Еліміздегі үш тұғырлы тіл саясаты жас ұрпақ үшін өте маңызды.
Еліміздегі үш тұғырлы тіл саясаты жас ұрпақ үшін өте маңызды. Жаhандану заманында тілдің атқарар орны ерекше екені бәріне мәлім. Көп тілді білген сайын, адам алдындағы ашылар есіктер саны еселене түседі. Тілдік қабілеттерді арттыру тек қызметтік мансапта пайдасын алып келіп қоймады. Бұл, сонымен қатар, адамның тұлға ретінде өсуіне септік тигізеді. Өйткені, тіл - ақпаратты оқу, айту, есту, түсіну, бөлісу құралы. Тіл - дамудың қайнар көзі. Еліміздің алға қойған асқақ мақсаттарының бірі - дамыған отыз елдің қатарында орын алу. Осы мақсатқа жету үшін, Қазақстан Республикасының әр азаматы барынша көп тілді меңгеруі тиіс. Қазіргі таңда жүргізіліп отырған үш тілдік саясат дәл осы мақсатты көздейді. Үш тілді игеру арқылы, біз болашақ іргесін мықты ете аламыз.
