӘМСҚ-ға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша МӘМС-ті енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МӘМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, отырыста азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру, «Өрлеу» жобасы мен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») мәселелері қарастырылды.

Вице-министр Светлана Жақыпова 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгеретінін, ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің қосымша 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышы енгізілетінін еске салды.

Осылайша азаматтардың зейнетақы төлемдері мынадай бөліктерден тұратын болады:

1) зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын базалық зейнетақы төлемі;

2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде алты ай еңбек өтілі бар адамдарға Орталықтан төленетін зейнетақы төлемі;

3) БЖЗҚ-дан қызметкердің жеке 10 % міндетті зейнетақы жарналары; жұмыс берушінің қосымша 5 %-дық зейнетақы жарналары; 5 %-дық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын) (2023 жылдан бастап) есебінен зейнетақы төлемдері;

4) ерікті зейнетақы жинақтары.

Аталған шаралар азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен ұсынымдарына сәйкестігін қамтамасыз етеді (зейнетақы көлемі жалақының 40%-нан кем болмауы тиіс).

Сонымен қатар,  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізу қарастырылған:

- көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);

- аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдеамақысы;

- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.

АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасына дейінгі балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

«2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістері Ақмола, Шығыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында сынақтан өтіп, әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізілді. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилоттық жоба қосымша 38 аудан мен қалаларда жүргізіле бастады. 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты. Жобаны іске асыру оған қатысушылардың жан басына шаққандағы табысының 2 есеге артуына; 90%-ға жуық еңбекке қабілетті қатысушыларды жұмыспен қамту шараларына тартуға; республика аумағындағы 18 жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік және мемлекеттік жәрдемақы алушылар санын сәйкесінше 31,8%-ға және 2,1%-ға қысқаруына мүмкіндік туғызды. Биылдан бастап пилоттық жоба еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылуда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен ағымдағы жылға 1,4 млрд. теңге қарастырылған. «Өрлеу» жобасы халық арасындағы кедейлікті төмендету бойынша тиімді құрал болып табылатындықтан, оған адамдарды барынша белсенді түрде қатыстыру қажет», - деп атап айтты әкім орынбасарларына Светлана Жақыпова.

Ол жергілікті атқарушы органдарға өмірлік қиын жағдайда тап болған тұлғаларға арнайы әлуметтік қызметтердің бірыңғай көлеміне қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде вице-министр Біржан Нұрымбетов «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бағдарламаның бірінші бағыты аясында объектілерде жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу конкурстарын өткізуді қатаң бақылауға алуды ұсынды.

Вице-министр жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне жастарды «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатыстыру жұмысын жаңа құралдармен жандандыруға кеңес берді:

-оқуға түсе алмаған түлектерді, жұмыссыз түлектер және жұмыссыз жастарды компьтерлік сауаттандыру, кәсіпкерлік негіздерін, ағылшын тілін үйрету қарастырылған (жұмысқа орналастыру міндетінсіз).

- бірінші жұмыс орнына орналасу мәселесі бойынша жоғары оқу орындары және колледж түлектері үшін «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағдарламасы аясында 38 мың теңгеден 53 мың теңгеге дейін жалақының өсуімен «Жастар тәжірибесі» компоненті кеңейтілетін болады.

-жұмыс берушілердің сұранысы бойынша шекті деңгейін өте алмаған түлектер үшін жұмысшы мамандықтарына үйрету,  екі жаққа барып қайту құнын төлеумен қоса басқа аймақта оқыту қарастырылған.

Жиынның соңында Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы органдарына «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдардың зейнетақы жүйесіне, келешекте – МӘМС жүйесіне қатысуын бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

 
0
0
556

«Жемқорлық – бұл зұлымдық»

А.ж. 27 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен бастау алған  «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде Аршалы аудандық кітапханасында мемлекеттік органдардың, қоғам  өкілдерінің және жастардың  қатысуымен «Жемқорлық – бұл зұлымдық» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы  түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу арқылы сыбайлас жемқорлық мәселесіне қызығушылықты арттыру жолымен қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру.

Іс-шара «Ашық микрофон» түрінде өтті.

Іс-шара барысында «Аршалы ауданының әкім аппараты» ММ заң қызметінің басшысы Г.С.Есеңғартоваға көптеген сұрақтар қойылып, көкейге қонымды жауаптар алынды. Конференцияның аяғында  «Сыбайлас жемқорлыққа «жоқ»  деуіміз керек» бейнеролигі көрсетілді.

Іс-шараға шамамен 23 адам қатысты.

 
0
0
472

Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңындағы жаңалықтар түсіндірілді

2016 ж. 26  шілдеде  Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және  көші-қон  департаментінде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) бас маманы Қ.Х. Уажановтың қатысуымен  семинар өтті.

