Сахна киімдерін тігетін кәсіпкердің өнімдері елге танымал болып келеді
Гүлшат Кәукенқызы Мұсабекова 1992 жылы Семей қаласының өнеркәсіп колледжін бітіріп, Алматыдағы республикалық «Мақпал» сән орталығына байқау арқылы өтті. «Мақпал» сән орталығы гастрөлдік сапармен әлемді шарлап келеді. Сондықтан да Гүлшат шебер тіккен киімдер Германия, Франция, Америка елдерінде талай көрсетілді. Сән үйі негізінен ұлттық киімдер тігумен айналысады. Сондықтан да Гүлшат Кәукенқызы Мақпал Жүнісова, Бибігүл Төлегенова, Толқын Забирова секілді отандық әншіледің сахналық киімдерін тігуге өз үлесін қосты. 2004 жылы Гүлшат Кәукенқызы туған қаласы Семейге оралып, өнеркәсіп ашуға бел буады. «Әрине, әр жұмыстың өз қиындығы бар. Ен басында біз ұлттық нақышта той көйлектерін тігуден бастадық. Бірақ бәсекелестік жоғары болғандықтан, өнім түрін өзгертіп, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс…