Мазмұнға өту

Жаңа

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатн өлім-жітім 23%-дан астам төмендеді

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатн өлім-жітім 23,1%-ға төмендеді (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 107,3-тен 2015 жылы 82,5-ке дейін).

ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жол-көлік жарақатын төмендету мақсатында Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып (Төтенше жағдайлар комитеті) транспорттық медицина құрылған болатын. Бұл – санитарлық авиация, трассадағы медициналық-құтқару пункттері болып табылады.

Санитарлық авиация қызметі 5 жылдың ішінде (құрылғаннан бастап) аймақтардағы ауыр халдегі пациенттерге 6,7 мыңнан астам ұшырылым жасады. Өмірге қауіп төндіретін көрсеткіштер бойынша 6 мыңнан астам пациент тасымалданып, 500 ота оқиға орнында жасалды.

Республикалық маңызы бар жолдардың аса қауіпті учаскелерінде трассадағы 40 медициналық-құтқару пункттері құрылды. 5 жылда жол-көлік оқиғалары орын алған жерлерге 4 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, 12 мыңнан аса зардап шеккендерге, оның ішінде 800 балаға медициналық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар,  Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында (бұдан әрі - ТОҒЗИ)   15 жылдың ішінде оОрталық аудандық, қалалық және облыстық ауруханалар деңгейінде сүйек-бұлшықет жүйесі зақымдалған, термиялық және химиялық күйікке шалдыққан ауруларды қарау және емдеу стандарттары әзірленді. Травматология, ортопедия, термиялық жарақат, жақ-бет жарақаты, политравма, нейротравма, жан сақтау, микрохирургия, ревматология және оңалту бойынша диагностикалау мен емдеудің 45 медициналық-экономикалық хаттамалары жасалды.

2006 жылдан бері институтта ірі буындарға остеосинтез, артроскопия, эндопротездеу жасайтын заманауи аудио- және бейнежүйемен, құралдармен және муляждармен жабдықталған мамандарды диппломнан кейін дайындау орталығы жұмыс жасайды. ТОҒЗИ тұрақты түрде жақын және алыс шетелден жетекші мамандарды шақырумен шеберлік кластарын, семинар-тренингтер, конференциялар өткізіп тұрады.

2015 жылы ТОҒЗИ ұжымы ұршықбуын хирургиясында эндопротездеуді қолдануда инновациялық технологияларды жасап енгізуге арналған жұмыстардың топтамасы үшін  ғылым мен техника саласындағы аль-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Жеке және көптеген жарақаты бар ауруларды емдеуде остеосинтездің кішіинвазивтік әдістері аурулар стационарға түскен бір сағат ішінде жасалады. Бұл  бұғанасы, білегі, тобығы сынған ауруларды стационарлық емдеу мерзімін 5 күнге дейін қысқартуға, гипстік иммобилизациялауды болдырмауға және оңалтуды ертерек бастауға мүмкіндік береді.

Алыс және жақын шетелдің жетекші травматология және ортопедия орталықтарымен қарым-қатынас орнатудың нәтижесінде АҚШ, Испания, Австрия, Швейцария және Германияда өткізілетін диагностикалау мен емдеудің заманауи технологияларына үйрететін тренингтер мен семинарларда институттың мамандары мен ғылыми кадрларының дайындығы жүргізіледі. Осы жылдары Еуропа мен АҚШ-тың үздік клиникалары базасында 100-ге жуық маман оқытылды.

 
0
0
374

Гарри Поттер туралы сегізінші кітап жарық көрді

Хогвартс сиқыршысы Гарри Поттер туралы сегізінші кітап жарық көрді, - деп хабарлайды көптеген шетелдік БАҚ, соның ішінде The New Paper, The Independent, Telegraph. Сатылымдар дүние жүзі бойынша түн ортасында басталды.

"Гарри Поттер және қарғыс атқан бала" жаңа кітабы әзірше тек ағылшын тілінде шықты. Оның желісі "Гарри Поттер және ажал сыйлары" атты жетінші кітабында болған оқиғалардан кейін 19 жыл өткенде суреттеледі.