Департаменттің   қызметкері    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгізілген негізгі өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын  жүргізу тәртібі туралы  баяндады.

Семинар барысында қойылған сұрақтардардың бәріне Департамент қызметкері  толық  жауап берді.

0
0
523

Туу туралы куәлік 3 күннің ішінде дайын болуы керек – Мақтарал ауданы АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова

Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар өткізді. Іс-шараға Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, АХАЖ секторының басшылары, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар бірнеше тақырыптарға бөлінген. Бүгінгі тақырып «Ахаж секторына» арналды.

АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова сектордың халыққа көрсететін қызметтері туралы толық түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, сектор басшысы жақында ғана қабылданған жаңа заң туралы айтты. «Жаңа заң бойынша, жаңадан туылған сәбидің ТУУ туралы куәлігі 3 күннің ішінде дайын болуы керек. Дайын болмай қалған жағдайда құжаттар жағынан қиындық туындайды. Баласына есім қоюды ұзақ ойланатындар асығуы керек» - дейді Айнұр Бекманова.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастырушылары «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар басқа да тақырыптармен жалғасын табатынын айтты.

 
 
1
0
926

Мобильді ақпараттық-насихаттық топтардың Ақмола облысының өңірлеріндегі жұмысы жалғасуда

А.ж.  25-26 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен  Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған  «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!»   жастар ақпараттық-насихаттық тобы   Қорғалжын және Егіндікөл аудандарында     сұхбаттасу  алаңдарын өткізді.

Іс-шаралар Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша өткізілді.

Мобильді топ құрамында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – Сая Беккажанова, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары - Сымбат Үсен, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі кеңесшісі – Құндыз Бекмағамбетова.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының қоғам алдына қойған міндеттерді шешуге ықпал ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды өткізу барысында қол жеткізген көрсеткіштер мен жетістіктер жөнінде толық мәлімет алды.

Екі күн ішінде мобильді топ аудандардың 100-ден астам адамды қамтыған 6 аудиториясында дәріс өткізді.

Бұдан бұрын мобильді топ облыстың Бурабай, Еңбекшілдер, Бұланды, Шортанды, Ақкөл аудандарына және Степногорск қаласына  барып, 500-ден астам адамның қамтылуымен 36 аудиторияда жұмыс жүргізген болатын.

       
0
0
420

Facebook туралы қызықты деректер

Facebook – әлемнің миллиондаған нүктесін ұштастырып отырған ірі әлеуметтік желі. Ашық пікір алаңына айналған желінің тарихы және негізін қалаушысы Марк Цукерберг туралы қызықты деректерге қаныққыңыз келе ме?

– Егер Facebook-тен қате тапсаңыз, Марк Цукерберг сізге 500-20 000 АҚШ доллары аралығында ақшаны сыйға тартады.

– Google-ге қарағанда Facebook күніне екі есе көп қолданылады.

- Сіз тек Марк Цукербергтің парақшасын еш уақытта бұғаттай алмайсыз. Ал егер бірнеше рет қайталасаңыз, парақшаңызбен қоштаса беріңіз.

– Facebook тек көк түспен безендірілген, өйткені қызылды-жасыл түстен Марктің көзі ауырады.

– Сирия, Иран елдерінде Facebook-ке кіруге тыйым салынған.

– Facebook айына 12,6 сағат уақытыңызды ұрлайды. Есесіне Марк минутына 450 доллар табады.

– Марк Цукербург Қытай еліне күйеу бала болса да, Қытай Facebook қолдануға тыйым салғалы қашан?! Бұл бай жігітпен танысу үшін кітабын сатып алдым... Әңгіме былай, Марк Цукерберг 2004 жылы Гарвард университетінде оқып жүріп, Facebook әлеуметтік желісін жасаған. Бөлмедегі достары Эдуардо Саверин қаржылай қолдаса, Дастин Московиц деген көп ұйықтайтын жігіт техниканың маманы ретінде ат салысқан. Гарвардтың 3 түлегі небәрі 9 күнде ірі желінің негізін қалаған. Сонымен үш жүгірмек сайтты сынау үшін университеттегі ең әдемі бойжеткендердің суреттерін «қайсысы әдемі» деп, дауыс беру арқылы байқап көрген. 4 сағат өткенде парақшада мыңнан астам таңдау жасалған.

