Бас, бас, бас қамшыңды тоқтама!
Өзі тәтті-ақ. Жеп қойғың келеді. Ол кім? Ол - қазақтың Төреші. Әндері күшті. Прямо жаны бар. Қайнар аға да өлтіріп жазып береді. Төреш те жүректерге жеткізеді ғой оны.
"Көңілім күз болып, күңіреніп кеткенде" де тыңдайтыным осы - Төреш. "Жадырап күлгенде де"тыңдайтыным осы - Төреш.
"Жаным, қазақ! Барым - қазақ! Баянды болсын, Бағың қазақ!" дейтін Төреш қазір қазақтың жаны болып тұр.
Елін сүйген халқына Ұлы дала баласының салған әні барған сайын жағып бара жатыр. "АЕҮҮЙ" деп сыр елінің мақамына салғанда, сыр сүлейлерін тыңдап өскен менің кәдімгідей арқам қозып кетеді. "ҮҮЙ" де "ШАП" дегенде ше?..
"Ұлы даласы мен болайын, менің ұлы қорғаным сіздерсіздер" дейді өзі. "Іздеме" десе де, іздейміз де отырамыз ғой. "Жазда, қыста, көктем, күзде де іздейміз. Бұрын "Сөз мергенді" жүргізгенде, онша іздемейтінбіз. Ұлы дала баласы басталғалы бұрынғадан бетер іздейтін болдық. Енді Ұлттық арна мен Ұлы дала баласы бұрын соңды болмаған жобаны жасады. Бұл жоба бәрінен өзгерек болып тұр. Осы өткен жексенбінің кешінде қойнауында қара алтыны қайнаған Қарағандыда болғанын көрсетті. Төреш залды жарды қой. Қарағандылықтар қолдары қызарғанша, қол соқты. Серік Сәпиев атындағы залда отырып, менің де тегін концерт көргім келіп кетті."Әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар" болды ғой ана жерде.
Өзім сияқты "сабақ" десе бармайтын, "вечер" (тегін концерт) десе қалмайтын студенттер жиналған екен. Мен енді ондай емеспін))) Менің замандастарым ғой сондай))) Бірақ, енді әлеуметтік желіге келгенде, замандастарымнан асып тұрған ештеңем жоқ. Түгін қоймай ақтарам ғой. Таңертең 8-ден бастап, түнгі 3-ке дейін тыным жоқ. Ауылдағы келіндер құсап 5 сағат ұйықтаймын)))
Сол әлеуметтік желіде тыным жоқ. Екі күннен бері тема Төреш болып жатыр. Ұлттық арнаның Ұлы дала баласы әңгіменің ұйытқысы. #Ұлыдалабаласы деп терсең болды, бәрі шығып тұр. Қызықтың түр-түрі болыпты ғой. Төреш күбі піскен ба? Майды өлтіріп алып жатыр. Шахтер болған ба? Мұнай қазған ба? Кондуктор болған ба? АҚ ТӨРЕШ кондуктор болған автобусқа болған автобусқа мінген адамда арман жоқ шығар)))
Короче, Ұлы дала баласы қызыыыыық болайын деп тұр. Әр жексенбінің кешінде әр қазақтың шаңырағында ұлттық арна қосулы болады енді. Ұлы дала баласын көреді ғой.