Кітап салтанатты түрде Лондон, Эдинбург және Манчестер қалаларында таныстырылды. Waterstones ағылшын кітап дүкендер желісінің 140 дүкенінде осы таныстырылымның жаңа бөлімінің шығуына байланысты түнде арнайы костюммен сауық кештері өтті.

Ресейлік көптеген БАҚ-тың мәліметі бойынша, " Мәскеу кітап үйінде" ағылшын тілінде шыққан кітап тамыз айының бірінде шығады. Ресейде кітап құны - 1,7 мың рубль (шамамен 9 мың теңге). Гарри Поттер жайлы жаңа кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы осы жылдың қараша айында шығады деп күтілуде.

Лондонның Palace театрының сахнасында "Гарри Поттер және қарғысқа ұшыраған бала" атты спектаклінің премьерасы өтті. Роулинг жазған кітапқа ағылшын драматургі Джек Торн сценарий жазған, ал режиссері ретінде Джонн Тиффани болған. Қойылым екі бөлімнен тұрған және бес сағатқа созылған.

Кітаптың шығуы Гарри Поттер туралы кітаптың авторы Джоан Роулингтің туған күніне орай ұйымдастырылған. 31 шілдеде ол 51 жасқа толды. Сондай-ақ, басты кейіпкер Гарри Поттердің де туған күні 31 шілдеде. Романға сәйкес, ол 36 жаста. Еске салайық, жас сиқыршы туралы ең бірінші кітап "Гарри Поттер және философиялық тас" деп аталады, ол 1997 жылы жарық көрген.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/books/garri-potter-turalyi-segznsh-ktap-satyilyimga-shyiktyi-271582/

0
0
1098

Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың судьялары мен аппаратына Департаменттің жаңа басшысын таныстырды

Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың судьялары мен аппаратына Департаменттің жаңа басшысын таныстырды

http://sud.gov.kz/kaz/news/kayrat-mmi-zhogargy-sottyn-sudyalary-men-apparatyna-departamenttin-zhana-basshysyn-tanystyrdy

 

0
0
397

Жоғарғы Сотта Әкімшілік процестік кодекстің жобасын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы болып өтті

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева Әкімшілік процестік кодекстің жобасын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының отырысын өткізді.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары мен Департаменттің жауапты қызметкерлері қатысты.

Кодекс жобасы туралы айта келе, А.Қыдырбаева Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында әкімшілік әділет жүйесін құру қажеттігі, ол қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізумен қатар, сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды түріне айналуы тиіс деп көзделгендігін атап өтті.

Кодексті әзірлеу қажеттігі туралы мәселені көтере келе, Жоғарғы Сот судьясы Валерий Ноздрин: «Өзінің табиғаты бойынша әкімшілік іс жүргізу – азамматтар мен ұйымдарды мемлекеттік органдар мен олардың  лауазымды тұлғаларының құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғайтын институт», - деп атап өтті.

ӘПК жобасы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді қарайды. Отырысқа қатысушылар ӘПК жобасын әзірлеу мұндай санаттағы істерде азамат, заңды тұлға немесе ұйым бір жағынан талапкер болып табылатындығымен, екінші жағынан мемлекеттік басқару органы атынан мемлекет бір тарап болып қатысатындығымен байланысты екендігіне айрықша назар аударды. Айталық, мемлекттік басқару органы билік құзыретіне ие, әдетте оның заң аппараты бар, ал талапкердің (азаматтың, заңды тұлғаның немесе ұйымның) жағдайын мемлекттік органмен тең дәрежеде деп айта алмаймыз. Бұл қатынастар денсаулық сақтау, сәулет және құрылыс, жер қолдану, өрт қауіпсіздігі, салық жинау және кедендік реттеу, баға қалыптастыру, антимонополиялық реттеу, энергиямен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету және т.б. заңнаманың көптеген түрлерімен реттеледі. Сондықтан басқару органы атынан мемлекеттің қызмет ерекшелігі мен маңыздылығын ескере отырып, мұндай санаттағы істерді қараудың процестік тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу қажет. Бұл азаматтың немесе заңды тұлғаның құқықтары мен  заңды мүдделерін сотта қорғауға кепілдік береді.