Ол ол ма, Марк қызық болсын деп мұғалімдердің де суретін неше түрлі айла мен сарказм арқылы суреттеп дауысқа салған. Үлкен жиналыс болып сайтты жауып тастаған Гарвард басшылығы бір аптада студенттер атынан түскен шағым мен арыздан көз ашпады. Фейсбуктің ауыздығы алынып, қыза түсті. Үш айдың ішінде қаланың жартысы тіркеліп үлгерген. Facebook сағат санап дамыды. Мұны байқаған Марк қомақты қаржы демеушілерін іздестіруге асықты. Марк сенді, университеттен шығып, барлық қаражатын Facebook-ке инвестициялады. Қаржылай қолдайтын кәсіпкерлермен келісті, соңына дейін күресті. Содан екі жыл өткенде, яғни 2006 жылдың қыркүйегінде 16 жасқа толған кез келген адам тіркеле алатындай, барлығына қолжетімді болып жасалды. Әлемнің ең мықты қыбыжыңы «Microsoft» компаниясының атқарушы директорі Марк Цукербурктің офиціне келіп, сыртқа серуендеуге шақырып Facebook үшін 15 млрд доллар ұсынды. Алайда намысшыл Марк Facebook-тің болашағына сенді.

– Цукербургтің әлеуметтік желісі араға 10 жыл салып аудиториясы 1,4 млрд қолданушыны құрады. Иә, Фейсбук – Марк Цукербургті планетаның ең жас миллиардері деңгейіне бірақ шығарды. Осылай жалғаса берсе, әлемдегі ең бай адам тізімін өзгертері сөзсіз.

 

Қасеке Нұрсұлтан

 
0
0
1345

Сені жырлаймыз

 

Қазақстан, байтағым,ардағымсың,

Ақыл – ойым, мұратым, толғанысым.

Сені жырлау ақынның арманы ғой,

Жонда жортқан жаужүрек жолбарысым.

 

Күйкі ойлардан арылып, санам сергіп,

Жыр пегасқа, тәуекел, салдым терлік.

Сен дегенде ерекше үнім шалқыр,

Көрмесі қақ мұнымды ешкім ерлік.

 

Өзім үшін ерлік бұл баға жетпес,

Абайша айтсақ жыр - алау.

Сол майданда жұлдызым жарқыраса,

Ләзәтті іс қой өлгенше естен кетпес.

 

Сәулетті сөз, кестелі ой, пікір асқақ,

Тың істерге елімді жатса бастап.

Төгілгенде, туған ел, сені жырлап,

Әр жүрекке кете алсам бір шоқ тастап.

 

Мұратыма емес пе, жеткендігім.

Өзек өртер ұмытар өткенді кім?

Өз елімде өркендеп өсіп – өнем,

Өткізе алмас енді ешкім өктемдігін.

 

Қазақстан, байтағым, ардағымсың,

Әлемге аян Отаны ордалы істің.

Сая тапқан сан ұлттың өкілдері,

Ынтымақ пен бірліктің қорғанысың.

 

Елім десе жыр болып төгілетін,

Есімдерін оқырман ел білетін

Ақындарым тәуелсіздікті жырлап,

Танытты елге жырыңның құдіретін.

 

Сүлеймен Баязитов

 
0
0
595

Ауылдық округ пен шағын қаланың әкімі – атқарушы биліктің маңызды буыны ...

А.ж. 27 шілдеде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов барлық деңгейлердегі әкімдермен және жергілікті полицейлік қызметтің учаскелік инспекторларымен өткен облыстық кеңеске қатысты.

Өңір басшысы С. Кулагин өзінің кіріспе сөзінде бұл іс-шараның маңыздылығы мерзімі жеткен мәселелерді талдау, оларды шешу жолдарын іздеу, атқарушы биліктің ең маңызды буындарының бірі болып табылатын ауылдық округ пен шағын қала әкімі   жұмысының тиімділігін  арттыруда екенін кеңеске жиналғандарға түсіндірді.

Қ. Жапақов өзінің «Меритократия, тиімділік және қоғам алдындағы есептілік қағидаларына негізделген заманауи мемлекеттік аппараттың қалыптасуы» тақырыбындағы баяндамасында меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғам алдындағы есептілік принциптеріне негізделген  мемлекеттік қызмет жүйесінің кәсібилендірілуі  мемлекеттік басқару және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге  мүмкіндік беретініне тыңдаушылардың назарын аударды. ҚР мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет рөлінің түрлендірілу процестерімен,саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың, мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайландырылуымен  тығыз байланысты.

Кеңеске Ақмола облысы әкімінің және барлық деңгейлердегі әкімдердің орынбасарлары, мәслихаттардың хатшылары, қоғамдық кеңестердің басшылары, облыстық басқармалардың және өңірлердегі әкім аппараттарының жетекшілері, құқық қорғау органдарының, прокуратураның, ҰҚК, БАҚ өкілдері қатысты.  Барлығы 650 адам.

0
0
295