«Адал жол – Честный путь» марафоны шеруін жалғастыруда
А.ж. 28 шілдеде Аршалы ауданының шекарасында аудан әкімінің орынбасары М. Маусынбаева «Адал жол – Честный путь» эстафетасын Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. Айткужиноваға тапсырды. Эстафета аясында «Адал жол – Честный путь» баннері мен альбомы да тапсырылды.
Аталған марафон аясында Аршалы ауданында 18 шілдеден 28 шілдеге дейінгі кезеңде 3 мыңнан астам адамның қатысуымен түрлі форматтағы 18 іс-шара өткізілді.

