Мазмұнға өту

Жаңа

Кітап сарқылмас рухани қазына...

Кітап сарқылмас рухани қазына..

" Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге"

(Абай Құнанбаев)

Кітап!!! Ия, бұл сөз әр адам баласына өте таныс .Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы  ретінде  пара-пар болса, ал енді кей жандарға іші құпияға толы, жұмбақ әлем болып қала беретіні сөзсіз. Кітаптың құдыреті мен кереметтігін маржан сөзбен тізіп жеткізу мүнкін емес. Кітапты оқыған оқырман, Оқып жатқан сәтінде, жан дүниесі керемет әсерлерге бөленіп, көз алдына түрлі суреттелген кейіпкерлердің образдары бейнеленеді,Өзін тап бір, сол кітаптың ішінде жүргендей сезініп,Өмірде де, дәл автордың шығармасындағыдай ситуациялық жағдай бола қалған жағдайда, сол мәселеден шығуға септігін тигізеді.

Кітаптың ерекшелігі мен кемшілігіне тоқтала кетсем: Ерекшелігі: біріншіден: ол оқырманның ойлау қабілетін жақсартады; екіншіден:оның сөздік қорын молайтады; Үшіншіден: жан дүниесін рухани байытады; Төртіншіден: Кітап оқып талдауға,сарапқа салуға үйретеді.Кемшілігі  жағына тоқтала кетсем, Кітаптың зиянына қарағанда пайдасы мол, себебі кемшілік кітапта емес,адамның өзінде.Қазіргі қоғамда кітап оқушылар саны сиреп бара жатқандығы жағаны ұстатады.Оған халқымыз уақыт тапшылығының аз екенін сылтау етсе, енді біреулер  әлеуметтік желінің құрбаны болып ,алтын уақыттарын бос іспен өткізетіндігі айқындалып отыр.Оқырмандардың жас ерекшелігіне көз салсақ 10 мен 60 жас аралығындағы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін зер салып оқиды екен. Сөзімді қорытындылай келе, Кітапты әрбір жас-жеткіншектің оқуы парыз деп есептеймін, себебі кітап  ойы өрісімізді дамытып,ақыл-білімізді  кеңейтіп, бізді болашаққа жетелейтін бағдар.

Құрметті оқырман!!! Кітап Сарқылмас қазына,ол  Ата-бабамыздың мұра етіп қалдырылған құнды жәдігер. Оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат  етіп жеткізу біздің парызымыз екенін ұмытпайық!!!

 
0
0
17311

Алматы облысында 25 тонна қант өндіру жоспарланып отыр

Биылғы жиналған өнімнен Көксу қант зауыты осы маусымның алғашқы қантын алды. Зауыт ұжымын осы маңызды оқиғамен құттықтауға облыс әкімі Амандық Баталов арнайы барды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу қант зауытының жаңғырту жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы кәсіпорынның құрылтайшысы Нұрлан Тілеубаев баяндап берді.

«Биылғы жылы миллиард теңгеден астам қаржы құйып, кәсіпорынға жаңғырту жұмысын жасадық. Қазір барлық жүйелер автоматтандырылған, процестердің бәрі де бір оператордан басқарылады. Сонымен қатар фильтрлер ауыстырылып, бұл өз кезегінде өнімділікті көтеруге және электр энергиясының тұтыну мөлшерін азайтуға ықпал етті. Бұл біздің жұмысымыздың алғашқы кезеңі ғана, зауыттың жаңғырту жұмыстары келесі жылы да жалғастырылатын болады», - деді Н. Тілеубаев.

Облыс әкімі Амандық Баталов оператор бөлмесін, өңдеу цехын аралап, дайын өнімді көрді. Мұндай жақсы көрсеткішке мемлекет қолдауының арқасында және қызылшашылар мен қант зауыты өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізілгенін атап өтті.

