Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкент. «Көл».

Шымкенттің қақ ортасындағы атақты "Көл".. Дәлірек айтсақ көлдің орны.

1960-80 жылдарда қалаға келген ауыл тұрғындарының осы "Көл" маңындағы Қырғы базарға соқпайтыны болмайтын.. Қалаға алғаш келген ауыл жастары өздерінің ауылдас немесе сыныптастарына кездесуді осы көл жағасына белгілейтін.
Көл маңында Шымкенттің атақты салқын сырасы, орыстың квасы бөшкелермен сатылса, қазақтың бидай көжесін апа-жеңгелеріміз милициядан қашып жүріп сататын. 
Жаздың аптап ыстықтары мен қапырықтарында көлден жанға жайлы салқын самал есіп тұратын. Көл суына бала-шаға ғана емес, ересектер де шомылып жататын. Көл ортасындағы жағамен ағаш көпір арқылы жалғасқан аралшадағы 4-5 түп ағаштың саясында көлеңкелеп отыруға болатын. Қаласаңыз су велосипедін жалға алып су бетінде қалқи беріңіз ..

Осы әдемі суретті 1990 жылдары өмірімізге еніп келіп, арты жанталасқан әлемтапырық жанбағысқа ұласқан нарық заманы тас-талқан етті. Алдымен көл суы тартылып іші қоқысқа толды. Артынан бір іскер азаматтар көл түбіне тас төсеп, базарға айналдырып жіберді.

Көлден біржола айрылдық қой дегенде, облысқа әкім болып келген Өмірзақ Шөкеев үмітімізді қайта оятты. Көл маңындағы сауда орындарын иелерінің ата-даңқы мен әке-көкесіне қарамай, бульдозермен сүріп қала сыртына шығарып, көл маңын абаттандыруға кірісті. Нәтижесінде гүлденген Шәмші аллеясы мен ақшаңқан Неке сарайы пайда болды. Көлдің іші-сырты да жөнделді...
Өкінішке қарай, су оралмады..
Ө.Шөкеев кеткен соң ұмыт қалды ма, әлде басқа жағдай ма - ол жағы біз үшін белгісіз..
Бірақ осы көлге су толса, қаланың жаздың аптап күндерінде қаламыздың микроклиматына әсер етері сөзсіз еді.

Суретте: Шәмші аллеясы


Шәмші ескерткішіНеке сарайы

0
0
2516

Осы тақырып бойынша

Шымкент. «Көл». - Yvision.kz