ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – қоғамның мақсаты

А.ж.  13 қазанда «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұжымында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты.

Семинар барысында Департаменттің өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, оның алдағы он жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жүргізу тәртібімен таныстырды.

Кездесу соңында А.Жаналинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іс шараға 30 шақты адам қатысты.
Департамент госслужбы