«Бүгін біз биылғы жылдың алғашқы қантын алдық. Бұл - біз үшін аса маңызды оқиға, ұзақ та қажырлы еңбектің көрсеткіші. Өзара ынтымақтаса атқарған жұмыстың нәтижесінде Алматы облысында биылғы жылы 6800 гектарға қант қызылшасы себілді. Шамамен 240-250 мың тонна өнім жинаймыз деп жоспарлап отырмыз. Одан мөлшері 24-25 мың тонна қант алынады. Бұл – жақсы көрсеткіш. Егіс айналымының талаптарын ескере отырып, қызылша алқабының көлемін жылдан жылға арттыратын боламыз. Яғни алынатын қант көлемі де өседі деген сөз. Өңдеу жұмысы кедергісіз жүру үшін алдағы уақытта Қарабұлақ, Алакөл, Ақсу қант зауыттарын да іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қабылданған кешенді шаралар Мемлекет басшысының халықты отандық қантпен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын абыроймен орындауға серпін береді деп ойлаймын. Ішкі қажеттілікті өтегеннен кейін одан әрі біз өнімімізді экспортқа шығаруға талпынатын боламыз», - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Өңір басшысы А. Баталов Н. Тілеубаевтың ұсынысы бойынша келесі жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қант қызылшасын өсіретін аудандарда облыс әкімдігінің көмегімен қант қызылшасын қабылдайтын пункттер ашылатынын айтты. Онда зауыт құрылтайшылары зертхана мен өлшеу құрылғыларын орнатпақшы. Қызылша өсірушілер өсірген тәтті түбірді қабылдау пунктіне әкеліп тапсырады, ал құрылтайшылар оны зауытқа өз күштерімен жеткізеді. Есептесу жергілікті жерде сол мезетте жүргізіледі. Сонымен қатар Көксу ауданындағы қабылдау пунктінде қабылдау ісін жылдамдатуға мүмкіндік беретін германиялық құрылғы қойылатын болады.

Зауытқа өнім әкелген шаруалар қант қызылшасын өсіру мен өткізу ісін жеңілдету бағытында енгізіліп жатқан жаңалықтарды естіп, ризашылықтарын білдірді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
446

Жалған хабарлама берген үшін қылмыстық жаза

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа өзгерістер мен толықтырулар жасалып, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енгені белгілі. Жаңа заңнамаларға енгізілген түбігейлі жаңа нормалардың негізінде бірнеше баптардың мазмұны мен төркіні қатаңдатып отыр. Кодекс тұжырымдарына сәйкес, қоғамға зиян келтіру қатерін туғызатын іс-әрекет,  қылмыс саналатын – экстремизм мен терроризм әрекеттері үшін де жауапкершілік күшейтілді. Жаңадан қабылданған заңнама бойынша Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау 273-бап болып өзгертіліп, шара ретінде алты жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады деп көрсетілген. Яғни, күшін жойған Кодекстегі «екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге әкеп соғады» деген бөлімдер алынып тасталғанын байқауға болады.

Терроризм актісі – қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, мемлекеттік органдардың, өзге мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету  немесе мемлекет, қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату және бұрыс деп есептеген іс-әрекеті үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға, ұйымдарға қарсы жасалатын немесе жасаймын деп  қорқыту әрекеті болып табылады.

Аталған қылмысты жасаған азаматтар немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың ата-анасы ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодексте көрсетілген жауапкершіліктен бөлек аталған құқыққа қарсы әрекеті үшін мемлекеттік органдарға келтірген залалын толық мөлшерде өтейді.

2016 жылдың көлемінде ОІІД-ті  Жедел басқару орталығының пультіне 2 жалған хабарлама түскен. Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында жалған хабарлама таратқан күдікті азаматтар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалып, тиісті шешім қабылдану үшін Қызылорда қалалық сотына жолданды.

Осыған орай, облыс тұрғындарынан өздерімен бірге жолға алып шыққан заттарға бас-көз болып, қараусыз қалдырмауды сұрай отырып, аталған іс-әрекеттер халық арасында үрей тудыратындығын еске саламыз.

Аталған қылмыстық іс-әрекет ауыр қылмыстар санатына жатқызылатынын ескере отырып, бүгінгі күні қолда бар заманауи техникалық құралдармен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген азаматтардың жүрген жерін және жеке басын анықтау ешбір қиындық туғызбайтынын білгені жөн.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
1
0
910

ЕРКЕК БОП ТУСАМ... (Сықақ өлең)

Еркек боп неге тумадым екен осы мен?
Жүрер ем бейқам, көңілдің ғана хошымен. 
Қалаған кезде ащы суменен достасып,
Табысар едім темекі деген досымен.

