«Start-Up Академия» жобасына қатысушылардың бірі тренингтен кейін бизнес ашты
«Сұлулық құрбандықты талап етеді!» деген ұстаныммен әрбір әйел бала кезінен таныс. Тарихи деректерге қарасақ, ежелгі уақытта да әйелдер шашын бояған, түрлі иісмайлар ойлап тапқан. Бақытымызға орай, бүгінгі күні сұлулық саласы жақсы дамыған. Осылайша Алматыдағы «Start-up Академия» жобасына қатысушылардың бірі уақыты мен болашағын сұлулық индустриясымен байланыстыруға шешім қабылдап, тренингтен кейін өз бизнесін ашты. Мадина Мухамедованың сұлулық саласында барлық қызмет түрлеріне арналған үлкен тәжірибесі бар және көп уақыттан бері өзінің жеке салонын ашуы туралы армандаған. Көптеген оқыту курстарынан өтті, «Даму» қорының Start-upAcademy жобасында кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, болашағына үлкен қадам жасады. Мүмкіндік пайда болғанда, әрине, қиындықтар болды, бірақ бәрін жеңе отырып, Мадина…