Жасыл желек – қала көркі
А.ж. 13 қазанда «Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ негізінде «Бейбітшілік пен келісім үшін!» облыстық жастар акция-эстафетасы аяқталды.
Акция-эстафетаның негізгі мақсаты – жастардың бойына ұқыптылық, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін дарыту, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шараға Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Қ. Жапақов, «Жастар мен студенттердің еңбек жасақтарының облыстық штабы» ҚБ төрағасы В. Одинцов, «Жас Отан» ЖҚ төрайымы Ж. Жүнісова, сонымен қатар, «Жасыл ел» экологиялық жасақтарының сарбаздары, студенттер мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Акция-эстафета барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 25 жас қарағай отырғызылды.
Іс-шараға 60 адам қатысты.

