Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Украиндық бағыт

2016 жылдың 18 тамызында Астана қ. ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Украина Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі И.Насаликпен кездесу өткізді, сонымен қатар кездесуге «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Энергоатом» ҰАЭК» ММ, «Ядерное топливо» МК, «Восточный горно-обогатительный комбинат» ММ және «Смолы» ММ басшылары қатысты.

Кездесуде энергетикалық ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер, сонымен бірге Қазақстан Республикасына Украина Президенті П.Порошенконың 2015 жылғы 8-9 қазандағы ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдалыстықтарды іске асыру барысы қарастырылды.

Сонымен қатар, тараптар осы саладағы ынтымақтастықтың одан әрі практикалық қадамдарын анықтай отырып, Қазақстан мен Украина атом-өнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындардың арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың ықтимал бағыттарын талқылады.

0
0
319

Осы тақырып бойынша