Отырысты қорытындылай келе, А.Қыдырбаева жұмыс тобы мүшелерінің алдына ӘПК жобасының нормаларын мүдделі органдармен талқылау қажеттігі туралы бірқатар міндеттер жүктеді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-kimshilik-procestik-kodekstin-zhobasyn-zirleu-boyynsha-kurylgan-zhumys-tobynyn

0
0
456

Басты мақсат — көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен Ақпарат және коммуникация министрлігі арасындағы бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша бірлескен іс-шара жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2016 жылғы 29 шілдеде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы - «ХҚКО» - ның ғимаратында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша кезекті апта сайынғы азаматтарды (қызмет алушыларды) қабылдау шарасын өткізді.  Азаматтарды қабылдау әділет органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.

Сонымен қатар, Департамент «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру шеңберінде «Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында «Өз құқықтарыңды білесің бе?» атты акциясы өткізді.

0
0
728

Қазақстанда баланы емізудің Ұлттық апталығы өтуде

Баланы емізу Халықаралық апталығының аясында 2016 жылдың 1-7 тамызы аралығында еліміздің барлық аймақтарында «Баланы емізу – тек тамақтандыру ғана емес!» атты апталық өтпек.

Аталмыш шараның мақсаты – емізу ісін насихаттау, ерте жастағы балалар ауруларының алдын-алу, жүкті және емізетін аналарға қолдау көрсету болып табылады.

Ұлттық апталықтың аясында емізу мәселелерінің артықшылықтарына арналған бірқатар консультативтік шаралар ұйымдастырылып, өткізілмек. Бұл шаралар отбасын жоспарлау, босануға дайындалу, жас ана мектептері мен дені сау бала кабинеттерінде болашақ ұрпақ үшін  емізудің маңыздылығы жөнінде семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары, дәрістер өткізу болып табылады.

Қазақстанда перинаталдық көмектің тиімділігін арттыру мен жас балалар ауруларын біріктіріп жүргізу бойынша аймақтық оқыту орталықтары құрылғанын атап айту керек. Аталған технологияларды енгізудің нәтижесінде өкпенің қабынуы жағдайы 14%-ға төмендеді, 6 айға дейінгі балаларды тек емізу арқылы тамақтандырумен қамту 84%-ды құрады. ДДСҰ ұсынған балаға қарау стандарттарын енгізу нәтижесінде балалар ауруларын диагностикалау жақсарды.

Баланы емізу нәрестенің дені сау өсуіне және дамуына, иммунитетін қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті нәрлі қоректермен қамтамасыз етудің таптырмас тәсілі болып табылады.

Бала өмірге келген соң алғашқы алты ай бойы тек емізу керек. Содан кейін қосымша тамақ бере отырып, екі жасқа немесе одан әрі қарай емізуді жалғастыру маңызды. Алайда, емізулі балалардың көбі дұрыс тамақтанбайды, мысалы, әлемде орта есеппен балалардың 38%-ы ғана алты айға дейін емеді.

Ана сүті сенсорлық және когнитивтік дамуға ықпал етеді, нәрестені инфекциялық және созылмалы аурулардан қорғайды. Емізу баланың диарея немесе пневмония секілді аурулардан болатын өлім-жітімін қысқартады және одан жылдам сауығуға ықпал етеді. Баланы емізу нәрестенің дені сау өсуіне және дамуына қажетті нәрлі қоректермен қамтамасыз етудің таптырмас тәсілі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, емізудің дүниежүзілік Ұлттық апталығы жыл сайын ДДСҰ-ның бастамасымен 1 және 7 тамыз аралығында өтеді. Ана сүтімен тамақтандыру Халықаралық апталығы емізуді сақтау, ынталандыру және қолдау үшін 1990 жылы тамыз айында қабылданған ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің Инночетиялық декларациясына байланысты өткізіледі.

 
0
0
420

«Мақтаарал» өз алаңында жеңіске жетті

Кеше Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов стадионында жергілікті "Мақтаарал" футбол клубы қонаққа келген "Шахтер-Болат" футбол клубын қабылдап алды.


Тартысты ойында "Мақтаарал" футбол клубының ойыншысы Гейсар Алекперзаде бір гол соғып, "Мақтааралды" жеңіске жеткізді.

