ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Құқық қорғау қызметін бағалаудың басты критерийі – халықтың сенімі

А.ж. 14 қазанда Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасында жергілікті полиция қызметімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тетіктері туралы» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық мәдениетін және және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Кездесу барысында М. Ахметқалиев: «Тек сыбайлас жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті»,  –  деп өз ойымен бөлісті, ал,  А. Жаналинов сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу соңында Департаменттің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іс- шараға 60  адам қатысты.

Департамент госслужбы