Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар орталығы марапатталды!

Қайырлы күн АЛАШ жұрты! Аптаның алғашқы күнінен бастап  Жастар бастамаларын дамыту орталығында  тағы бір жеңіс! Осы жолы ұжым LEADER OF THE BRANCH 2016 («Сала қөшбасшысы 2016») қабырға медалімен марапатталды. Бұл марапат рейтингтік зерттеулер нәтижесінде анықталған экономика көшбасшыларына тапсырылатын халықаралық марапат. Медаль орталықтың  экономикалық көрсеткіштері және көшбасшылық мәртебесінің растауы болып табылады.

Сондай-ақ Жастар бастамаларын дамыту орталығының ақпараттық кеңестік бөлімінің жетекші Айтбаев Төлеген Жұмабекұлы мүлтіксіз ресми беделі, бастамашылдығы және міндеттерді орындаудағы тиімділігі, ұжымдық құндылықтарды ұстанғаны үшін BENE MERENTI DE PROFESSIONE  («Кәсіби қызметі үшін») медалімен марапатталды.

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  КММ-сінің бас есепшісі Матенова Умсынай Қайырбекқызы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және жоғары біліктілігі, ынтасы үшін EMPLOYEE OF THE YEAR 2016 FOR ACCOUNTING AND AUDIT («қаржы және аудит» саласындағы 2016 жыл маманы) халықаралық сертификатына ие болды.

Естеріңізде болса осы 2016 жылдың наурыз айында Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Садықова Айгүл Абылайханқызы және орталық директорының орынбасарлары Жүсіпбаев Саят Бейбітұлы, Тұрарова Салтанат Жұмабекқызы, есепші Сейсембаева Роза Темерханқызы дәл осындай марапат медальдеріне қол жеткізген болатын.

 
0
0
1452

Осы тақырып бойынша

Жастар орталығы марапатталды! - Yvision.kz