Қыдырар едім, алаңсыз күні-түнімен, 
Көшені кезіп, танысып қыздың түрімен. 
Ұнамай қалса, алғашқы түннен кейін - ақ, 
Лақтырып кетіп, жүрер ем басқа бірімен.

Бетінде жердің қыз көп қой, неден сасамын?
Табылмай жатса, агентімді ашамын. 
Басы бос қызға достық хат жолдап, содан соң, 
"Сүйемін, жаным, сені" деп тамыр басамын.

Құлақтан теуіп, сиқырлап алып сөзбенен, 
Мақсатқа жетіп тынамын ақыр көздеген.
Бұл өмір бізге бір ғана рет берілген,
Сондықтан, алға жүзсін деп тіле өз кемең...

...Осылай жасап жүрер ме ем еркек болғанда?
Жо-жоқ, достым, орын жоқ маған ол маңда!
Еркек боп тусам - түп-түзу жолмен жүрер ем,
Əй, бірақ, қыз боп құлпырған жақсы одан да!
Б.Альпиярова

☆☆☆
БҰЛ осыдан 5 жыл бұрын "Мэйл ру агент" деген атышулы бəленің дəуірі дүркіреп тұрған кезде жазған өлеңім. Сол атың өшкір "агенттің" арқасында асығып байға тиіп, тағдырдан таяқ жегеннің бірі - Өзім...

 
1
0
1751

ЭКСПО-2017-ге қатысуға «жасыл экономика» саласында үздік 100 әлемдік стартап іріктелді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан «Мұнай және газ, ақпараттық-талдау орталығы» АҚ #NEWENERGY global startup fest атты жаңартылатын және баламалы энергетика саласында стартап-жобалардың халықаралық байқауын өткізеді.

NEWENERGY global startup fest – Қазақстан үшін, сондай-ақ, әлемдік маңызды іс-шаралардың бірі, себебі төменде берілген шраларды жүзеге асыруға мүмкіндік беред.

Силиконды алқап, Тель-Авив университеті, ВР энергетикалық компаниясы, үлкен шетелдік бизнес-акселераторлардың өкілдері құрамына кіретін #NEWENERGY global startup fest байқауының халықаралық төрешілері а.ж. 27 қазанында негізгі кезеңде өздерінің өнертабыстарын көрсетіп және Астана ЭКСПО-2017-ге қатысуға мүмкіндік алу үшін күресетін баламалы энергетика және «жасыл экономика» салаларында ҮЗДІК 100 әлемдік стартаптарды таңдап алды.

Тәуелсіздік сарайында іс-шара өтетін күні байқаудың қатысушы-компанияларының ғана емес, сонымен қатар үлкен компаниялардың стенділерімен және көрсету алаңдарымен масштабты экспо-шоу ұйымдастырылады.

Таңдаулы жүздікке әлемнің 36 елінен стартаптар еніп отыр, соның ішінде Қазақстанның және т.б. (АҚШ, Норвегия, Ұлыбритания, Дания, Израиль, Германия, Франция, Австрия, Нидерланды, Түркия, Финляндия, Үндістан, Молдова, Португалия, Австралия, Ирландия, Болгария, Малайзия, Эстония, Ресей, Пәкістан, Швейцария, Латвия, Қытай, Италия, Иордания, Мысыр, Польша, Украина, Грекия, Сингапур, Әзербайжан, Сербия, Испания және Исландия). Қатысушы-компаниялардың арасында дамудың түрлі сатысындағы стартаптар бар.

Мысалға, АҚШ-тың қатысушылары SkyTran – NASA-мен ортақ зерттемелер жүргізіп жүр, ал Bohr Industries Pty Ltd австралиялық стартабы 6 айдың ішінде компания өз өнертабысын сата бастағанда тұрмыстық жағдайда қолдануға болатын қуаттылығы 1000 Ватт құрайтын жел турбинасын жасап шығарған.

