Таяқ жейсің
Не пора ли казахстанским компаниям и организациям пересмотреть применяемую систему управления персоналом?!

@kzppp
Свою миссию мы видим в расширении партнерства между государством и бизнесом, объединении их потенциала для роста частных инвестиций в экономику Казахстана
рейтинг
100
жазбалар
161
пікірлер
28
тіркелуші
11
жазылымдар
45
рейтинг
100
жазбалар
161
пікірлер
28
тіркелуші
11
жазылымдар
45
Не пора ли казахстанским компаниям и организациям пересмотреть применяемую систему управления персоналом?!

Тәттімбет Жұмағұлов – Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы Инновацияның дамуы – мемлекеттің дамуы. Бұл ретте ғылым мен кәсіпкерлік қабілеттіліктердің өзара ұштасу керектігін ұмытпағанымыз жөн. Соңғы жылдары әлемдегі инновациялық даму мен мықты идеялар айтулы университеттерден бастау алуда. Демек, олардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі зор әрі соны қарқын алу үстінде екенін айқын аңғарамыз. Әлемдік тәжірибеде жоғарғы білім орындары мен экономикалық дамуды байланыстыратын көптеген факторлар бар. Атап өтетін болсақ: - көптеген мемлекеттерде жоғарғы білім орындары арқылы технологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытатын идеялар туындайды; - жоғарғы білім орындары қолданбалы бағыттағы (прикладная) зерттеулер жүргізіп, олар кәс…
Астана қ. 28 қазан 2016 жыл. Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҰЭМ «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Шолпан Сапарғали мен Вице-президенті Айдос Оралханұлы Көбетовтың қатысуымен «Қазақстандағы мемлекеттік–жеке меншік әріптестікті дамытудың алғашқы нәтижесі» атты баспасөз конференциясы өтті. МЖӘ орталығы жетекшісінің орынбасары Шолпан Сапарғали өз сөзінде: «Бір қуантарлығы, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі механизміне соңғы кездері қызығушылық арта бастады. Салыстырмалы деректі ұсыналық: егер ағымдағы жылдың ақпан айында әр түрлі дайындықтағы 102 жоба ұсынылса, ал қазан айында құны 1,1 трлн. теңге болатын 274 жоба, нақтыласақ оның 253-і аймақтық, 21 республикалық дәрежедегі жоба дайындалу үстінде» екендігін жеткізді. С…
Астана. 2016 жыл. 21-шы қыркүйек. ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ мен Istanbul PPP Cente rof Excellence (Түркия МЖМӘО) бірлесе отырып мемлекеттік және жеке меншік әріптестігі аясында жүзеге асатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша қазақ-түрік форумын өткізді. Басқосуда Түркия мен Қазақстанның осы бағытта атқарған жұмыстарына сараптама жасалып, ол жобаларды қаржыландыру және сапалы басқару жағдайы талқыланды. Жиынның басты мақсаты, тиімді инфроқұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қабілетті инвесторлармен тікелей келіссөз жүргізілді. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев отандық экономиканы дамытуда өз елімізден және әсіересе шетелден инвестор тарту мәселесіне ерекше ден қойып келеді. Осы орайда мемлекеттік және жеке меншік әріптестігі м…
Орынбасар Әбсатов - Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы Қазіргі таңда мемлекет пен жекеменшік әріптестігі бүкіл әлемде кеңінен таралған. Әлемнің барлығы дерлік дамыған және дамушы елдерінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестігін қолдану бойынша бірінші орынға автожолдарды салу және қайта жөндеу саласын қоюға болады, одан біршама қалыс қалатын салаларға денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау және канализация, теміржолдар, аэропорттар салу сияқты негізгі салалар жатқызылады. Біздің елімізде әуелгі баста, яғни тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізінен мемлекеттік активтерді басқару элементі ретінде қарастырылған болатын. Бастапқы қадамдарда инвесторларға жалғыз инструмент – концессия ғана ұсынылды, яғни дәлірек айтса…
Меруерт ӘМІРХАНОВА - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы Қаланың жақсы жарықтандырылған ортасы болғаны өте маңызды. Себебі көше жарығы кез-келген қаланың бет-бейнесі болып табылады. Күндізгі уақытта шамдар қаланың келбетін үйлесімді әрі эстетикалық тұрғыдан толықтырып, қала тұрғындары мен қонақтарының көзін қуантып қана қоймай, көрікті жерлерді әйгілеп немесе қаланың мерекелік көңіл-күйін ерекшелеп көрсетуі тиіс. Оған қоса шамдар түнде қала көркін одан сайын құлпырта түседі. Өйткені ол күндізгіден де тартымды болуы тиіс қой. Екінші жағынан көшенің жарығы қоғамдық қауіпсіздік талаптарына сай келуі қажет, олай дейтініміз - жолда келе жатқан жүргізушілер де, айналасын көзбен шолып отыратын жүргіншілер де қозғалыс қатысушылары болып табылады. Көшелерді жарықтандыру үшін қа…
Тәттімбет Жұмағұлов – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы ХХІ ғасырдағы жаңа өркениет биігіндегі қарыштап даму талабы еліміздің инфрақұрылымын барынша өркендету міндеттеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Жол, көпір, теңіз айлақтары мен әуежай сынды мемлекеттік маңызы зор транспорттық нысандарды дамыту және пайдалану тетіктерін барынша жетілдіру де қазіргі заман талабы болып табылады. Әрине экономикалық дамудың үдемелі әрі тұрақты жағдайында инфрақұрылым сапасын арттыруға деген талаптың күшеюі де орынды. Қазіргі әлемдік экономикадағы қайшылықтар мен дағдарыстың кереғар ықпалы жоспарланып отырған бюджетті дұрыс қолданудағы басқару және жүйелеу тетіктерінде әлемдік озық тәжірибелердің қолданылуына назар аударуымыз заңдылық. Бұл ретте мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту мен…
Назгүл Нұрбаева - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы Техника мен технология дамып, барлық саладағы әлемнің озық үлгілерін өзімізге өлшеп көрген сайын, біздің елде де әртүрлі мамандықтар, сан түрлі салалар ашылып жатады. Соның бірі, әрі бірегейі ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ. Екі сөзді екі бөлек қарастырсақ, мағынасын бүгінде жұрттың бәрі біледі. Дегенмен, «жоба» ұғымы адамның алған тәжірибесін синтездеуге үйрену, білімді қалыптастыру және мақсаттарын жоспарлаудан басталатын өзінің түпкілікті тамырлары бар адамзат өміріндегі құбылыс. Мұнда адам оған берген әлемді түрлендіріп, білімі мен еңбегінің арқасында мақсаттарына қол жеткізе отырып дамиды. Өзі ғана емес, айналасын, қоршаған ортасын, қоғамды, қала берді мемлекетті өркениет көшіне ілестіреді. Ал енді басқару деген мағынадағы…
Сұрақ: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті одан әрі дамыту бағытында елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Сіздің ойыңызша, осы мәселе «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңға сәйкес қалайша реттелуде және қандай жұмыстар атқарылуда? Жауап: Баршамызға белгілі болғандай, Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам жоспарының 34-қадамы – мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту щеңберінде пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту, пенитенциарлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жеке меншік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу қадамын іске асыру аясында пенитенциарлық салада халықаралық тәжірибені зерттеу, жобаларды құрылымдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте 2015 жылдың…