Мазмұнға өту

Жаңа

Шәкәрім тағылымы

Ш.Құдайбердіұлы кітабынан:Пілдің бар жақсы көретұғын жемісін жүретұғын соқпаққа шұбатып шашып, оны тереңдеп барып тұйық жар қылып қойса, піл жемісті тере-тере тұйыққа қамалады. Сонда артын бекітіп қойып біреу ұрған болып, біреу арашалап алып әлгі жемісті беріп, үйір қылып алып көп жүк артып һәм ойнатып жетелеп жүреді.Маймыл адам не қылса, соны қылуға құмар. Оны біліп тұрушылар маймылға көрсетіп торға орап, шырмап тұрып торды тастай кетсе маймыл да келіп оралып жатқанда келіп ұстап алып үйретіп неше түрлі ойын қылғызады. Қалаға барғаныңыз екеуін де ойнатып жүргенін көрген де шығарсыз. Енді бұл екеуі бір нәпсісі үшін, тамақ үшін құл болды. Бірі не көрсе соған құмар боламын деп құл болды. Шайтан да бізді сөйтіп алдап дәндетіп үйір қылады. Күні бұрын сонан сақтану керек. Піл көтінен кейін шег…

0
6
797

Адамдардың әлемді тануы

«Зағиптар мен піл»«Таулардың арғы бетінде барша тұрғындары зағип үлкен қала болды. Бір күні әлдебір жат жұрттық патша өз әскерлерін қаладан қашық емес жазықтыққа лагерь ретінде орналастырды, оның әскерінде көптеген шайқастарда даңққа бөленген ірі әскери піл болды. Ол өзінің түрімен ғана жаулардың зәре-құтын қашыратын. Қала тұрғындарының бәрі: бұл не піл дегенді білуге шыдамсызданады. Және де көп кешікпей соқырлар қауымының бірнеше өкілдері бұл мәселені шешу үшін, патша лагеріне баруға асықты. Пілдің қандай болатындығы туралы титімдей түсінік иеленбеген олар пілді жан-жағынан сипалауға кірісті. Бұл кезде әрбірі оның бір бөлігін сипалау арқылы енді бұл мақұлық жөнінде барлығын білемін деп шешті.Зағиптар қайтып оралғанда, оларды тағатсыздана күткен қалалықтар тобыры қоршап алды. Терең түсіні…

0
3
1284

Адамдағы озбырлық (агрессия).


Кез-келген адамда озбырлық (агрессивтік) қылық болады. Оның пайдалы да, зиянды тұстары бар. Егер хирургта аздаған озбырлық қасиет болмаса ол мүлдем операция жасай алмаған болар еді. Өйткені тірі адамды кесіп, ондағы кеселді алып тастауы керек қой. Бір сәт ойланыңызшы, сіздің өміріңізде сіз, не басқа адам тарапынан озбырлық болды ма? Оған не істеу керек деп ойлайсыз? 

0
5
3061

Адамдармен қарым-қатынас


Адам тіршілігіндегі ең қиын нәрсе, ол адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы. Бірақ мұны өз ойлағаныңыздай етіп жүргізуге болады. Ол үшін адам өз ісін жақсы меңгерген психологтармен кеңесіп тұруы керек. Әлем шексіз және мүмкіндіктер мол. Кез келген проблеманың (өзекті мәселенің) сан түрлі шешімі болады. Және де табысты, жетістікке жетелейтін қарым-қатынас өнерін үйренуге жағдай бар. Тек адамның ынтасы болса болғаны. 

Өмір сүру қиын ба?

Жалпы өмір сүру өшпенділік, жаукөзділік жағдайында өтетіндіктен қиын да күрделі. Әсіресе бұл бизнес әлемінде айқын білінеді. Мәселен, сіз табысқа жетіп, биікке өрлесеңіздер, оны көре алмайтын, аяқтан шалатын адамдар табылады. Сіз қалай ойлайсыз, өмір сүру қиын ба? Әлде...

0
9
1043

Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық

Ескерту: жұмыс уақытындағы көңіл-күйін бұзғысы келмейтіндерге оқымай-ақ қоюға кеңес беремін. Дүйсенбі сайын жұмыста бас қосып, өткен аптаның жаңалықтарымен бөлісетінбіз. Бұл жолы да солай болды. Бір әріптесіміз КТК арнасынан «Жас қазақтағы» Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық тақырыбына орай арнайы хабар әзірлегенін айтты. Алакөл ауданындағы мектепте болған айуандықты егжей-тегжей қайталамай-ақ қояйын. Жауқазынды қорғайтын арнайы заңгер керектігі, әйтпесе оны жылы жауып тастауға қам жасалып жатқанын да хабарлағанбыз. Сол қыздың анасы бұл дүниеден әділеттілік таба алмай қорланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болыпты. Қазір ауруханада жатқан көрінеді. Сымбаттың өзін де экраннан көрсетті дейді білетіндер. Ал әкесінің сыртынан іс жинап жатыр екен. Астанана жасақталған арнайы комиссия істің ақ-қарас…

0
2
617

Жоғалып кеттім, білемін...

Кешіріммен қарауыңды өтінемін. Себебі бұдан басқа да блогым бар еді. Көбіне сол жерге жазамын. Біреуі urimtal.wordpress.com and kz.kazakhstan.neweurasia.netҚазір ауардтың ұйымдастырушылар қатарындамын ғой. Жұмыстан қолым қалт еткенде соның шаруасымен дедектеп кетеміз. 19 қарашада СтарсКлабта (Желтоқсан мен Абайдың қиылысы ғой деймін) марапаттау салтанаты болады. Мүмкін келерсің, ә? Келетін болсаң, алдын ала сайтқа барып, тіркеу формасын толтырғаның жөн. Негізі түнгі клубқа бару табиғатыма жат еді. Айтпақшы, осы блогта Нұрғисаның блогы біраз жыр болып еді. Биылғы ауартың үздік есеместерінің көшін сол Нұрекең бастап келеді :) Әлия осы байқауға қатысқан қазақ тіліндегі сайттарға қатысты тәп-тәуір шолу да жасап үлгерді. Сенбесең, оқып көр!Бүгін ювижнге Серікбай ағаның блогы ашылған соң қайта…

0
7
576

Қаржы табудың негізгі жолдары


 

Психологтардың деректеріне сүйенсек қаржы (ақша) табудың негізінен тек төрт жолы бар көрінеді. Олар а) жалданып жұмыс істеу; ә) жеке кәсіби қауымдастықта жұмыс істеу; б) бизнеспен айналысу және в) инвестиция салу. Алдыңғы екі тәсілде адам ең көп жұмыс істегенде 24 сағаттан артық жұмыс істеп, пайда таба алмайды (бірақ оған ұйықтау, дем алу және т.б. керек қой). Ал бизнестің немесе инвестицияның бірнеше түрімен айналысқан адам соншалықты мол қаржыға жолығады. Істеріңіз табысты болсын!    

0
4
1115