Байқауға дайындық басталғаннан бастап бес құрлықтан және 50 елден 780 аса стартап-компаниялар қатысуға өтінімдер ұсынды – Исландия мен Ресейден Оңтүстік Африкаға дейін, АҚШ-тан Индонезия және Австралияға дейін. Өтінімдердің жартысынан аса жаңартылатын және балама энергия көздері саласында жобалар жүзеге асыратын компаниялардан келіп түсті (52%), сондай-ақ келесі категориялардан: ақылды қалалар және тұрақты инфрақұрылым (18%), энергия және экология (8%), жаңа энергия көздері (6%), су қорларын тиімді пайдалану (6%) және т.б.

Жоба бірыңғай демеушілердің қаражаттарымен жүзеге асырылады. ERG S.a.r.l. и Jupiter Energy компаниялары бас демеушілер болып табылады. Құрметті қонақтардың арасында мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары қатысуы күтілуде: ҚР Энергетика министрі, Астана қ. әкімі, ҚР Инвестициялар және даму министрі, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы.

#NEWENERGY global startup fest мыңнан аса қатысушы келеді деп күтілуде: бизнесті қолдаушылар, жетекші энергетикалық компаниялар, баламалы энергетика саласындағы сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және еліміздің жетекші бизнесмендері.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
500

Биыл Қарағанды облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы аясында 481 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 7 млрд. теңге, оның ішінде ҚР Үкіметінің арнайы қорынан 1,9 млрд. теңге бөлінді.

Осы қаражат есебінен 481 жобаны жөндеу жоспарлануда, оның ішінде 465 – инфрақұрылымдық жобалар, 16 – дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

Жөнделетін ғимараттардың 159 – білім беру, 103 – мәдениет, 22 – денсаулық сақтау, 56 – транспорттық инфрақұрылым, 8 – әлеуметтік қорғау, 9 – спорт, 108 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым нысаны және 16 – дәрігерлік амбулаторияның құрылысы болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 4948 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2520 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 164 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 2309 адам жұмысқа тұрды, оның ішінде 2309 адам – «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

 
0
0
350

ҚР АШМ өңірлерді дамытудың проблемалық мәселелері бойынша кеңестің қорытындысын шығарды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы Министрі А.И. Мырзахметовтың облыс әкімдіктерімен өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемалық мәселелері бойынша өткізген кеңес қорытындысы бойынша брифинг өткізілді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызқметі.

Айталық, ағымдағы жылдың 31 тамызынан бастап 21 қыркүйекке дейін Ауыл шаруашылығы министрімен іс жүзінде барлық облыс әкімдіктердің кеңестер өткізілді, 150-ден астам проблемалық мәселелер қарастырылды, оның 80-нен астамы бойынша нақты шешімдер қабылданды және бұл мәселелер кеңес отырысы барысында шешілді, қосымша пысықтауды талап ететін жүйелі сипаттатағы мәселелер бойынша, олар шамамен 70, Министрмен сәйкесінше тапсырмалар беріліп, хаттамаларға енгізілді және Министрліктің сәйкес ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелеріне орындалу үшін жолданды. Бұл тапсырмалардың барлығы Министрдің ерекше бақылауында.

Осылайша, мәселелердің көбісі, атап айтқанда шамамен 45-і ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді қозғайтын, бұл ЖАО мемлекеттік ветеринариялық құрылымдардың құқықтарын анықтау, құлақ биркалары мен ветеринариялық препараттардың жетіспеушілігі, ауру жануарларды алып тастау және көзін жою сомасының орнын толтыруға қосымша қаржыны талап ету және тағы басқа бойынша мәселелер. Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін ветеринария саласында облыс әкімдіктері мен Министрліктің сәйкес бөлімшелеріне тапсырмалар берілді, және олар ерекше бақылауға қойылды.

30-дан астам сұрақ мал шаруашылығы саласын, инвестициялық субсидиялауды және де басқада бірқатар бағыттарды қосымша қаржыландыру қажеттілігіне, сонымен қатар АӨК субсидияландыру механизмін жетілдіруге байланысты болды.

Олардың біразы кеңес кезінде шешілді және алынып тасталды.

Сонымен жекелеп айтқанда, әкімдіктерге 2016-2017 жылдарда экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шеңберінде, асыл тұқымды мал шаруашылығы дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға қосымша қажеттілік бойынша 2016 жылы соммасы 30,2 млрд.теңге болатын бюджеттік өтінім беріліп, ол толық көлемде мақұлданды, сонымен қатар, инвестициялық салым кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидяилау бойынша бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен қосымша шамамен 12,7 млрд. теңге бөлінетін туралы жеткізілді. Бүгінгі күні 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылданды, жақын күндері аталған бюджеттік қаражаттар аймақтарға жеткізілетін болады.

