«Алдаспан» ақындары Алаштың ақынымен кездесті
11 қазан күні ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлымен «Алдаспан» жас ақындар клубы кездесу өткізді. Кездесуге С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің және Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенттері ақынмен кездесуге қатысып, еркін әңгіме құрды.Кештің мақсаты – Ертай Айтқалиұлының шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге, өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу, шығармаларынан өзіндік ой түюге бағытталды. Алғашқы сөзді «Қазақстан-ZAMAN» газетінің павлодар өңірлік тілшісі Жарқынбек Амантайұлы алып, Ертай Айтқалиұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті. Ақын өзінің соңғы жарық көрген «Мен Саған ғашықпын» роман…

