Мазмұнға өту

Жаңа

Апамның иісі

Алғашында ұқсаттым ба дедім. Мамамның бөлмесі бала күнімдегі апамның бөлмесінің иісін еске салды... Апам марқұм «дәу папанікінде» (әкемнің ағасы) тұратын, каникулда барамыз. Бөлмесінде ұйықтаймыз қаптаған қыз. Жатқан бойда қата қоймай шулаймыз, сөйлейміз, таяғымен түрткілейтінJ Қараңғыда дәл тимейді, кімнің қайда жатқанын, кімнің сөйлеп жатқанын біле алмайды. Біз де соны қызық көріп, таяғынан қашып, төсегінің астына кіріп кетеміз ұстатпай, мәз боламыз – баламыз... Сол бөлменің иісі ерекше еді - апамдікі. Еркелігі мен қаталдығы бар ақкөңіл жан еді. Айына, жылына бір келетін маған бар жылы-жұмсағын беретін. Кетерімде қолыма міндетті түрде ақша ұстатады. Сәбилерді емдейтін қасиеті бар еді. Ангинаны бас бармағымен-ақ басып қайтаратын әдісі де бар қазақтың. Не керек, ауылға сыйлы апа болды. Би…

0
0
801

Мақтарал ауданының жаңа әкімі ауыл халқының мәселелерімен танысуда

Күні кеше Мақтарал ауданының жаңа әкімі Ғалым Исмаилов Ш.Ділдәбеков ауылдық окургінің «Мәдениет үйінде» ауыл халқымен кездесті. 12 мыңға жуық халқы бар ауылдық округтің тыныс-тіршілігмен танысып, ауыл тұрғындарының айтқан мәселелері мен ұсынған ұсыныстарын тыңдады. «Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің жалпы жер көлемі 6800 гектар. 1737 отбасы бар. Ауылдық окургіміз 13 елді мекеннен тұрады. Орталығы – «Бірлік» ауылы аудан орталығы Жетісай қаласынан 26 км қашықтықта орналасқан» - дейді ауыл әкімі Нәлжан Әбдірайым өз есебінде. Ауылдық округ көлеміндегі халықтың ұлттық құрамы, көшелер мен аулалардың саны, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар туралы, білім және денсаулық салалары бойынша жалпы атқарылған жұмыстар туралы мәлімттерді де ауыл әкімі шет қалдырмады. «Дәл осы ауылдық округке қараст…

1
0
877

2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған

Бүгін Мақтарал ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің мәжіліс залында «Кәсіпкерлерді қолдау бойынша тұрғындарға микрокредит берудің механизмдері мен шарттары туралы кеңес беру» жөнінде кездесу өтті. Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, микрокредиттік ұйымдардың басшылары, жұмыспен қамту орталығының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Мақтарал филиалы қызметкерлері, аудандық кәсіпкерлікті қолдау палатасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысты. «Нұр Отан» партиясының «Мақтарал» филиалының төрағасы Әбдіманап Байдуллаев кәсіпкерлікті дамытуға мемлекетіміздің қаншалықты көңіл бөліп жатқандығын айтып өтіп, аудан тұрғындарынан өздерін мазалаған көкейкесті мәселелерді ортаға салуды сұрады. Мырзакент кентінің тұрғыны Анарбай Шалқаров құжаттарының бәрі дұрыс бол…

1
0
446

Ғылыми -тәжірибелік конференция

А.ж. 12 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласында  «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік этика ережелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияның міндеттері мен мақсаттары  қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлін ашу және миссиясы. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына деген талаптарды арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің қалыптасуы мен даму кезеңін және қызметтік этика ережесін айқындауға бағытталған.

0
0
430

Көкшетауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары А. Шпекбаевтың, Ақмола облысының әкімі С. Кулагиннің қатысуымен жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті

0
0
236

Тіл — халықтың жаны

Тіл – халықтың жаны. Әрбір мемлекеттің болашағы оның тілінде. Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов бір сөзінде: «Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады» деген өсиет қалдырған. Ұлылардың осындай өсиетін ұғынған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та тілді, әсіресе қазақ тілін дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Әр жылдарға арналған мемлекетік бағдарлама құрып, оның іске асырылуын ел үкіметіне қатаң тапсырды. Бұл тек үкіметке қатысты ғана емес, жалпы ел тұрғындарына қатысты құндылығымыз екенін әрбір сөзінде айтып отырады. Биыл тілдерді дамыту бойынша Павлодар өңірінде қыруар іс тындырылды. Мәселен, Қазақстан Республикасында тілдер…

0
0
11057

Мемлекеттік кірістер органына мүліктерді жария етуге 103 346 өтініш келіп түсті

Ағымдағы күнге барлығы 2 446,0 млрд тенге сомасында 103 346 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 2 176,1 млрд. тенге. Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 024,5 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 100 409 өтініш (декларациялар) түсті. - сомасы 768,6 млрд. теңгеге 83 372 тұрғын үй объекті; - сомасы 242,9 млрд. теңгеге 44 328 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 10 019 млрд.теңгеге 164,7 коммерциялық объект; - сомасы 7,2 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 59 қатысу үлесі; - сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. 96 748 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 778,0 млрд. теңгеге жария етілді. Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР ау…

0
0
505

Қызылордада қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 105 қылмыстың беті ашылды

Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2016 жылдың 7 айында кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды. 2016 жылдың 7 айында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, 105 қылмыстың беті ашылып, оның ішінде бөтен мүлік ұрлық қылмысы бойынша – 53 дерек, тонау қылмысы бойынша – 7, қарақшылық, адам өлтіру қылмыстары бойынша бір деректен анықталған. Есірткі қылмысы саласы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 32 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 101 кг. 022 гр. есірткі заттары алынды. Мәселен, «Көкнар-2016» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал бекеті тұсы…

0
0
391

Түннен бері сүйінші сұрасып жатқан қазағымнан айналдым

«Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» деген. Әлеуметтік желілерде жақсылыққа толы жазбаларды жарыса жазып, қазақ елінен түннен бері сүйінші сұрасып жатқан қазағымнан айналдым. Алтыннан ардақты ұлымыз – Даниярдың елге сыйлаған жеңісі құтты болсын, ағайын! Түнде телевизорды тамашалап отырып, Даниярдың жеңісін көзбен көрдік. Әнұранымыз асқақтап ойнап, көк туымыз көтерілгенде төбеміз көкке жеткендей қуанып, көз жасымызды төгіп алдық. Қуаныштан қазағымның бәрін құшақтағым келіп кетті. Лайым, осындай жеңісті күндеріміз, жігер, намысымызды оятатын сәттеріміз көп болсын. Алаш рухы асқақтай берсін!!!

1
0
524