10 сұраққа жуық «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құзыретіне кірген, соның ішінде АӨК субъектілері үшін кредит бойынша аса көтерілген сыйақы мөлшерлемелері, кредиттеуге берген өтінімдерді ұзақ қарау бойынша, кредит беруге көп құжат тізімі туралы. Осылардың барлығы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басшыларына тиісті тапсырмалар берді, олар сондай-ақ хаттамаларға енгізілді және қазіргі уақытта Министрдің айрықша бақылауында.

Бұдан басқа батыс аймақтармен өткен селекторлық кеңестерде балық шаруашылықтарын дамыту проблемалық мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, кеңестің қатысушыларымен жер қатынастары, орман шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы және т.б., жалпы сипаттағы трансферттердің бағдарламалары бойынша, өңірлерді мамандандыру Схемасын пысықтау бойынша, қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығын дамыту бойынша, сүт пен жүн қабылдау пункттерінің жетіспеуі бойынша және басқа да көптеген сұрақтар бойынша бюджеттік қаражатты қолдану саласында заңнамасын жетілдіру сұрақтары қаралды.

Түйіндей отырып, жаңа форматтағы кеңестер енді тұрақты негізде Министрлікте өтетін болатындығын қосқым келеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов облыс өкілдерімен берілген кездесулері мәселелерді айтуға ғана емес, сондай-ақ бастысы шешімдер іздеуге бағытталған. Оның үстіне, бұл Министрлік пен жергілікті атқару органдары арасындағы тиімді ынтымақтастықты құруға түрткі болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
388

«Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және құқықтық сананы жоғарылату

2016 жылдың 15 қазанда ТДК-42 телеарнасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің, облыстық прокуратураның, Ішкі істер департаментінің, Қазақстан студенттер Альянсы және «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және құқықтық сананы жоғарылату» тақырыбында «Біз болмасақ кім болмақ» бағдарламасының  ток-шоуы өткізілді.

Ток-шоу барысында жастардың бойында кез-келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы және тағы басқа мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, телекөрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

   
0
0
662

АИТВ бар адамдарды РҚЕ-терапиясымен қамту көрсеткіші 2015 жылы 79%-ды құрады

15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы» Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдер тобының қатарына кіреді. Бұл туралы Алматыда «АИТВ: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында өткен бірінші Ұлттық конференциясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында АИТВ-ны диагностикалау, емдеу мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде халықтың осал топтары арасында АИТВ-ның таралуын шоғырланған сатыда ұстап тұру мүмкіндігі пайда болды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, елімізде АИТВ инфекциясы бар адамдар (әрі қарай – АБА) саны 17 726-ны құрады. Бұл «15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы» Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанның ауру көрсеткіші 0,18%-ді құрайтын елдер тобына кіруіне мүмкінік берді», - деп атап айтты Елжан Біртанов.

Ол Қазақстанның АИТВ-мен сырқаттанған пациенттер үшін ретровирусқа қарсы емдеуді (әрі қарай - РҚЕ) тегін (мемлекеттік бюджет есебінен) жүргізетін Орта Азиядағы бірден бір мемлекет екенін мәлімдеді.

Туберкулез, безгек және ЖИТС-пен күрес Жаһандық қорының қолдауымен ҚР ДСӘДМ ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу республикалық орталығы ұйымдастырған шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мишель Казачкин, ЮНЭЙДС Орталық Азия мен Шығыс Еуропа үшін аймақтық қолдау көрсету тобының директоры Патрик Салдана, Туберкулез, безгек және ЖИТС-пен күрес Жаһандық қорының Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша аймақтық менеджері Николя Канто, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардағы денсаулық сақтау басқармаларының, ЖИТС аймақтық орталықтарының, ҮЕҰ басшылары қатысты.

Конференция барысында Қазақстанда жүзеге асырылатын АИТВ инфекциясымен күрес шараларының тиімділігі талқыланды.

