Мазмұнға өту

Жаңа

Садовый ауылындағы кездесу

А.ж. 24 қарашада Бірінші институттық реформаны ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 2016 жылға арналған желілік жоспарды орындау аясында Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев Зеренді ауданының «Садовое» ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесудің мақсаты – Мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын, мемлекеттік қызметтің имиджін және халықтың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттыру. Өңір тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Кездесу барысында ауылдық округтің тұрғындарына 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»…

0
0
210

«Адал жол – Честный путь» Зеренді ауданында

А.ж. 22 қарашасында Сандықтау ауданы «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасын  Зеренді ауданына тапсырды.

Эстафетаны Зеренді ауданына тапсыру салтанатына  Сандықтау ауданының әкімі А. Исмағамбетов, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары  А. Хамиев,  Сандықтау ауданының құрметті азаматтары, аудандық қызметтер мен ведомстволардың басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мектеп оқушылары және т.б. қатысты.

Іс-шараға 95 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
237

Әрқашан адал болу оңай ма?

А.ж. 21 қарашада Сандықтау ауданында «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Нұр Отан» партиясының, мемлекетік қызметкерлердің, құқық қорғау органдарының, депутаттар мен жастардың қатысуымен «Әрқашан адал болу оңай ма?» атты сұхбат алаңы өтті. Сұхбат өте тағылымды, берері мол еркін форматтағы әңгімемен өрбіп отырды.

Сұхбатка 25 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
736

Ашық есік күні

А.ж. 21 қарашасында «Нұр Отан» партиясының Сандықтау аудандық  филиалында «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Сандықтау балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Ашық есік күні өтті. Кездесу барысында балалар ҚР  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен танысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың  кез-келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттары бойынша түсініктеме алды.

Кездесуге 15 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
258

Футзалдан жарыс қорытындылары

А.ж. 19 қарашасында Сандықтау ауданының Балкашино а. спорт кешенінде «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында аудан мекемелерінің арасында футзалдан жарыс өтті. Жарысқа 6 команда қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша 1 орынға ХҚКО, 2 орынға АІІБ және 3 орынға БЖСМ қызметкерлері ие болды.

Жарысқа 80  адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
241

Астанада Жанқош, Қанат және Геннадийдің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтуі мүмкін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровпен кездесіп, Алматыда өткен бокс кешіндегі жеңісімен құттықтады және министрлік атынан арнайы естелік сыйлық табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алматыда өткен айқаста ганалық Айсак Ариемен өткізген жекпе-жегіңде жергілікті жанкүйерлеріңе керемет көңіл күй сыйладың. Біз ел мерейін асырып жүрген сендер сияқты мықты спортшыларымызбен мақтанамыз», - деді министр. Сондай-ақ, кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Алда ЭКСПО келе жатыр. Осыған орай Астанда бір кәсіпқой бокс кешін өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыған дейін, Геннадий Головкин, Қанат Исламмен кездесіп, осы тақырыпта әңгіме өрбіткен болатынбыз. Бүгін сенімен де осы тақырыпта ақылдассақ деген оймен арнайы шақырдық», - деп ат…

0
0
391

Шымкент қаласында қала шеберлерінің шығармашылық көрмесі өтуде.

Оңтүстік Қазақстанда Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралар жалғасуда. Бүгін Әл-Фараби алаңында Оңтүстік суретшілері мен қолөнершілерінің шығармашылық көрмесі өтті. Жәрмеңкеде суретшілердің, зергерлердің, тері илеушілердің және тоқымашылардың, басқа ұлттық қолөнершілердің жұмыстары кеңінен ұсынылды. Жұмыстардың бірқатар бөлігі тәуелсіздіктің жетістіктеріне арналған. «Бейбітшілік және еркін өмір сүру шығармашылық үшін үлкен мүмкіншіліктерді ұсынады, әрбіреуі өзінің таланттарын және шеберлігін өмірге алып келе алады және жүзеге асыра алады», - деп айтады Шымкенттің атақты суретшісі Болатбек Бейсбеков. Шеберлердің көрмесі «Ұлы дала мемлекеті – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы бағдарламасының конкурсынан тыс өткізіледі. Қала тұрғындары ұсынылған жұмыстарға үлкен қызығушылық…

0
0
245

БҚО Статистика департаментінің ұжымымен кездесу

Ағымдағы жылдың 28 қараша күні күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінде «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар кеңесте Департаменттің сыбайлас жемқорллық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Төлепқалиев елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда жүргізіліп жатырған кешенді жұмыстарды атап өтіп, өткен жылдармен салыстырғандағы нақты статстикалық көрсеткіштерге тотқталды. Сондай-ақ, статистика депаратаменті құқықтық басқармасының басшысы Л.А.Тургалиева департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған шаралар туралы баяндама жасады. Семинар кеңеске мекеме ұжымы және БҚО Статистика департаменті жанын…

0
0
438

Жоғарғы Сот республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды белсенді іске асыруға кірісті

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырысты өткізді. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас Прокуратураның, Әділет, Қаржы, Энергетика министрліктері мен Ұлттық Банктің өкілдері қатысты. Жалпы отырыстың жұмысын аша келе, Қайрат Мәми отырысқа қатысушылардың назарын республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысы айқындаған құқықтық айқындылық деңгейін арттыру, тұрақты әрі болжамды сот практикасын қалыптастыру міндеттерін іске асыру қажеттігіне аударды. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары дәл осы міндетті шешуге бағытталып отыр. Оны әзірлеу барысында, ең алдымен, қолданыстағы сот практикасы талданады және соттардың құқық нормаларын біркелкі қолдану бойынша тәсілдері пысықтал…

0
0
523

2016 жылдың 10 айында Қызылорда облысы көлемінде 776 алаяқтық қылмысы тіркелген

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Орталық коммуникациялар қызметінде «Тұрғын үй, жер алу және өзге де мәселелер бойынша алаяқтықпен қозғалған қылмыстық істер және алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Тұрсекеев Ғани Асанұлы қатысып, өңірімізде тіркелген алаяқтық қылмыстарын талдап берді. 2016 жылдың 10 айында Қызылорда облысы көлемінде 776 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 37,9 пайызға азайған. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 64,4 пайызы немесе 479 ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды. Тіркелген алаяқтық қылмыс…

0
0
1111