Мазмұнға өту
Omirhan

Өмiр Шыныбекұлы

@Omirhan

Сайтта 2011 ж. 3 тамызКазахстан, Шымкент

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

75

пікірлер

96

тіркелуші

18

жазылымдар

6

Ұрпақ азбас үшін...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданғанымен өкінішке қарай, әзірге бітіргенінен гөрі даңғазасы мен дақпырты көп болып тұр. Бағдарлама авторлары өзге елдердің тәжірибелерін зерттегеніне таласпаймыз. Дегенмен, біраз нәрсе ескерілмеген секілді... «Сингапур ғажайыбын» жасаған Ли Куан Юдің «Жасампаз ұлт» қалыптастыру бағытындағы 8 ісінің бірі... Сингапур мемлекеті құрылған соң бірнеше жылдан соң, Ли Куан Ю халқының азғындап бара жатқанын аңғарып, дабыл қағыпты. Ұлттың азғындауға ұшырай бастауының басты себебі - Сингапурлық еркектер өздеріне талапты азырақ қоятын білімі төмен қыз-келіншектерді көбірек таңдап, үйленуінен екен... Нәтижесінде Сингапурдың білімді қыз-келіншектері демографиялық процестен шеттеп қалды. Сондықтан, елде Әлеуметтік Даму Агенттігі құрылып, насихат жұмыстарын жүргізумен…

0
0
716

Шымкентке алғаш келген қонақтарға жадынама!

Тауар аларда да, сатарда да саудаласыңыз. Саудаласу ұсақтық емес, үнемшілдік. 1928 ж. күштеп отырықшылыққа көшірілген көшпенділердің ең үлкен проблемасы - отырықшылар үшін норма болып табылатын кейбір әдет-ғұрыптарға әлі күнге бой үйрете алмауы. Оңтүстік халқы ертерек отырықшылыққа ауысып, мінез-құлқында аздаған өзгеріс пайда болған. Ол кемшілік емес. Соның бірі саудаласу. Саудаласу тек базарда ғана орынды деу үлкен қателік. Бағасы витринада жазылып көрсетілмеген кез-келген тауарды аларда саудаласуыңызға болады. Сервисте де солай.. Саудаласу арқылы ақша үнемдей аласыз. Ақша үнемдеуге намыстану ақылды адамның тірлігі емес. Көшпенділік артта қалды. Жалған намысты жеңу керек. Үйрену керек. Есте ұстайтын жайт, Еуропаның отырықшысы мен Азияның отырықшысының арасы жер мен көктей. Сондықтан "не…

0
0
572

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Әл Фараби

Жалпыадамзаттық тәжірибеде мектептің басты және негізгі функциясы - оқу-тәрбие беру... Түрлі курстарда қалай оқытуды, сабақты зерттеуді үйретіп жатыр.. Ал "тәрбие" туралы әңгіме жоқ.. Иә, ол курстарда "Метатаным", "Метатәжірибе" туралы айтылады. Бірақ "Танымды тану керек", "Тәжірибені өзгертетін тәжірибе" - деген секілді үстірт қана айтылады. Мұғалімнің ұстанымы Пажарес деген ғұламаның айтуынша, мұғалімнің көзқарасы мен шешімінен шығатын іс-әрекетін оның ұстанымы анықтайды. Ал адамның ұстанымының қалыптасуы өте ұзақ процесс (Кейбір адамдарда ол ұстаным мүлдем қалыптаспай да кетуі мүмкін). Ал енді бәрін ұстаным анықтайтын болса, мұғалім сабақ берудің 77 немесе 777 түр-әдісін үйренгенімен рухани-адамгершілік деңгейі жалпыадамзаттық нормаларға сай емес болса ше? Жоғарыда айтылған "металар" о…