ҚР-дың табысы ортадан жоғары деңгейдегі елдердің қатарына енуіне байланысты донорлық көмек айтарлықтай азайтылды. Сонымен бірге, көптеген профилактикалық шараларды бюджеттік қаражат есебінен мемлекет қолдап отыр.  Атқарылған шаралар нәтижесінде елімізде АИТВ-ні емдеу саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. АИТВ бар адамдарды (әрі қарай - АБА) РҚЕ-терапиясымен қамту көрсеткіші 2005 жылғы 43%-дан 2015 жылы 79%-ға дейін артты. РҚЕ-терапиясы қолжетімділігінің артуы нәтижесінде ЖИТС-тан болатын АБА өлімі көрсеткішінің төмендеу тенденциясы байқалады. Бұл олардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан халқы үшін АИТВ-ға тестілеу барша тұрғындар үшін қолжетімді. АИТВ-ны анықтауға жыл сайын 2 млн-нан астам адам тестілеуден өтеді.АИТВ инфекциясы бар әйелдер мен олардан туған балалар ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес республикалық бюджет есебінен профилактикалық ем қабылдайды.

Конференция аяқталатын күні (13 қазан) 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «2030 жылға қарай АИТВ/ЖИТС індетін жою» тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге бағытталған шешімдері бар Қарар қабылданатын болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
457

Астанада «Astana Musical» музыкалық театры таныстырылды

Астанада «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Достар серті» мюзиклінің тұсаукесерімен салтанатты түрде ашылды. Бұл «Astana Musical» жаңа музыкалық театрының алғашқы қадамы, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Astana Musical» - еліміздегі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының негізінде құрылған тұңғыш мамандандырылған  мюзикл театры.  Спектакльде    жас актерлар  өнер көрсетеді. Жаңа театр замануи бағыттарға негізделіп, отандық мюзиклдердің бірегей репертуарының орталығына айналмақ.

«Бұл еліміз үшін маңызды оқиға. Ең алдымен, министрліктің бастамасы мен қолдауының арқасында аты аңызға айналған «Қазақконцерт» концерттік ұйымын сақтап қалдық. Қаншалықты қиын болғанымен, нәтижесінде сүйікті атауды сақтап, Астана қаласында бірегей ұйым құрдық. Бұл жерде 100 пайыз қазақстандық туындылар дүниеге келеді деп толықтай сенемін. Қазақстандықтарға Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай осындай сый жасау біз үшін құрмет» – деп атап өтті «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Салтанат Сейдімбек.

Мәдениет қайраткерлерінің пікірінше, «Қазақконцерт» елорданың  мәдени әлеуетін арттырып, еліміздегі театр қызметінің алуан  түрлі жанрын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Енді қазақстандық әртістер «Қазақстан» концерт залының мүмкіндігін пайдалана отырып, шеберлігін шыңдап, кәсіби біліктілігін арттыра алады.

Қойылымға жас әртістер,  Т.Жүргенов атындағы  өнер Академиясының жоғарғы курс студенттері мен түлектері қатыстырылған. Олардың барлығы бірнеше деңгейлі іріктеуден өтіп, өз рөлдерін алған. Әртістерді таңдаудағы басты талап: вокал, би және актерлік шеберлік болды. Мюзикл орындаушылары мен хоры «Академия солистов»  мемлекеттік камералық оркестрі мен Т.Жүргенов атындағы  өнер академиясының  «Big band» ансамблінің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқайды.

Мюзикл  желісі бойынша еліміздің әр өңірінен консерваторияға оқуға келген төрт жігіттің басынан кешкен  қызықты оқиғалары, жастық шақ,   достық  пен махаббат жайы баяндалады.

Оқиға 60-70-ші  жылдар кезеңінде өрбиді. Мюзиклға сол жылдарда   әйгілі болған,  қазақ музыкасының «алтын қорына» енген: Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев, «Дос-мұқасан» тобының әндері арқау болды.

Әлемдік музыканың  жауһарлары Франкель, Битлз  репертуарының шығармалары  орындалады. Сондай-ақ,  жаңа стилистикалық бағытта  жазылған  композициялар да бар. Либретто авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Бақыт Қайырбеков,  драматург – Әннас Бағдат. Қойылым музыкасын жазған  республикаға  танымал дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Артур Оренбургский. Мюзикл режиссері – Еслям Нұртазин.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
739