Қандай такси қызметіне жүгінген жөн?
Қала өмірін таксисіз елестету мүмкін емес. Қазір Астанада қызмет көрсететін такси жүйелері көп. Бірақ қарапайым халық үшін олардың қайсысы тиімді?
Бүгінде такси қызметінің бірнеше түрі бар: жол-жөнекей ала кететіндер, интернет желісі арқылы тапсырыс қабылдайтын және арнайы қоңырау шалу арқылы шақырылатын ресми таксилер.
Бұл жазбада қоғам арасында кең қолданысқа ие «inDriver» мобильді қосымшасына толығырақ тоқталайық.
InDriver – қалааралық, жолаушылар және жүк тасымалдау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интернет-агрегатор. InDriver-ге қосылу оңай – ұялы телефон, смартфоныңызға қосымшаны жүктеп, тіркелуден өтсеңіз болғаны. Аталмыш мобильді қосымша Android, IPhone, Windows Phone пайдаланушыларына қол жетімді.

Елімізде бұл жүйе жылдам таралды. Бастапқыда inDriver-мен елордалықтар ғана қолдана алса, қазіргі уақытта оны 15-тен аса қаланың тұрғындары пайдаланады. Осы орайда "InDriver-дің артықшылығы неде?" деген сұрақ туындайды.
Біріншіден, inDriver таксилерінің бағасы төмен. Қызмет құнын өзіңіз белгілейсіз. Дәстүрлі такси қызметін пайдаланумен салыстырғанда, ақшаңызды 30-50%-ға дейін үнемдейсіз.
Екіншіден, уақытты үнемдеу. Интернет арқылы тапсырыс жасаған соң картада жақын маңайдағы көліктер шығады. Онда жүргізушінің аты-жөні, машина маркасы, рейтингі көрсетілетін болады. Өзіңізге керегін таңдап, жүргізушімен тікелей байланысқа шығасыз. Такси қызмет көрсету орталықтарына хабарласып, бос көлік іздеудің, диспетчердің қоңырауын күтудің еш қажеті жоқ.

Үшіншіден, қосымшаның көп функционалдығы. Машинада автокресло, кондиционердің болуы, жолдан басқа жерге соғу, жүк тасымалдайтын көлік немесе микроавтобус жалдау, қаларалық тасымал және т.б. Тапсырыс беру барысында өзіңізге қажетті критерийлерді белгілей отырып, межеленген жеріңізге ыңғайлы да, жылдам жетесіз.

(Суреттер ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі InDriver-дің ресми парақшасынан алынды)
InDriver-дің ең басты артықшылығы - қауіпсіздік. Сіз жүргізушінің аты-жөнін, жасын, машинасының маркасы мен нөмірін, жасаған тапсырыстар санын көре аласыз. Сондай-ақ, басқа да жолаушылардың берген бағасына қарай таксистті таңдау мүмкіндігіне ие боласыз.
InDriver-ді смартфоныңызға жүктеп, алаңдамастан қолдана беріңіз. Ол тексерілген, әрі тиімді такси жүйесі. Бас қаламыздағы басқа да такси жүйелері жайлы келесі жазбаларда.
