Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүделері Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. Жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін іске асырудың және қорғаудың бір механихзімі  өтінііш беру болып табылады.  Бұл ретте Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарда қабылданған “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының маңызы зор.  Аталған заң жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру мен оны қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жалпы “өтініш” дегеніміз-өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға  жіберілген арыз-ұсыныс, шағым, сауал немесе үн қосу.   Өтініш жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электронды құжат нысанында беріледі. Электронды құжат нысаныендағы өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған болуы қажет.

Өтініштің бір түрі болып есептелетін “Арыз” –адамның өз құқықтары мен бостандықтарын іске асрыруда жәрдем көрсету туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды тұлғалардың жұмыстарындағы кемшіліктер туралы хабарлама немесе олардың қызметін сынау болып табылдады. Жазбаша өтінішке қандай талаптар қойылады?

Біріншіден, өтініш қойылған мәселелерді   шешу құзіретіне кіретін субъектіге немемсе  лауазымды тұлғаға жіберілуі тиіс;

Екіншіден, жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ,  қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекен -жайы,  арыз иесінің қолы немесе ол электрондыдық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы тиіс. Ал, заңды тұлғаның өтінішінде оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері мен күні көрсетіледі:

Үшіншіден, шағым жасалған кезде, іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немемсе лауазымды тұлғалардың  лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен, талаптары көрсетіледі.

Субъектіге тікелей жазбаша  өтініш жасаған арыз берушіге арызының тіркелген уақыты мен күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Заңның 5- бабында қарауға жатпайтын өтініштер көрсетілген.  Дайындалып жатқан немемсе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік  немесе қоғамдық   қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзіретіне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиісті жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш, мәселенің мәні баяндалмаған өтініш қарауға жатпайды. Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылса, өтініш қайтадан қаралады.

Бүркемеленген өтініш дегеніміз-өтініш иесін біліу мүмкін еммес, қолтаңбасы, (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы) жоқ және арыз берушінің пошталық мекен –жайы жоқ өтініш. Мұндай өтініш қарауға жатпайды.

Заңның 8- бабына сәйкес, өтінішті қарау үшін өзге  субъектілерден лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге барып тексеру талап етпейтін жеке және заңды тұлғаның өтініші 15 күн ішінде қаралады.

Егер өтінішті қарау үшін субъектілерден лауазымды адамдардан ақпарат алу  немесе  жергілікті жерге барып тексеру  талап етілетін жеке және заңды  тұлғаның өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде  қаралады және ол бойынша шешім қабылданады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда; қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге  ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі  ұзартылған кезден бастап 3 күн ішінде арыз берушіге хабарланады.  Өтініштің қаралу мерзімін субъектінің басшысы  немесе орынбасары ұзартады.

Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, өтініш түпкілікті  орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылып, күнтізбелік 3 күн ішінде бұл туралы арыз берушіге хабарланады.  Өтініште қойылған мәселелерді шешу құзіретіне жатпайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін  мерзімде арыз берушіге бұл туралы хабарландырылады және өтінішті қарау құзіретіне  кіретін тиісті субъектіге жіберіледі. Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді мемлекеттік тілде немесе өтініш  берілген тілде болуға , арыз берушінің  қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немемсе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

Егер қайта жасалған өтініштерде жаңа дәлелдер не жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмесе алдыңғы берілген өтініш бойынша егжей-тегжейлі тексерілген материалдар бар болса және арыз берушіге тиісіті жауаптары берілген болса өтініштерді қарау тоқтатылады. Өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімді субъектінің басшысы немесе орынбасары қабылдайды. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша субъектінің немесе лауазымды тұлғаның қабылдаған шешіміне  қанағаттанбаған жағдайда, бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған  лауазымды тұлғаға немесе субъектіге шешім белгілі болған  кезден бастап 3 айдан кешіктірілмей шағым беріледі. Егер шағым берудің 3 айлық мерзімі өтіп кетсе шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды, себебі  шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды қарау кезінде анықталады, бірақ шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін.

Жоғары тұрған субъекті немесе лауазымды  тұлға болған жағдайда немесе арыз беруші қабылдаған шешіммен  келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі. Сондай-ақ, көрінеу жалған мәліметтерден тұратын өтініштерді тексеруге байланысты өзіне келген шығындарды өндіртіп алу үшін лауазымды тұлғалардың, субъектілердің сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының бас маманы-сот отырыс хатшысы А.Әбіл

 
0
0
3043

Осы тақырып бойынша

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі - Yvision.kz