Ауылдық округына сапар
Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті 18 қаңтар күні жұмыс сапарымен Аққайын ауданының Ленинск ауылында болды. Партиялықтар ауыл әкімімен, «Ностальжи» шығармашылық ұжымымен кездесті. 390 үйі бар Ленинск ауылында 1158 адам тұрады. «Дастархан» және «Қызылжар» деген екі кафе, жиһаз жасап шығаратын «Тлеубаев» ЖК және халыққа отын дайындап сатумен айналысатын «Айтбаев» ЖК жұмыс істейді. Күндізгі стационарға арналған 10 төсек-орны бар дәрігерлік амбулатория бар. Ол Аралағаш, Рублевка, Амангелді, Дайындық ауылдарын қосқанда жалпы 3 мың адамға қызмет көрсетеді. Амбулатория заманауи құралдармен жабдықталған. ЭКГ, тіс кабинеті, физиокабинет жұмыс жасайды. Амбулаторияда жалпы тәжірибелі дәрігер, акушер, тіс дәрігері, фармацевт, лаборант және басқа да мамандар жұмыс істейді. Амбулаторияда жедел жәрде…