0
0
10658

Қазақи урбанизация туралы

"Бір әулет - бір ауыл" болып отыратын көшпеліліктен шықтық.Қалыпты тарихи процесс "урбанизация" өз дегенін істеп жатыр.Мен ауылда туып-өстім. Балаларым қалада туылды.Қалада туылса да, қазақша оқыған баламен орысша оқыған баланың мінез-құлқында үлкен айырмашылық болатынын аралас мектепте істейтін мен бір кісідей білемін.Үйдің іргесіндегі мектептің қазақ сыныбында орын жетпей, кіші ұл орыс сыныбына барды. Қазақша оқыған бала үшін қалыпты жағдай болып саналатын кейбір тұрмыстық жағдайларды орысша оқыған балаға ежіктеп түсіндіруге тура келеді. Кішірек күнінде бір досымен сөйлесіп отырып "Папаның ауылына барып қайттық"- дегенін естіп, "Папаның ауылы оның да ауылы, ендігі жерде "Папаның ауылы" деген сөзді лексиконынан мүлдем алып тастау керек екенін" түсіндіргенім бар :-) Кеше ауылдағы бір ініш…

1
3
1791

Суицидті жеңуге болады ма?

Оңтүстік Корея ұзақ жылдар халықтың санына шаққанда суицидтен әлемде 2 орында болған.Елдің ғалымдары ұзақ ізденіп «Бақытты өлім» (Happy Dying) атты бағдарлама жасап шығарыпты.Оның мәні ажалды ойлап, өзіне өзі қол салуды жоспарлаған адамға өзінің жаназасына қатысуға мүмкіндік беру. Олар үшін арнайы табыт дайындалады. «Мәйітті» кендір киімге (бізше кебін) киіндіріп, өзіне өзі жоқтау айтқызады да, артынан табытқа отырғызып, өз өмірін ойша бір шолып шығуға мүмкіндік береді. Ең соңында жаназа шығарушы «мәйіттің» қолдарын байлап жарты сағатқа табытқа жатқызып қояды. «Мәйіт» енді қаласа да, қаламаса да, уақытынан ерте өлудің дұрыс-бұрыстығын ойлай бастайды. Мақсат кеселге шалдыққанды шошыту емес, өмірдің тәттілігін сезіндіру. Өкінішке қарай, біздің БжҒ және Денсаулық Министрліктері суицидтің алд…

0
0
1903

Готтентот қызы Саарти

Шовинистер тарапынан кемсітушілікке ұшырамаған абориген кем шығар?! Оңтүстік Африка Республикасында өткен ғасырдың 90-жылдарында ғана жойылған нәсілшілдікті біз басымыздан кеше қойған жоқпыз.. Еуропа нәсілдестер мен қара және сары нәсіл өкілдерінің ақыл-ой, санасы жағынан тең екенін алғаш дәлелдеген Оңтүстік Африканы мекендейтін готтентот тайпасының қызы Саарти Баартман (шамамен 1790-1815 жылдары өмір сүрген) еді. Англияға "экспонат" ретінде әкелінген Саарти ағылшын және француз тілдерін жетік меңгеріп қоймай, өзінің музыкаға бейімділігін де көрсеткен. Өкінішке қарай, отаршылар үшін ойыншық болған Саартидің тағдыры қайғылы аяқталып, 25 жасында өмірмен қоштасты. Саарти өлген соң Еуропалық дәрігерлер оның мәйітін зертханаға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізді, қаңқасын болашақ дәрігерлерге кө…

1
1
714

Көлік сатып аламын!

6 сыныпта көлік руліне алғаш отырып, бензовозбен жүк машинасының ағаш кузовын қиратқанмын. Одан кейін "Урал" мотоциклімен бұзау қағып, пышаққа іліндірдім.Трактормен бір рет электр бағанын қисайтып, бір рет гараж қақпасын майыстырдым.Жолаушы ретінде бірнеше шағын апаттарды санамағанда, 1991 жылы қарсы келе жатқан көлікке соғысып шашылып қалған "Раф" микроавтобусының қирандысының астынан періште қағып бәйбішем екеуміз аман шықтық. Содан кейін "көлік жүргізу" менің қолым емес екен деп шешкенмін.. Кейін ұлдар өздері алды, бірақ бізді қыдыртуға жұмыстан қолдары босай бермейді. Немерем есін білгелі "Апам үшеуміз бір машина алайық"-деп мазалап жүр.. Зерттеп көрсем, мен секілді дәруішке ең қолайлысы "Тойота-Тундра" көлігі екен. Жол талғамайды. Иә, бағасы қымбаттау, есесіне қарсы келген анау-мынау…

