Өз идеяңызды үш минут ішінде қалай сатуға болады?
Маған жастар өз өніміңе қалай таныстырылым жасағаным және қалай жазғаным дұрыс деп жиі жазады. Мен талай рет көпшіліктің алдында сөйледім. Таныстырылым жасауда тәжірибе болса да, залда 5000-нан астам адам отырғанын көріп, тұла бойың дірілдеп, тынысың бітіп, адреналин ойнап тұрады. Бірақ менің бір сезетінім – сен залға арнап айтайын деген ақпаратыңды ғана ойламай, эмоциямен, харизмамен, әзіл қосып сөйлеуге тырысу керек. Басқа спикерлерден ерекшелену, қазылар алқасының көзіне түсу, тыңдармандардың жүрегін баурап алу – міне, біздің міндетіміз. Мен әдетте сөзімді былай бастаймын: Менің аты-жөнім - Арман Тосканбаев. Өкінішке орай, алдыңғы спикерлер сияқты менің дипломым жоқ, бірақ менің кәсіпкерлікпен айналысқаныма 10 жыл болды. Өз тәжірибем арқылы байқағаным: табысты болу үшін ғалым болудың қ…