Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

2016 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.

Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Н. Сағнаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол мемлекеттік қабылдау комиссияның төрағасы ретінде сансыз көп кемшіліктер мен ақаулықтары бар аудандық Мәдениет үйін тапсыру туралы заңсыз шешім қабылдап, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшаның талаптарын бұзды.

Әдеп жөніндегі кеңес Есіл ауданының әкіміне Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Н. Сағнаевқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза салуды ұсынды.

Одан басқа, «Қорғалжын ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы Б.М. Бөгембаевке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін бөлу кезінде заңсыз артықшылық көрсетіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және 11) тармақшалардың талаптарын бұзды.

Әдеп жөніндегі кеңес Қорғалжын ауданының әкіміне «Қорғалжын ауданының жер қатынастары бөілімі» Б.М. Бөгембаевке «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза салуды ұсынды.

0
0
435

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті - Yvision.kz