Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Студенттер бір күнде 20 тонна көкөніс жинады

"Серпін" бағдарламасы бойынша оқып жүрген  20 студент Павлодар ауданының Черноярка ауылында фермерлерге күзгі өнімді жинауға көмектесуде. Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының  студенті,серпіндіктер арасында бизнес және жастарды жұмысқа орналастыру  жөніңдегі сардар Оразалы Байманов белсенділік танытты.

Оразылы өзінің қатарластарын жұмысқа шақырып, демалыс күндерінде бірге еңбектенді. Ауарайының жауын-шашынды болуына байланысты жастар шаруа қожалықтарына өз көмектерін ұсынған. Фермерлер студенттерге тиісті еңбекақы төлейді. Айта кетерлігі, Павлодар ауданының фермерлеріне күзгі өнімді дер кезінде жинау үшін жұмысшылар саны жеткіліксіз болған. Осыған орай, студенттер екінші апта демалыс күндері тыңбай еңбектенуде.

 

Жастар бастамаларын дамыту орталығы ақпараттық техникалық бөлімінің жетекшісі Дархан Шуреновтың айтуынша, жастар ауыр жұмыстан қашпай, керісінше көмектерін беруге әзір.

- Таңертеңгі сағат сегізден бастап кешкі төртке дейін жастар алқаптарда картоп пен сәбіз жинайды. Осы жолы 20 тоннаға дейін көкөністерді бір күннің ішінде жинап үлгерді. Фермерлер болса, студенттердің әр қайсына 3000 теңге төлеп, қосымша жатаханаларына көкөністер берілді,-дейді Дархан Шуренов.

 
0
0
1682

Осы тақырып бойынша

Студенттер бір күнде 20 тонна көкөніс жинады - Yvision.kz