0
0
849

Полицейдің күдіктіге қол жұмсауы дұрыс па?

Полиция ғана емес, жалпы құқық қорғау қызметкерлері (сот, прокурор) ешқандай жағдайда эмоцияға берілмеуі тиіс.Оқу орнында заңды қалай оқытса, олар дәл солай психологиялық дайындықтан өтеді.Эмоцияға берілсе, кәсіби дайындығы ноль деген сөз.Ертең сені ұрмасына кепіл жоқ.Заңнамада көрсетілген "Аффект жағдайы" (жүйкеге түскен салмақтан аз ғана сәтке сананың тұмандануы) мынау полиция қызметкеріне жүрмейді. Қылмыскерді сотсыз жазалау мүмкін болса, 70 млн адамның ажалына себепкер болған нацистерді сотқа тартқан атақты "Нюрнберг процесі" болмас еді. Оны түсіну үшін заңгер болудың қажеті шамалы, тек 9-сыныпқа арналған "Адам. Қоғам. Құқық" оқулығын парақтап шықсаңыздар жеткілікті. Жазаны сот, тек қана сот тағайындауы тиіс (Кінәсі дәлелденсе, паршалап турап тастаса да). Сол секілді күдіктіге қол жұм…

0
0
462

Тамыз кеңесіне тамызық...

Жас Алаш №58 (16244) 25 шілде, сейсенбі 2017 «Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі тамыз кеңесіне ұсыныс-пікірлер жинап жатыр» дегенді құлағымыз шалған соң, ойда жүрген ұсыныстарды айтуды жөн санадық. Мен жоғары санатты мектеп мұғалімімін. 2013 жылы Назарбаев зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығында бірінші деңгейлік курстан өтіп, жаңа бағдарлама бойынша білім алдым. Яғни осы бағдарлама туралы пікір айтуға моральдық толық құқым бар деп санаймын. Жалпы алғанда, жаңа бағдарлама өзіме ұнайды. Дегенмен маман ретінде онымен келіспейтін тұстарым да баршылық. Жаңа бағдарламаның басты ерекшелігі – мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім деген ұстанымды негізге ала отырып, жылдам өзгеріп жатқан заман талабына сай, мұғалімдерге оқушыларды қалай…

0
0
1564

«Бәрің бірдей тойшы болсаң ...»

Бүгін №2 колледж (Шымкент қ.) студенттерінің “Кәсібім-мақтанышым” атты шығармашылық жұмыстарының көрмесінде болудың сәті түсті. 52 жылдық тарихы бар оқу орнының түлектері Кеңес заманында қаламыздағы тұрғын үйлер мен мемлекеттік кәсіпорын ғимараттарының үлкен бөлігін тұрғызғаны есімізде. Сол дәстүр әлі өз жалғастығын тауып келе жатқанының куәсі болдық. Колледждің материалдық-техникалық базасы мығым, студенттері білікті екенін көзімізбен көрдік. Көрмеде студенттер қолынан шыққан бұйымдар ғана көрсетілген жоқ, жастар өз ұстаздарынан үйренген білім-біліктерін тікелей жұмыс орындарында көрсетті. Аралас мектептің мұғалімі ретінде мүмкіндік болған жерде қазақ жастарының жұмысшы мамандықтарын таңдауға құлықсыздау екенін айтып жүрміз. №2 колледж студенттерінің де басым бөлігі өзге ұлт балалары сек…

0
0
644