Ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, бізге не керек?
Жалпы білім беретін мектептерге арналған қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы туралы айтылған сындардан халық жақсы құлағдар. Олардың көпшілігі орыс тілінен орашолақ аударылған немесе орыс тілді азаматтар қазақша жазғаны көзге ұрып тұрады. Ал, негіздердің негізі - мектепке арналған оқулықтардың жайы осылай болса, Адам және азамат құқықтарын қазақ тілінде түсіндіретін оқулықтар, нұсқаулықтар мен дидактикалық материалдар мүлдем жоқ деуге болады. Бірен-саран жарыққа шыққаны қазақ тілді аудиторияның талаптарын қанағаттандыра алмайды. Азаматтарымыздың үлкен бөлігі өз құқықтарын білмейді. Бірен-саран білетіндері түрлі психологиялық және басқа да кедергілердің әсерінен өз құқығын талап ете алмайды. Осы мәселеге байланысты, қазан айының 8-10 жұлдызында (2016 ж.) Алматы қаласында «Халықаралық құқық…