Айта кетейік, "Мақтаарал" футбол клубы бірінші лиганың жалпы есебінде үшінші орында келе жатыр.

Мақтаарал 1-0 Шахтер-Болат.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
434

Мақтаралдың орталық ауруханасын еріктілер нұрландырып жіберді

Бүгін Мақтарал ауданының орталық ауруханасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі 2016 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еріктілер мектебі» жобасы аясында Мақтарал ауданының ерікті жастарының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» акциясы болып өтті.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен ауданымыздың орталық ауруханасының балалар бөлімінде қабырға суреттері салынып, қызықты ертегі кейіпкерлерін бейнелеу арқылы науқас балалардың көңіл-күйін көтеруге ауданның ерікті жастары ат салысты.

«Адамзат атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударса керемет емес пе? Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұрын басқаларға сыйлап, жан дүниесін жылы сезімдерге толтырып жүрсек, жер бетінде бақытсыздар болмас еді. Сырқаттанып, аурумен күресіп жүрген балалардың жүрегіне жылылық, жүздеріне шаттық орнатсақ, онда біз өз мақсатымызға жеттік, айналамыздың нұрлануына сәл де болса үлес қостық деп есептеймін» - дейді аудандық ерікті жастардың көшбасшысы Сүндет Кенжебаев.

Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері науқас балалардың көңіл күйін көтерсе, екінші жағынан Өрмекші адам, Микки маус, Маша мен аю, Тасбақа ниндзиялар сияқты т.б. толып жатқан шетелдік кейіпкерлерден балалардың санасын арылтып, қазақы руханиятты бойына сіңдіруге әсерін тигізді. Осындай қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, науқас балалардың көңіл-күйін көтергені үшін аурухана басшылығы ерікті жастарға өз алғыстарын айтты.


1
0
1667

Мақтаралдың тазалық сақшылары іске кірісті

Мақтарал ауданының студент жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін арттыра отырып, жастардың бойына азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында құрылған «Жасыл ел» еңбек жасағы Жетісай қаласында өз жұмысын бастады.


30-дан аса студенттерден құрылған жасақ аудан орталығының көшелері мен қоғамдық орындарын абаттандыруды, қоқыстан тазартуды, көріктендіруді қолға алды. Студенттер жасағының әрбір мүшесіне аудан бюджетінен 35 мың және республикалық бюджеттен 17 мың теңге жалақы берілетін болады.

Баршаға белгілі, Мақтарал ауданы еліміздің күнгей өңірінде орналасқан ауа температурасы ең ыстық аудандардың бірі. Осыған байланысты, студенттер үшін сағат 8:00-13:00 аралығы мен 17:00-20:00 аралығына жұмыс уақытының кестесі қойылған.


Осылайша, студент жастардың еңбек жасағында қызмет ете отырып жазғы демалысты қызықты өткізуді жоспарлаған жастар үшін арнайы іс-шаралар өткізіліп, еңбекте озат ізденушілерге қала басшылығы тарапынан марапаттаулар ұйымдастырылмақ.


 
2
0
667

Мақтарал ауданында терроризм қауіпінің алдын алу бойынша жиын өтті

Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудан басшысы Ж.Бейсенбаевтың қатысуымен антитерроризмге қатысты жиналыс өтті. Іс-шараға аудандық ішкі істер басқармасының басшылары, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері, жалпы мемлекеттік және жекеменшік ірі обектілердің жетекшілері қатысты.


Аудандық Ішкі істер басқарма бастығының орынбасары С.Жайлыбаев терроризмге қарсы тұру үшін көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқандығы туралы баяндама жасады. Соның ішінде халық көп жүретін қоғамдық орындар мен осал обьектілердің қатаң қадағаланып, жиі тексеріліп тұратындығын айтты.

Мақтарал ауданы әкімі Ж.Бейсенбаев ең бірінші бейне бақылаудың көмегімен қылмыскерлер ұсталғанын айта отырып, бірқатар бейне бақылау орнатылмаған мекеме басшыларына қатаң ескерту жасап, дереу орнатуды міндеттеді.


1
0
539